Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Кітап-алтын сандық» кітап оқу жарысының жеңімпаздары
30-12-2017 23:13
«Кітап-алтын сандық» кітап оқу жарысының жеңімпаздары
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясыда бір ай бұрын жарияланған «Кітап-алтын сандық» кітап оқу жарысының жеңімпаздары да белгілі болды. 1 орын - 9 сынып оқушысы Кунтаева Амина, 2 орын - 11 сынып оқушысы Хуатбек Айша және Баяманова Аида, 3 орын – 9 сынып оқушысы Батай Аружан, 6 сынып оқушылары Кабиденова Томирис және Қазтай Айшат! Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен тиесілі бағалы сыйлықтары табыс етілді. Құттықтаймыз!
Облыстық білім беру басқармасының басшысы жұмыс сапарымен гимназияға келді
30-12-2017 18:59
Облыстық білім беру басқармасының басшысы жұмыс сапарымен гимназияға келді
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсаны күні гимназияға Павлодар облысы Білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жұмыс сапарымен келді. Ең алдымен гимназия директоры Мәрия Әдбіқадырқызымен гимназия тарихы, өткені мен бүгіні туралы сұхбаттасты. Сонымен қатар, Дінислам Болатханұлы мектеп мұражайындағы тілек кітапшасына өз лебізін жазды.
«Қазақстан – саяхат елі» эссе байқауының жүлдегері
22-12-2017 16:18
«Қазақстан – саяхат елі» эссе байқауының жүлдегері
ҚР Тұнғыш Президентінің Қоры «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп 2017 жылғы 30 қазан және 1 қараша аралығында Астана қаласында олимпиада жүлдегерілері мен қатысушыларына «Көшбасшы Жолы» атты саяхатын өткізді. Осы жобаға қатысқан мектеп оқушылары арасында «Қазақстан – саяхат елі» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Гимназиямыздың 10 сынып оқушысы Кабышева Динара ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Футбол турнирінің жеңімпаздары
22-12-2017 15:30
Футбол турнирінің жеңімпаздары
2017 жылдың 4-15 желтоқсан күндері Павлодар қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы облыстық футбол турнирінде Ақсу қаласының құрамасы І орынға ие болып, алтыннан алқа тақты. Ақсу құрамасының үш ойыншысы гимназиямыздың 4 сынып оқушылары: Ерназарұлы Искандер, Жазкен Арман және Кукен Әбілмансур. Жас спортшыларға осы жеңісті жолынан танбасын деп тілейміз!
"NEW STAR KZ" ІІІ Халықаралық xореография байқауының жеңімпаздары
20-12-2017 11:54
17 желтоқсан күні Астана қаласында "NEW STAR KZ" ІІІ Халықаралық вокал және xореография байқауы өтті. Байқауға гимназиямыздың "Айгөлек" үлгілі би ансамблі қатысып, Гран-При иегері атанды. Жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловна. "Айгөлек" би ұжымын бағындырған тағы бір белесімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз таусылмасын!
Спорттық акробатикадан облыстық чемпионаттың жүлдегері
20-12-2017 07:40
Спорттық акробатикадан облыстық чемпионаттың жүлдегері
2017 жылдың 15-18 желтоқсан күндері Павлодар қаласында Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай спорттық акробатикадан облыстық чемпионат ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4 сынып оқушысы Қайырғали Дария 2 орынға қол жеткізіп, күміс медальға ие болыды. Жарайсың Дария! Биіктерді бағындыра бер!
«Педагогикалық бастамалар фестивалі» республикалық конкурсының жеңімпазы
19-12-2017 10:16
«Педагогикалық бастамалар фестивалі» республикалық конкурсының жеңімпазы
2017 жылғы 13-14 желтоқсан күні «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Педагогикалық бастамалар фестивалі» республикалық конкурсы өтті. Біздің гимназиямыздың орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тулеубаева Кульжайнат Бекежановна осы конурсқа қатысып, «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы...» бағыты бойынша І дәрежелі дипломына ие болды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!
19-12-2017 09:31
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!
15 желтоқсан күні гимназиямызда «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында гимназия директоры Мәрия Абдуқадырқызы ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтай келе, Тәуелсіздік тойымен тұспа-тұс келген қалалық олимпиада жеңімпаздарын марапаттады. Ән-жырдан шашу шашылған мерейлі мерекенің сәнін "Айгөлек" бишілері кіргізді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!
Жас ақындар айтысының жеңімпазы
14-12-2017 10:23
Жас ақындар айтысының жеңімпазы
Павлодар қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты облыстық жастар айтысы өтті. Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырған жыр додасына біздің мектебіміздің аға тәлімгері Мақсатхан Алтынбек қатысып, І орынға ие болды. Сонымен қатар Алтынбекке бағалы сыйлық ноутбук табыс етілді. Алтынбекті шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
«ЕНШІ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ
07-12-2017 16:25
«ЕНШІ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ
6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай гимназияда «Енші» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Зияткер, Капитандар сайысы, Зерде, Көмбе деген 4 кезеңнен құралған сайыстың екі кезеңі бойынша ұстаздар командасы алда келе жатқанымен, соңғы екі кезеңде оқушыларға есе жіберіп қойды. 1 жарым сағатқа созылған тартысты ойында «Еншісін» тақымдарына мықтап қысқан «Оқушылар» командасы жеңіске жетті.
VІ облыстық кешенді олимпиадасы
05-12-2017 06:54
VІ облыстық кешенді олимпиадасы
2017 жылғы 30 қарашада Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 5-6 сынып оқушыларына арналған VI облыстық кешенді олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша гимназияның 6ә сынып оқушысы Кабиденова Томирис ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық ғылыми жоба сайысының қорытындысы
04-12-2017 13:50
Облыстық ғылыми жоба сайысының қорытындысы
2017 жылғы 24 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Конкурсқа 13 жұмыс ұсынылып, 9-і жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерді құттықтаймыз! Алдағы 6-желтоқсанда өтетін пәндік тестілеуде сәттілік тілейміз!