“Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық” атты онкүндігінің жабылуы
12 ақпан күні «Бәріміз жақсылық әлеміненбіз» атты мерекелік шара арқылы онкүндіктің қорытындысы шығарылып, түрлі байқаулардың нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған, белсенді қатысқан оқушылар диплом және шағын сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік шара барысында жоғары сынып оқушылары флешмоб ұйымдастырып, көпшіліктің көңілінен шықса, бастауыш сынып оқушылары адамгершілік қасиеттер туралы өлеңдер мен әндер жолдады.
«Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі
2016 жылғы 12 ақпаныңда Халықаралық «KATEV» қоғамдық қорының бастамасы бойынша дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» VІІІ республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Біздің гимназияның 9-сынып оқушысы Замірбек Серікбол «Жазушылар» сайысында ІІІ дәрежелі орынға ие болды. Пән мұғалімі Шапауова Асем Сембиевна. Құттықтаймыз!
Бастауыш сыныптардағы шеберлік сағаттары
2016 жылдың 10-ақпанында біздің гимназиямыздың бастауыш сыныптарында Павлодар облыстық «Өрлеу» мұғалімдер біліктілігін арттыру институтының курсқа қатысушы бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Шеберлік сабақтары» жүргізілді. Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы шыңдау шеберлік сабақтарының мақсаты болып белгіленді. Аталмыш шараға облыс мектептерінен курсты өтуші 24 мұғалім қатынасты.
“Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы” атты онкүндігінің ашылуы
02.02.-12.02.2016 аралығында гимназияда “Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік өтуде. 2 ақпан күні гимназиямыздың фойесінде онкүндіктің салтанатты ашылуы болып өтті. Сабақтардың алдында барлық қабаттарда шаттық шеңбері ұйымдастырылды.
МИФ пәндерінің апталығы өтті
2015 жылдың 25-30 қаңтар аралығында математика, информатика, физика апталығы өтті. Аптаның алғашқы күні апталықтың жоспары көпшілік назарына ұсынылды. МИФ апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.
Гимназияда «Жаратылыстану» пәндерінің апталығы өтті
2016 жылдың 18.01-23.01 аралығында «Жаратылыстану» пәндерінің апталығы өтті. Апталықтың бірінші күні деңгейлік бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдері Қ.Б.Ерхасова және Г.Б.Тулеубаеваның ұйымдастыруымен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» атты коучинг өткізілді. Экономика пәнінен «Биржа» тақырыбы бойынша ашық сабақ, география пәнінен «Туған жерім мақтанышым» интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.
Облыстық дебаттық турнирінің жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2016 жылдың 19 қантар күні Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында желілік қоғамдастық қызметін жүзеге асыру мақсатында облыстық мамандандырылған мектептер арасында дебаттық турнир өтті. Осы турнирға гимназиямыздың 8 сынып оқушыларынан құрылған “Жас өркен” командасы да қатысты. Пікірсайыстың нәтижесінде гимназияның “Жас өркен” командасы І жүлделі орынды жеңіп алды.
«Лингвистикалық Регата» атты облыстық ойыны
2016 жылы 15 қаңтар күні Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында Үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында «Лингвистикалық Регата» атты облыстық ойыны өтті. Аталмыш шараға біздің гимназияның командасы қатысып, ІІ жүлделі орынға ие болды. Команда мүшелері: 8 сынып оқушылары Калиева Дильназ, Карибаева Малика, Толегенова Дильназ, Тастемір Гүлзат және Жасуланова Лаура. Құттықтаймыз!
Би әлемінде
2016 жылдың 8 қаңтарында М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «МЕГА-DANCE» облыстық хореографиялық конкурсының финалы мен қортындысын шығару кезеңі өтті. Би жарысының қорытындысы бойынша гимназияның «Айгөлек» би тобы «Ұлттық би» номинациясы бойынша кіші жас ерекшелік категориясында I орынға ие болды. Жетекшісі Зембаева Динара Негматулловнаны және бүлдіршіндерді құттықтаймыз!
«Гонка за лидером» математикалық ойынының жүлдегерлері
2015 жылдың 12 қантар күні Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық мамандандырылған мектептер арасында «Гонка за лидером» математикалық ойыны өткізілді. Аталмыш шараға 7 команда қатысты. Біздің гимназиядан 4 оқушыдан тұратын команда қатысып, ІІ орынға ие болды. Команда құрамы: Куатов Алихан, Кабулдинова Меруерт, Болатбай Әділ, Сейтахмет Еділ. Құттықтаймыз!
Облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2016 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Біздің гимназиядан олимпиадаға 31 оқушы қатысып, 14 оқушы жүлделі орынға және 7-сынып оқушысы Женаева Дильнара «Ақыл жастан, асыл тастан» номинациясына ие болды. Оқушыларды және оларды олимпиадаға дайындаған ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
«STOPcadr» атты облыстық фотоконкурсы
2015 жылғы желтоқсанның 1-і мен 25-і аралығында Ақпараттық технологиялар орталығы «STOPcadr» атты облыстық фотоконкурсын өткізді. Конкурсқа гимназиядан 8 сынып оқушылары Лайыков Нурсултан және Абай Асхат өздерінің жұмыстарын ұсынды. Конкурстың қорытындысы бойынша Лайыков Нұрсұлтан ІІ орынға ие болды. Жүлдегерге бағалы сыйлық фотоаппарат табыс етілді. Нұрсұлтанды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!