"Жұлдыздар жарқырайды " атты облыстық слетінің жүлдегері
15 ақпан күні М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының жас астрономдардың "Жұлдыздар жарқырайды " атты облыстық слеті өткізілді. Астрономия, космонавтика, ғарыштық зерттеулерде тың идеяларды дәріптеген бұл байқауға қатысқан гимназияның 9 сынып оқушысы Успанова Аймира жүлделі ІІ орынға ие болды. Аймираны және жетекшісі Атик Бибигуль Васильевнаны құттықтаймыз!
Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор
Оқушылардың дұрыс тамақтануына ықпал етіп, зиянды тағамдарды тұтынудың алдын алу мақсатында "Жасұлан" белсенділері 5-6 сыныптарда "Тиімді тамақтану - денсаулық кепілі" атты танымдық сайысын өткізді. Топтар мақал құрау, жоба қорғау, зиянды тағамдарды анықтау сияқты тапсырмаларды орындай келе, қазіргі кезде балалар жиі тұтынатын тағамдардың денсаулыққа әсері туралы ақпаратпен бөлісті. Нәтижесінде 5ә сыныптың "Алмалар" тобы жеңіске жетті.
Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар
Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында 5-8 сынып оқушылары арасында «Сүйіспеншілік жүректе» атты ән флеш-мобы өткізілді. Онда өзін-өзі тану пәнінде күнделікті сабақта айтылатын жүрекке жақын әндер айтылды. 5, 6, 8 сынып оқышылары арасында «Қоғамға қызмет ету» бойынша қоғамдағы өзекті тақырыптарда жоба қорғалып, оқушылар қазіргі кезде маңызды, пайдалы жобалар ұсынды.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі
01.02.2019-12.02.2019 күндер аралығында гимназияда «Өзін-өзі тану Махаббат пен Шығармашылық педогогикасы» атты онкүндік өтті.
1-11 сынып оқушылары онкүдіктің ашылуын «Күнді мейірімділіктен баста» атты шаттық шеңберімен бастады. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің отбасым - менің тірегім» атты коллаждар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде әр оқушы өз отбасының шежіресін жасады.
КИО «Күз-Қыс 2018» маусымының жүлдегері
«Күз-Қыс 2018» КИО олимпиадаларының маусымы аяқталды. Маусымның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар тізімі жарияланды. Жеңімпаздар маусым бойы 4 олимпиада әр топтың ішінде ең көп ұпайлар сомасы бойынша анықталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің гимназиямыздың 5а сынып оқушысы Бейсенбай Мерей 3 дәрежелі дипломмен марапатталып, бағалы сыйылық USB flash-ға ие болды. Құттықтаймыз!
Үш тілде білім беру - заман талабы
31 қантар күні шет тілдер апталығының жоспарына сәйкес биология және информатика пәнінен кіріктірілген сабақтар өткізілді. Биология - сабақтың тақырыбы «Movement», өткізген биология мұғалімі Муханова У.К., орыс тілі мұғалімі Ибрайкина К.М., ағылшын мұғалімі Нургалиева С.Е. Информатика - сабақтың тақырыбы «Formulas in Google Sheets», өткізген информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т., ағылшын мұғалімі Сыздыкова М.К., орыс тілі мұғалімі Тулеубаева К.Б.
Шет тілдер апталығы жалғасуда
30 қаңтар күні химия мұғалімі Абраева Д.Е, ағылшын тілі мұғалімі Нургалиева С.Е. және орыс тілі мұғалімі Ибрайкина Қ.М. "The periodic table of D.I.Mendeleev" тақырыбы бойынша 8-сыныпта кіріктірілген сабақ өткізді. Үзілістерде 7 сыныптарға арналған "4D animals pictures" көрмесі, 4-сыныптар арасында "Bang-bang" battle және "Инфобілгіштер" сайысы өткізілді. Екінші күн TEDx форматындағы конференциямен тәмамдалды.
Шет тілдер апталығына орай кіріктірілген сабақ өткізілді
29 қантар күні шет тілдер апталығының жоспары бойынша физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова А.С., орыс тілі пәнінің мұғалімі Тулеубаева К.Б. және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сыздыкова М.К «Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы» тақырыбы бойынша 7-сыныпта кіріктірілген сабақ өткізді. Сонымен қатар, үзілістерде информатика, физика, химия және биология пәндерінің мұғалімдері оқушылармен 5-7 сыныптар арасында ойындар өткізді.
Шет тілдер апталығының салтанатты ашылуы
28.01-1.02 ақпан күндері гимназияда шет тілдер әдістемелік бірлестігінің апталығы өтеді. 29 қантар күні мектебімізде "Үштілділік-жарқын болашақ" тақырыбында апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың жоспары бойынша кіріктірілген сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі.
МИФ апталығының қорытындысы
"STEM -ғылыми техникалық білімнің негізі" тақырыбындағы "XXІ ғасыр білімінің іргетасы - ғылым мен қазіргі замаңғы технологиялар интеграциясы" ұранымен өткен МИФ апталығы жоспарланған шаралардың барлығын өткізіп, көңілді тапқырлар клубының ойынымен қорытындылады. Сондай-ақ апталық барысында білімімен, іскерлігімен ерекшеленген оқушылар диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Биология пәнінен VIІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
24 қаңтар күні «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларына арналған биология пәнінен жасөспірімдер облыстық олимпиадасы өткізілді. Гимназиямыздың 7ә сынып оқушысы Айдасов Мадияр білімімен ерекшеленіп, "Құрмет грамотасына" ие болды. Мадиярды және ұстазы Муханова Үміт Кабиденовнаны құттықтаймыз!
STEM жәрмеңкесі
"XXІ ғасыр білімінің іргетасы-ғылым мен қазіргі замаңғы технологиялар интеграциясы" ұранымен МИФ апталығының жоспарының екінші күнінің шарасы STEM жәрмеңкесі өтті. Мұнда әр сыныптың оқушылары робототехниканы нақты пәндермен кіріктіру үлгілерін көрсету үшін жобалар жасады. Әр қоңырау уақытында жиналған оқушыларға STEM бағыттары туралы мағлұмат беріліп, болашақ жобаларға ой тасталды.