Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
КИО нәтижелері
29-12-2015 10:05
КИО нәтижелері
2015-2016 оқу жылының КИО «Күз-Қыс» ауысымы аяқталды. Гимназияның оқушылары КИО-на белсенді қатысып, келесі пәндер бойынша жұлделі орындарға ие болды: орыс тілі пәнінен ІІ орын – 9 сынып оқушысы Алимова Нұрай, ағылшын тілі пәнінен ІІ орын – 8 сынып оқушысы Жуматаев Тамерлан, қазақ тілі пәнінен І орын – 9 сынып оқушылары Амангельдинова Лаура, Хуатбек Айша, 6 сынып оқушылары Баяманова Аида, Курмашева Дильназ ...
Жас зерттеушілер додасы
19-12-2015 06:36
Жас зерттеушілер  додасы
Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатында педагогикалық институт ғалымдарымен бірлесе ұйымдастырылған «Тарихқа тағзым, Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Үш бағыттағы секция жұмысының қорытындысы бойынша Манат Розагүл (1 сынып) І орынға, Жандарбек Жақан мен Мукышев Жансаят (10 сынып) ІІ орынға, ал Ержинбаева Мадина (9 сынып) ІІІ орынға иеленді.
Тәуелсіздік - тәңірдің берген сыйы
16-12-2015 03:22
Тәуелсіздік - тәңірдің берген сыйы
2015 жылдың 12 желтоқсан күні гимназияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5-6 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» атты интеллектуалды-зияткерлік ойыны өткізілді. Осы ойын барысында оқушылар тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктері мен тұғырлы ел боп қалыптасуы жолындағы ұлы тұлғалардың елеулі еңбектерін саралап, ой елегінен өткізді.
Гимназия Кодтау сағатына қосылды
16-12-2015 03:12
Гимназия Кодтау сағатына қосылды
Информатикадан Білім алу аптасы аясында желтоқсанның 7-cі мен 13 арасында гимназиямыз Қазақстандағы аса ірі оқиғасына – Кодтау Сағатына қосылды. Апта бойы оқушылар онлайн-жаттықтырушының бірінде қызықты тапсырмаларды орындап, өзін программа құрастырушы ретінде сезініп, бүгінгі ең озық технологияны жасауына ынталанды, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен программалау ісін кез-келген адам меңгере алатынына көз жеткізді.
Гимназияда мектепішілік пікірсайыс өтті
15-12-2015 10:57
Гимназияда мектепішілік пікірсайыс өтті
11 желтоқсан күні гимназияда мектепішілік пікірсайыс өтті. Жаяу Мұса атындағы колледж студенттері және 11-сынып оқушылары пікірсайысқа қатысып, ойынға төрешілік етті. Пікірсайысымыз еліміздің тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды. Тәуелсіздігіміз мызғымас, берік болуы үшін еліміздің ішкі сыртқы саясаты, экономикасы, сонымен қатар құқықтық жүйесі де берік болуы керек.
Шоқтығы биік өнерпаздар
11-12-2015 11:29
Шоқтығы биік өнерпаздар
Бірнеше жылдар қатарынан облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген кішкентай бүлдіршіндеріміз, 5-қарашада Павлодар қаласында өткен Республикалық «Би бала» байқауында Гран-Приді ұтып алып, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеді. Жетекшісі Зембаева Динара Негматулловна. Тәуелсіз еліміздің ұландары «Айгөлек» бишілеріне сәттілік тілей отырып, өнердің биік шыңынан көріне беріңдер демекпіз.
Облыстық ғылыми жоба сайысының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
11-12-2015 10:08
Облыстық ғылыми жоба сайысының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
2015 жылдың 7 желтоқсан күні Павлодар қ. №16 лицей-мектебінде Павлодар облысының 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Біздің гимназиядан 13 ғылыми жобаның ішінен 11 жұмыс жүлделі орындарға иеленді: 1 жоба - І орын, 4 жоба – ІІ орын; 6 жоба – ІІІ орын. «Оқушылардың ғылыми қоғамының үздік жетекшісі» номинациясына гимназияның мұғалімі Азамат Жанайдарұлы Сыздыков ие болды.
«Жас Ұлан» клубы тынысы
08-12-2015 11:38
«Жас Ұлан» клубы тынысы
4 қараша күні Тәуелсіздік күні қарсаңында гимназияның «ЖасҰлан» патриоттық клубы мүшелері арасында «Тәуелсіз ел ұландары» атты сайыс-байқауы өтті. Клуб жетекшісі Джамалбаев Мейрам Сағатұлы оқушыларға Отан алдындағы борыш, ел тәуелсіздігін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіре келе, бүгінгі күнге дейін үйреніп меңгергендерін ортаға салуға шақырды.
«Өсер елдің ұланымыз» атты патриоттық кеш өтті
30-11-2015 10:48
«Өсер елдің ұланымыз» атты патриоттық кеш өтті
2015 жылдың 28 қараша күні гимназияда «Тұңғыш президент күніне» арналған «Өсер елдің ұланымыз» атты патриоттық кеш өтті. Музыкалық-патриоттық кешке 4-8 сынып оқушылары қатысты. Отан тақырыбынан өрби беріп еліміздің тарихына да үңіліп, қазақ хандығының құрылу тарихы туралы бейнекөрініс көрсетілді. Тұңғыш Президент күніне арнап 5 және 7 сынып оқушылары өздері шығарған өлең жолдарын тарту етті.
ІІІ облыстық Мағжан оқуларының жүлдегері
28-11-2015 10:49
ІІІ облыстық Мағжан оқуларының жүлдегері
2015 жылғы 27 қараша күні Павлодар қаласының №28 мектебінде жалпы білім беретін оқу орындарының 5-11 сынып оқушылары арасында ІІІ облыстық Мағжан оқулары өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша "Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" бағыты бойынша 7 ә сынып оқушысы Кунтаева Амина ІІІ орынға ие болды. Бапкері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дария Амантаевна Нургалиева. Құттықтаймыз!
"Қазақ халқының қаһарман ұлы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды
28-11-2015 10:39
2015 жылдың 25 қараша күні Ақсу қалалық мұражайында өткізілген Қазақ халқының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 105 жылдық мерейтойына арналған "Қазақ халқының қаһарман ұлы" атты дөңгелек үстелге 8-сынып оқушысы Тас Дариға қатысып, Алғыс хатқа ие болды. Шығармашылыққа жетелеуші Нургалиева Д.А. мен Дариғаға шығармашылық табыс тілейміз!
Облыстық «Педагогикалық бастамалар» жобаларды қорғау байқауы
27-11-2015 09:27
Облыстық «Педагогикалық бастамалар» жобаларды қорғау байқауы
2015 жылғы 26 қараша күні Павлодар қаласындағы № 7 ЖОМ-да облысымыздың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің «Педагогикалық бастамалар» жобасының қорғауы өтті. Байқауға гимназияның информатика пәнінің мұғалімі Абылгазина Эльмира Турагуловна қатасып, үздік жоба үшін Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының сертификатына ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз!