Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Менің шағын Отаным» облыстық конкурсының жүлдегерлері
17-10-2023 18:11
«Менің шағын Отаным» облыстық конкурсының жүлдегерлері
«Менің шағын Отаным» жас тарихшылар облыстық зияткерлік конкурсында «Шағын Отанымның символы» номинация бойынша 10-сынып оқушысы Жиенхан Сая І орынға; «Менің шағын Отанымның тарихы » номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Ахметова Айдана және «Менің туған өлкем» (эссе жазу) номинация бойынша 10-сынып оқушысы Кайыргалым Жансұлу ІІІ орынға ие болды.
Қаныш Сәтбаевтың туған жеріне саяхат
16-10-2023 18:32
Қаныш Сәтбаевтың туған жеріне саяхат
Ғасыр данасы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы қарсаңында гимназия оқушылары ғалымның туған жеріне саяхаттап, мұражайына барып қайтты. Мұражай қызметкерлері мол мұрағатқа жиналған ғалымның өмірі мен еңбек жолымен,ұрпақтарының өмірбаянымен таныстырып, мәжіліс залында шағын дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар ғалымның жеке заттарын, жұмыс құралдарын көріп, мол мұрасынан тағлым алды.
"Ақберен" байқауындағы жүлделер
13-10-2023 18:41
"Ақберен" облыстық байқауында 11-сынып оқушысы Каиржанова Аида 2-орынға және 10-сынып оқушысы Амангелді Ералхан 2-орынға ие болды. Жетекшілері Ақмарал Еркінқызын, Самал Сансызбайқызын және Аида мен Ералханды жүлделерімен құттықтаймыз!
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
06-11-2023 12:39
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
06-11-2023 12:37
Ұлттық құндылықтар – еліміздің орасан зор интеллектуалдық байлығы және жалпы адамзаттық құндылықтардың, халықтардың мәдени-адамгершілік дәстүрлерінің, ұлттық жасампаздық процесінің сарқылмас қоры. Ұлттық құндылықтар патриоттық сезімдерден, өз халқына, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген мақтаныш сезімінен, өз ұлтының өкілдеріне жанашырлық сезімдерінен көрінеді және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ең маңызды қозғаушы күш болып табылады.
«ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
06-11-2023 12:35
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережесі, сондай-ақ білім беруді ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау бойынша ғылыми ұсыныстар негізінде әзірленді.
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы
06-11-2023 12:32
Адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы жүзеге асырылады. Жоба еңбек адамының мәртебесін көтеруге, еңбек культін дәріптеуге бағытталады. Жоба шеберінде білім алушылардың кәсіптік бағдарын анықтауға қолдау көрсетуді, өз міндетін адал және жауапкершілікпен атқаруға баулуды және еңбек адамын құрметтеуге үйретуді көздейді.
Облыстық балалар оқуларындағы жүлде
12-10-2023 14:10
Облыстық балалар оқуларындағы жүлде
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы аясында Республикалық балалар оқуларының облыстық кезеңі өтті. 10-сынып оқушысы Партияқызы Арайлым 3-орынға ие болды. Жетекшісі Райгүл Тоқанқызы мен Арайлымды құттықтаймыз!
Облыстық "Жас экорепортер" конкурсы
11-10-2023 18:05
Облыстық
Облыстық "Жас экорепортер" конкурсында гимназияның 10-сынып оқушысы Жалешева Айым І орынға ие болды. Жетекшісі Гүлден Нұрмахамбетовна мен Айымды құттықтаймыз!
Ардагер ұстазымыздың марапаты
10-10-2023 18:55
Ардагер ұстазымыздың марапаты
Ардагер ұстазымыз Рымкеш Хамитовна Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Ұстазымызды марапатымен құттықтай отыра, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Мереке құтты болсын!
Қос ұстазымыз ұстаздар күніне орай марапатталды!
10-10-2023 18:40
Қос ұстазымыз ұстаздар күніне орай марапатталды!
Физика және информатика пәнінің мұғалімі Атик Бибигуль Васильевна қала әкімінің Құрмет грамотасымен, тарих пәнінің мұғалімі Идрисова Инкар Нышановна қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ұстаздарымызды марапатымен құттықтаймыз!
Ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
10-10-2023 18:17
Ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
Директордың оқу әдістеме жөніндегі орынбасары Аккентаева К.М. Оқу-ағарту министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен және Алғыс хатпен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Джамалбаева С.С. Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, орыс тілі мұғалімі Ибрайкина К.М. Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен, технология пәнінің мұғалімі Иргебаев А.М. Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.