Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Гимназия президенті ант қабылдады
26-10-2017 16:21
Гимназия президенті ант қабылдады
2017 жылдың 25 қазан күні гимназияда өзін-өзі басқарудың президенті салтанатты түрде ант қабылдады. 16 қазан күні 243 дауыс беруші қатысысқан сайлаудың нәтижесінде «Мектеп президенті» лауазымына дауыс берушілердің 60% даусын жинаған 9 «а» сынып оқушысы Ұзақбай Нұрайым сайланған болатын.
Рухани жаңғыру мақаласын жүзеге асыруға байланысты өткізілетін тәрбие сағаттарының тақырыптары:
25-10-2017 17:37
Рухани жаңғыру мақаласын жүзеге асыруға байланысты өткізілетін тәрбие сағаттарының тақырыптары: 1.«Жанымда жүр жақсы адам»  табысты адамдармен, түлектермен кездесу 2.«Әр мек...
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру
25-10-2017 17:35
География пәнінен VII облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
23-10-2017 13:29
География пәнінен VII облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2017 жылғы 19 қазан күні Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде география пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Дарганбеков Жомарт Құрмет грамотасымен марапатталды. Жомартты және оны дайындаған мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевнаны құттықтаймыз.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жоспары 2017-2018 оқу жылы
17-10-2017 14:09
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жоспары, 2017-2018 оқу жылы
2017 жылдың ең ақылды оқушысы Ақсу гимназиясында оқиды
16-10-2017 10:19
2017 жылдың ең ақылды оқушысы Ақсу гимназиясында оқиды
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту Қоры жариялаған «Кім білгіш?» зияткерлік-танымдық ойыны бойынша 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында республикалық on-line турнир өтті. 2017 ж. 13 қазан күні Астана каласында турнирдің қорытынды кезеңі өтті. Турнир нәтижесі бойынша біздің гимназияның 11 сынып оқушысы Боранбай Бихан жеңімпаз атанып, I дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!
«Жылдың үздік психологі» облыстық конкурсының жеңімпазы
15-10-2017 07:16
«Жылдың  үздік психологі» облыстық конкурсының жеңімпазы
2017 жылғы 10 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурс қорытындысы бойынша гимназияның психологі Шаймарданова Назигуль Тусуповна І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Биология пәнінен VII облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
14-10-2017 16:40
Биология пәнінен VII облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2017 жылғы 5 қазан күні Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында биология пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 8-сынып оқушысы Успанова Аймира Құрмет грамотасымен марапатталды. Аймира мен ұстазы Үміт Кабиденқызын құттықтаймыз.
Гимназия шәкірттері Латын әліпбиін талқыға салды
14-10-2017 16:26
Гимназия шәкірттері Латын әліпбиін талқыға салды
Өткен аптада гимназия қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасында орын алған Латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті. Жиынға мұғалімдер мен 8-сынып оқушылары қатысып, латын әліпбиіне көшу мәселесін қызу талқылады. Ал осы апта да бұл мәселені 9 сыныптар талқыға салды. Дөңгелек үстел барысында Қазақ елі қолданған әліпбилер туралы зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.
«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ – 2017» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ НОМИНАНТЫ
04-10-2017 16:48
«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ – 2017» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ НОМИНАНТЫ
2017 жылғы 13-19 қыркүйек аралығында мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы «Жыл мұғалімі – 2017» облыстық конкурсын өткізді. Гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна конкурсқа қатысып, "Ізденімпаз "номинациясына ие болды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
Тоғызқұмалақ тартысы
04-10-2017 16:20
Тоғызқұмалақ тартысы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақсу қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 30-қыркүйек күні Иман Жүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында тоғызқұмақ турнирі өтті. Турнирінің қорытындысы бойынша гимназия оқушылары 3-ші орынға ие болды. Команда құрамы: 5 сынып оқушылары Төлеу Әлихан, Исабекова Дәмелі, 3 сынып оқушылары Шахмет Арнұр, Дәуітбек Арнұр және Көпжанова Аружан.
Гимназияда «Сұлтанмахмұт оқулары» өтті
24-09-2017 16:39
Гимназияда «Сұлтанмахмұт оқулары» өтті
Алаш арысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына орай гимназияда «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты Сұлтанмахмұт оқулары ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» жас ақындар мүшәйрасында І орын – 7-сынып оқушысы Бердембекқызы Ә., ІІ орын – 7-сынып оқушысы Садыбеков Ж., ІІІ орын – Сайыпова Ә. бұйырды. «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған» номинациясы бойынша І орынды – Шакбекова Д. ...