Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Жасыл - яғни үнемді»
24-11-2017 05:22
«Жасыл - яғни үнемді»
Бастауыш сыныптарда жаппай «Жасыл-яғни үнемді» атты сынып сағаттары өтуде. Оның мақсаты оқушы бойында экологиялық мәдениет пен табиғи ресурстарды тиімді пайдалана білу ұғымын қалыптастыру, қазіргі кезде өзекті болып отырған қоршаған ортаның ластануы мен табиғи ресурстардың сарқылуы мәселесіне оқушылар назарын аудару.
Құқықтық сауаттылық – заман талабы
23-11-2017 13:57
Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Республикалық «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі аясында мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Кішкентй баланың-үлкен құқықтары» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Қатысушы 6,7 сынып оқушылары бала құқығын қорғайтын заңдармен таныса отырып, суреттер мен бейнелер арқылы өздерінің құқықтарын анықтауға атсалысты.
"Сенім 111" бүкіл қазақстандық сабақ өткізу туралы.
24-11-2017 06:51
"Сенім 111" бүкіл қазақстандық сабақ өткізу туралы.
БАЛАУСА ГАЗЕТІ, №1, 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ
16-11-2017 14:42
Гимназия оқушыларына таратылатын газет, №1, 2017-2018 оқу жылы /тоқсанында бір рет шығарылады/
«Педагогикалық бастамалар» облыстық фестивалі
11-11-2017 04:54
 «Педагогикалық бастамалар» облыстық фестивалі
2017 жылғы 9 қарашада Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар қаласындағы облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында «Педагогикалық бастамалар фестивалі» атты облыстық конкурсын өткізді. Гимназиямыздың орыс тілі мұғалімі Тулеубаева Гульжайнат Бекежановна өз жобасын ұсынып, «Облыс мұғалімдері арасында тәжірибесі таратуға ұсынылғаны үшін» сертификатына ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз!
Бастауыш сыныптар арасындағы математикалық турнир
10-11-2017 12:27
Бастауыш сыныптар арасындағы математикалық турнир
2017 жылдың 9 қарашасында Павлодар қаласы №37 ЖОББМ негізінде бастауыш сынып оқушыларының арасында математикалық турнир өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша гимназияның командасы ІІІ орынға қол жеткізді. Команда құрамында 4 а сынып оқушысы Аменгелді Айжан, 3 сынып оқушысы Сабабаев Жансар, 2 сынып оқушысы Жеңіс Мансұр. Жетекшілері Аманжолова.С.Г., Елубаева.М.С., Жақсыбекова.М.Ж. Құттықтаймыз!
"Балауса" - облыстағы үздік оқушылар газеті
10-11-2017 12:21
2017 жылдың 9 қараша күні Білім басқарамасының ұйымдастыруымен М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында дәстүрлі «Жас қалам» облыстық жас журналисттер фестивалі өтті. Байқау нәтижесі бойынша "Балауса" газеті ұжымы І орынды жеңіп алып, облыстағы үздік мектеп газеті атанды. "Балаусаның" жас тілшілері 9 сынып оқушылары Данкина Алима, Жұмабаева Дильнара, Рамазанова Аяулым және Жомарт Ақтоты. Құттықтаймыз!
«Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары
06-11-2017 18:33
«Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары
2017 жылдың 3 қарашасында №25 мектепте 1-7-сынып оқушылары арасында облыстық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша І орын жүлдегері Жалешова А. - 4 сынып (жетекшісі: Катепбай.А.), ІІІ орын - Қазтай А., Сайыпова Ә., Садыбекова А. және Кабиденова Т. - 6 сынып (жетекшілері: Нургалиева Д.А., Есенгожина А.Е.), Ермек Н. мен Ермек Ж. - 3 сынып (жетекшісі: Елубаева М.С.), Айгожина А. - 7 сынып (жетекшісі Алькеева З.Б.).
«Көшбасшы жолы» саяхаты
06-11-2017 16:51
«Көшбасшы жолы» саяхаты
Оқушылардың күзгі демалысы барысында Алматы және Астана қалаларында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының және «Kazakh Tourism ҰК» АҚ бірлескен бастамасы бойынша ұйымдастырылған Мемлекет басшысының қызметімен тығыз байланысты жерлерге баруға арналған «Көшбасшы жолы» туры басталды. Олардың ішінде Биxан Боранбай, Сейтаxмет Еділ, Кабышева Динара біздің гимназия шәкірттері де бар!
Республикалық "Ақ көгершін" балалардың шығармашылық байқауы
06-11-2017 16:37
Республикалық
Алматы қаласында өткен Республикалық "Ақ көгершін" балалардың шығармашылық байқауына гимназияның "Айгөлек" би ансамблі қатысып, І орынға ие болды. "Ақ көгершін" фестиваль-байқауы балаларға арналған жыл сайынғы жарқын және есте қаларлық оқиға. "Айгөлек" би ансамблін және олардың жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловнаны шын жүректен құттықтаймыз!
"Әке, ана және мен - туристік отбасы"
02-11-2017 17:11
28 қазан күні Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының ұйымдастыруымен "Әке, ана және мен - туристік отбасы" конкурсы өтті. Нәтижесінде гимназия командасы І орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Акробатикадан ашық республикалық чемпионатының жүлдегері
26-10-2017 16:29
Акробатикадан ашық республикалық чемпионатының жүлдегері
2017 жылдың 15-20 қазан күндері Петропавл қаласында спорттық акробатикадан ашық республикалық чемпионаты өтті. Чемпионатқа біздің гимназиямыздың 4а-сынып оқушысы Қайырғали Дария қатысып, ІІ орынға ие болды. Дарияны гимназия ұжымының атынан жеңісімен құттықтап, бұдан да биік шыңдарды бағындыруын тілейміз!