“Тұлғаны таны” интеллектуалдық сайысы
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында осындай кемеңгер тұлғалардың ерлігін дәріптеу мақсатында 6-7 сынып оқушыларымен “Тұлғаны таны” интеллектуалдық сайысы өтті.
ІІІ кезеңнен тұратын сайыста оқушылар тарихи оқиғалар, мерзімдер, ғалымдардың олар туралы айтқан пікірлері арқылы жасырын тарихи тұлғаны анықтай алды.
Облыстық "Жарқын болашақ" олимпиадасының жүлдегерлері
Облыстық “Жарқын болашақ” олимпиадасында гимназия оқушылары жеңімпаз бен жүлдеген атанды. "Сөз шеберлері” бағытында Партияқызы Арайлым 1 орын, “Жас қаламгер” бағытында Ахметова Айдана 2 орын, “Білгірлер бәйгесі” бағытында Калмахан Жасмин 2 орын. Мұғалімдері Аймағамбетова Бакыт Жумабаевна, Алепарова Райгүл Токановна, Нургалиева Дария Амантаевна. Олимпиадаға баптаған жетекшілерін және оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
«Мақал - сөздің мәйегі» атты сайысы
Ата-бабамыздан қалған осындай өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту мақсатында 5-сыныптар арасында «Мақал - сөздің мәйегі» атты сайыс өткізілді. Оқушылар сайысқа белсене қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар қортынды әдеби кеште марапатталады.
Гуманитарлық пәндер апталығы
24 сәуір күні «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбында гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығының ашылуы оқушыларға мерейтой иелері М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров сынды ғұламалардың өлеңдерін оқытып, қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы – күй өнерінің сыңғырлаған үнімен басталды.
ЖМБӘБ апталығының қорытындысы
Жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқыту апталығы дәстүрлі түрде "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды ойынымен қортындыланды. 8-11 сынып оқушыларынан құралған "Білгіштер" командасы, гимназия оқушылары, түлектері қойған сұрақтарға дәлелді жауап беріп, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ апталықта белсеңділік танытып сайыстарға қатысқан оқушылар марапатталды.
"Жайдарлы мектеп" атты КТК ойыны
Оқушылардың шығармашылық, әрі тапқырлық қырларын дамыту мақсатында гимназяда 5-9 сыныптар арасында "Жайдарлы мектеп" атты КТК ойындары өтті. Оқушылар ойынға белсене қатысып,өнер мен тапқырлықты көрсете білді.
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада қорытындысы
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 10-сынып оқушысы Амангелді Нұрәділ Қола медальға ие болды және 10-сынып оқушысы Каиржанова Аида Құрмет грамотасымен марапатталды. Бірнеше жылдар бойы республикалық деңгейде ағылшын тілі пәнінен олимпиада және ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындап жүрген ұстаз Нургалиева Салтанат Еркиновнаға алғыс білдіреміз. Бірнеше жылдар бойы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада және ғылыми жобалар конкурсының, оқулардың жеңімпаздары
«Travel in the world of informatics» интеллектуалдық ойыны
Жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында 9а мен 9ә сыныптар арасында информатика пәнінен «Travel in the world of informatics» интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойынның қорытындысы бойынша 9ә сынып командасы жеңімпаз атанды.
STEM олимпиадасы
Жаратылыстану-математикалық пәрдерді ағылшын тілінде оқыту әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында STEM олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша:
1 орын "Тұлпар" командасы - 9а сынып;
2 орын "Brawl tawn" командасы - 8ә сынып;
3 орын "Қыран" - 8а сынып және "ХY" - 9ә сынып командалары ие болды.
"Super biologist" интеллектуалдық ойын
Жаратылыстану-математикалық пәрдерді ағылшын тілінде оқыту әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында 7-10 сыныптар арасында биологиядан "Super biologist" интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойынның қорытындысы бойынша Саду Дария "Super biologist" номинациясын ұтып, Балжанова Айзере, Базарбаева Даяна 2 орын, Салих Ақбота 3 орын иемденді.
Химияның ғажайып әлемінде
Жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында химия пәні мұғалімі Галия Ермековна оқушыларға түрлі қызықты тәжірибелер көрсетті.
"Lesson study" тәсілі бойынша бірлескен зерттеу жұмысы басталды
"Lesson study" тәсілі бойынша бірлескен зерттеу жұмысы басталды. 17 сәуірден бастап 4а, 4ә сыныптырында сабақты зерттеу жүргізіледі. Зерттеу оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагогикалық тәсіл. Қазақ тілі және математика зерттелетін пәндер ретінде таңдалды. Қосымша сынып жетекшілер мен мектеп психологі сауалнама алады. Зерттеу қорытындысы бойынша ұжым алдында есеп береді.