"Болашаққа жол өзіңнен басталады" атты семинар-тренинг
2019 жылдың 23-24 қазанда гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Баянбат Ерасыл мен 9-сынып оқушысы Жанибек Жансая "Болашаққа жол өзіңнен басталады" атты семинар-тренингке қатысып қайтты. Елбасы кітапханасы қоры, оның ішкі мазмұны мен түрлі танымдық кездесулер оқушыларымызға үлкен әсер беріп, болашаққа жарық сәулесін төкті. Ал Жансая "Әлеуметтік желідегі ең үздік жарияланым" байқауының жеңімпазы ретінде мадақтамамен марапатталды.
Классикалық шахматтан облыс әкімі кубогының турниры
25 қазан күні Ақсу қаласының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында классикалық шахматтан облыс әкімімінің кубогы үшін турнир өткізілді. Гимназиямыздың 2-сынып оқушысы Қайролла Нұрбол жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Ал Даулетов Бейбарыс IV орынға иеленіп, медальмен марапатталды. Оқушыларды дайындаған шахмат үйірмесінің жетекшісі Жекебай Мақсатхан.
Облыстық көптілділік олимпиадасының жеңімпаздары
22 қазан күні Павлодар қаласында "Ертіс дарыны" орталығы және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген облыстық көптілділік олимпиадасында гимназиямыздың 10 сынып оқушысы Баяманова Аида мен 9 сынып оқушысы Шакбекова Даяна жүлделі І орынды жеңіп алды. Жетекшілері ағылшын тілі мұғалімдері Сыздыкова М.К. мен Нургалиева С.Е. Құттықтаймыз!
XIV облыстық Мұқағали Мақатаев оқулары
10 қазан күні Павлодар қаласының №25 ОМ-де өткен XIV облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларынынан гимназиямыздың 9-сынып оқушысы Жанибек Жансая жүлделі II-орынға және 10-сынып оқушысы Құрмашева Дильназ құрмет грамотасына ие болды. Жетекшілері Шапауова Асем Сембиевна және Есенгожина Ақмарал Еркеновна. Құттықтаймыз!
"Жас ұлан" әскери-спорттық ойындарының жүлдегерлері
Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында өткізілген Ұлы отан соғысы Жеңісінің 75-жылдығына арналған облыстық "Жас ұлан" әскери-спорттық ойында аудандар арасында гимназиямыздың командасы ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Джамалбаев Мейрам Сағатұлын және команда мүшелерін құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Ақсу қаласында мұғалімдер қауымына арналған салтанатты жиын өтті
3 қыркүйек күні Ақсу қаласының С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында барша мұғалімдер қауымына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында жоғары нәтижеге қол жеткізген мұғалімдері марапатқа ие болды: Есенгожина Ақмарал Еркеновна БжҒМ құрмет грамотасымен, Жаксыбекова Меруерт Женисовна білім басқармасының құрмет грамотасымен, оқу ісінің меңгерушісі Джамалбаева Сайран Сағатовна қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Республикалық экологиялық сағат
3 қыркүйек күні гимназиямызда Республикалық экологиялық сағат өтіп, оқушылар табиғи ресурстарды үнемдеу, экологиялық апаттың алдын алу бойынша білімдерін тереңдетіп, табиғатты сақтауда өз үлестерін қосты.
Облыстық "Адал ұрпақ" клубтары арасындағы слет
Облыстық "Адал ұрпақ" клубтары арасында өткен слетында гимназиямыздың командасы «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» презентациясы бағытында ІІ жүлделі орынды иеленді. Команда құрамы: 9-сынып оқушылары Жомартұлы Айдын, Жамбыл Ақмарал, Жанибек Жансая, Берденбекқызы Амина, Арынова Дария, 10-сынып оқушылары Баянбат Ерасыл және Хаманай Асхат, 8ә-сынып оқушылары Сайыпова Асем және Садыбекова Арайлым.
"Бір ел - бір кітап" науқаны
"Бір ел - бір кітап" науқаны аясында жоғары сынып оқушыларымен Ә.Кекілбаевтың "АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ" романымен танысу, пікірлесу сағаты өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дария Амантаевна оқушыларды ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып, романның қазіргі өмірмен, ұлт мүддесімен астасып жатқанын, өшпес құндылықтарды тәрбиелейтін тұстарын жеткізе білді.
"АДАЛДЫҚ" дүкені өз жұмысын бастап кетті
"АДАЛ ҰРПАҚ" клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен гимназиямызда "АДАЛДЫҚ" дүкені өз жұмысын бастап кетті. Басты мақсатымыз оқушыларды адал болуға, өз-өзіне есеп беруге үйрете отырып, ар тазалығын сақтауға ықпал ету. Адал ниетпен ашылған игі шараның пайдаланушылары да адал болатынына сенеміз. Ұсыныстарыңыз болса тыңдауға әрқашан дайынбыз
Латын графикасын негізінде жалпықазақстандық ашық диктант акциясы
Елімізде латын графикасын негізінде жалпықазақстандық ашық диктант акциясы өтті. Республика көлемінде өткен маңызды іс-шараға біздің гимназияның 10-11 сынып оқушылары да белсене қатысты.
Облыстық спорттық бағдарлаудан жүлделі орын
22 қыркүйек күні Павлодар қаласында өткен Облыстық спорттық бағдарлаудан 11 сынып оқушысы Багауова Дильназ жүлделі ІІ орынды иеленіп, гимназия атын тағы бір асқақтатты. Жарайсың Дильназ! Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мухитова Айсулу Бокенбаевна.