Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
"Бір шаңырақ астында" атты қалалық мәдени-танымдық сайыс
28-02-2015 09:03
27 ақпан күні Ақсу қаласы Балалар шығармашылық үйінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған "Бір шаңырақ астында" атты 6-8 -сыныптар арасында қалалық мәдени-танымдық сайыс өткізілді. Татар халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнерінен үздік білім көрсеткен гимназияның 6"ә"-сынып оқушылары жүлделі І орынды жеңіп алды. Cынып жетекшісі Дария Амантайқызы Нургалиева. Құттықтаймыз!
ҰОС ардагері Джамалбаев Сағат Жаналақұлы
28-02-2015 07:11
ҰОС ардагері Джамалбаев Сағат Жаналақұлы
Адамзат өмірінде өшпес із қалдырған, жүрегінде басылмас сыз қалдырған Ұлы Отан соғысының бүгінгі бейбіт өмір сүріп жатқан әрбір отбасына қатысы бар деуге болады. Өйткені әрбір жанұяның арғы атасы, атасы не әкесі осы соғысқа қатысқан. Шырт ұйқыда жатқан бейбіт халықтың тыныштығын зеңбірек гүрсілімен, ашулы ұшақ ызыңымен, танкілердің дүрсілімен бұзып, адамзатқа қайғы әкелген бұл соғысқа менің атам, Джамалбаев Сағат Жаналақұлы Отан қорғауға аттанып кетеді.
«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Ақсу өңірінің тумасы, ҰОС ардагері Ілияс Оспанұлы
27-02-2015 06:30
«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Ақсу өңірінің тумасы, ҰОС ардагері Ілияс Оспанұлы
«Отан үшін күрес- ерге тиген үлес» жалғанның жартысындай жасыл жазира даласын ғасырлар бойында шекарасына қамал қорғандар салмай-ақ жалаңтөс батырлары жанпидалықпен қорғай білген. Қазақтың тарихи көшін әрқилы кезеңде бастаған көреген көсемдерінің, айбатты батырларының ел қорғаудағы аңызға айналған ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге-үлгі. Отансүйгіштік және «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» тенденцияларының түп тамыры этникалық тектіліктің көрсеткіші.
2014-2015 у жылының 23-28 ақпан күндері аралығыда өтетін бастауыш сыныптар ӘБ апталығының жоспары
26-02-2015 10:20
2014-2015 у жылының 23-28 ақпан күндері аралығыда өтетін бастауыш сыныптар ӘБ апталығының жоспары
2014-2015 у жылының 23-28 ақпан күндері аралығыда өтетін бастауыш сыныптар ӘБ апталығының жоспары
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘН БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ. 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ
26-02-2015 09:50
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘН БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ. 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ
Гимназияда 2015 жылдың 19-24 қаңтар аралығында жаратылыстану пәндерінің апталығы өтті. Апталықта іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілді. 20 қаңтар 10-сыныпта «Металдар тақырыбына жалпы шолу» химия сабағы өтті. Пән мұғалімі Ерхасова Қ. Б., экономика пәнінен 8-11сыныптар арасында олимпиада өткізілді, пән мұғалімі Сыздыков А.Ж. Іріктеу турынан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар: Қабылда Әлібек, Успанова Айгерим 11сынып, Асқарбек Әділ 10 сынып, Болатбай Әділ 8 сынып.
Республикалық ғылыми жоба сайысының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
23-02-2015 11:28
Республикалық ғылыми жоба сайысының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2015 жылғы ақпанның 18-21 күндері аралығында Алматы қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Осы конкурсқа гимназиядан 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарды иеленді: 11 сынып оқушылары Успанова Айгерім, Амиргалиева Мадина ІІ орын, Жолдас Азамат ІІІ орын. Жетекшілері: Сыздыков А. Ж. 10 сынып оқушысы Ибрайкина Айсара Дарын грамотасымен марапатталды. Жетекшісі: Дүйсембаев Ә.К. Құттықтаймыз!
Шахмат бойынша оқушылардың облыстық спартакиадасы
23-02-2015 08:53
Шахмат бойынша оқушылардың облыстық спартакиадасы
2015 жылдың ақпанның 13-і мен 15-і күндері аралығында Павлодар қаласындағы Шахмат үйінде шахмат бойынша оқушылардың облыстық спартакиадасы өткізілді. Біздің гимназияның құрама командасы ІІІ орынға ие болды. Қоманда құрамы: Таупыков Әділхан, Темиржанов Алдияр – 9ә сынып, Сухотерин Эльдар – 9а сынып және Кабдиева Айсана - 10 сынып оқушысы. Құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!
Қалалық мектептер арасында баскетбол жарысы өтті
21-02-2015 08:29
Қалалық мектептер арасында баскетбол жарысы өтті
2015 жылдың ақпан айының 9-і мен 12-сі күндері аралығында Ақсу қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы, Ауған соғысының 26 жылдығына орай қалалық мектептер арасында баскетбол жарысы өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша гимназияның ұлдар құрама командасы ІІІ орынға иеленді. Жаттықтырушысы Мухитова Айсұлу Бөкенбайқызы. Құттықтаймыз!
«Үздік білім беру бағдарламалары және әдістемелік әзірлемелер» сырттай байқауы
21-02-2015 04:46
«Үздік білім беру бағдарламалары және әдістемелік әзірлемелер» сырттай байқауы
12.12.14 - 23.01.2015 аралығында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Балалардың азаматтық белсенділігін тәрбиелеу» тақырыбында «Үздік білім беру бағдарламалары және әдістемелік әзірлемелер» Республикалық сырттай байқауы өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бекбасова Бахтула Шариповна І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге.
19-02-2015 11:34
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге.
2015 жылдың 12 ақпан күні гимназия кітапханасында «Ең үздік оқырман сынып» сайысы өтті. Сайысқа 6-7 сынып оқушыларынан құрылған 4 команда қатысты. Әр топ өз білімдері мен тапқырлығын жазушылар мен олардың шығармаларын сәйкестендіру, ертегілер туралы берілген тапсырма бөлімінде көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша әр кезең бойынша өз алғырлықтарымен көзге түскен, 7 «ә» сынып оқушылары жеңіске жетті.
Қалалық қысқы көпсайыс спорт түрінен жарыс өткізілді
16-02-2015 10:45
Қалалық қысқы көпсайыс спорт түрінен жарыс өткізілді
2015 жылы 11-қараша күні Дене шынықтыру және Алғашқы әскери дайындық мұғалімдері арасында қалалық қысқы көпсайыс спорт түрінен жарыс өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша алғашқы әскери дайындық мұғалімі Джамалбаев Мейрам Сағатұлы және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дембельбаев Нұржан Арыстанбекұлы ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Мейірімділік пен махаббат онкүндігі
13-02-2015 09:24
Мейірімділік пен махаббат  онкүндігі
Ақпан айының 2 мен 12 аралығында гимназияда дәстүрлі «Өзін-өзі тану: Мейірімділік пен махаббат педагогикасы» атты онкүндік өткізілді. Онкүндік 2 ақпан «Мейірімділікке бастар ғажайып әлем» атты концерттік бағдарламасымен басталды. Сондай-ақ онкүндік барысында бастауыш сыныптар арасында «Жылы жүрек-жақсы тілек» атты адамгершілік сағаттары, мәнерлеп өлең оқу және суреттер байқауы өткізілді.