Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
"Психологиялық марафон" жарысы
01-02-2018 22:33
30 қаңтар күні психология апталығының аясында гимназияның психологі Шаймарданова Назигүл Түсіпқызының ұйымдастыруымен "Психологиялық марафон" жарысы өтті! Өте қызықты әрі тартысты өткен сайыстың жеңімпазы болып 7-сынып танылса, 8а-8ә сыныптар "Зерде" және "Ұйымшыл команда" номинацияларымен марапатталды.
Психология апталығы
01-02-2018 22:05
Психология  апталығы
2018 жылдың 29.01- 2.02 күндері аралығында гимназияда психология апталығы өткізілуде. Апталықтың алдына қойған негізгі мақсаты: психология ғылымының маңыздылығын насихаттау; мектеп ұжымының оның ішінде оқушылардың, ұстаздардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, әрі нығайту. Психология апталығы аясында оқушылар мен мұғалімдерден түстерді таңдау арқылы таңертеңгі көңіл-күйін анықтау сауалнамасы алынды.
"Айгөлек" би ансамблін құттықтаймыз!
30-01-2018 18:17
Бірнеше жылдар қатарынан облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген кішкентай бүлдіршіндеріміз, 28 қантарда Павлодар қаласында өткен Республикалық «Би бала» байқауында І орынға ие болып, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеді. Жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловнаны және бүлдіршіндерді құттықтай отырып, жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында12-17.02 аралығында өткізілетін тәрбие сағаттарының тақырыптары
28-01-2018 17:51
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында12-17.02 аралығында өткізілетін тәрбие сағаттарының тақырыптары
Жарты жылдық белес һәм педагогикалық кеңес
15-01-2018 21:19
Жарты жылдық белес һәм педагогикалық кеңес
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына сай тұлға тәрбиелеудегі мектептің басыңқы бағыттары» тақырыбында 14 қантар күні өткен педагогикалық кеңесте директордың орынбасары Г.Бакирбекова ұлттық құндылықтарды қазіргі білім берудің негізі ретінде оқу-тәрбие үдерісіне үйлестіру, ұрпақ бойына қалыптастыру жолдарын ұсына отырып, талқыға салды.
«Ақберен» облыстық байкауының жүлдегерлері
15-01-2018 20:57
«Ақберен» облыстық байкауының жүлдегерлері
11-қаңтар күні оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңіне өтті. Гимназия намысын қорғаған Кунтаева Амина (9ә-сынып) «Шығарма жазу» бағыты бойынша I орынды иеленсе, Хуатбекқызы Айша (11-сынып) «Шешендік өнер» номинациясында жүлделі ІІ орынды, Баянбат Ерасыл (8ә-сынып) «Ақындар мұшәйрасы» бағытында III орынды иеленді. Пән мұғалімдері Нургалиева Д.А., Дюсембеков А.К. және Мақсатхан А.
"Ойна" балаларды дамыту орталығы гимназияда олимпиада өткізді
12-01-2018 11:40
2018 жылдың 10 қаңтар күні гимназиямызда "Ойна" балаларды дамыту орталығының өкілдерінің ұйымдастыруымен түрлі ойындардан олимпиада өткізілді. Аталған ойындар баланың санасын, ойлау қабілетін, креативті ойлауын дамытып, тіпті бала бойындағы жасырын қабілеттерді оятуға мүмкіндік берді. Олимпидада жеңімпаз болған оқушылар ақпан айында өтетін облыстық олимпиадада гимназия намысын қорғайтын болады.
Ақсу қаласының әкімі гимназияды болды
12-01-2018 11:23
Ақсу қаласының әкімі гимназияды болды
2018 жылдың 9 қаңтар күні гимназиямызға қаламыздың жаңа әкімі Дычко Николай Васильевич гимназияның тыныс-тіршілігімен, атқарылған жұмыстарымен танысу мақсатында келді. Қара шаңырақтың материалдық-техникалық базасын көріп, дарынды оқушылардың толықтай білім алуына жағдай жасалғанын айтты.
Классный час в 9-11 классах
10-01-2018 11:04
Классный час в 9-11 классах общеобразовательных школ на тему: «Возобновляемые источники энергии в Казхастане».
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
10-01-2018 10:03
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
Елбасының әр жылғы жолдауы – маңызды құжат. Қай жолдауы болмасын стратегиялық маңыздылығы мен ел алдындағы бағыт-бағдар мен міндетерді айқындауға негізделгенін көреміз! Кеше де Мемлекетет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына кезекті жолдауы туралы мәлімдеме жасаған болатын. Бұл жолдауды ұлт болашағын тәрбиелеумен айналысатын ұстаздар қауымы да ерекше ықыласпен қабылдады.
Облыстық пән олимпиадасының қорытындысы
09-01-2018 20:58
Облыстық пән олимпиадасының қорытындысы
2018 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 56 облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары 13 жүлделі орынға ие болды. Оқушыларды және оларды дайындаған ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы республикалық олимпиадада сәттілік тілейміз.
Жаңа жыл мерекесі
31-12-2017 09:29
Жаңа жыл мерекесі
2017 жылдың 27-28 қаңтар күндері гимназиямызда дәстүрлі жаңа жыл мерекесі аталып өтті. Биылғы жаңа жылдың тақырыбы ертегілер және комикстер әлемімен астасып жатты. Мерекелік кеште әр сынып қойылымдар қойып, түрлі ойындар ойнады. Қызылды-жасылды ойыншықтармен көмкерілген шыршаның төңірегінде бұл күндері әсем әнде шырқалып, түрлі биде биленді. Барлық оқушылар мерекелік кешке ерекше ықыласпен қатысып, бар өнерін ортаға салды.