Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Жаңалықтар
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
30-12-2020 17:55
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық онлайн олимпиадада 6-сынып оқушылары Атакан Дінмұхамед және Саду Ислам ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы
30-12-2020 17:15
«Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы
2020 жылғы 22 желтоқсанда 9-11 сынып оқушыларына арналған экологиядан «Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға гимназиямыздың оқушылары қатысып, жүлдегер атанды. Олар 10-сынып оқушылары: Тоқтасин Алмаз, Касенова Ажар – ІІ орын, Жамбыл Ақмарал, Айгожина Адина ІІІ орын. Олимпиада жүлдегерін және география пәнінің мұғалімі Анар Толыбаевна Альдекенованы құттыктаймыз!
Көктебе ауылы мектебінің психологтарымен вебинар
24-12-2020 17:12
Көктебе ауылы мектебінің психологтарымен вебинар
2020 жылдың 22 желтоқсанында Май ауданы Көктебе ауылы мектебінің психологтарымен вебинар өтті. Қарастырылған тақырыптар: «Мұғалімнің психологиялық саулығы», «Кәмелетке толмаған балалармен болатын зорлық-зомбылық мәселесі және оны анықтау». Вебинарды ұйымдастырған гимназия психологы Шаймарданова Назигуль Тусуповна
Облыстық үшсайыстан онлайн турнирінің жүлдегерлері
23-12-2020 18:07
Облыстық үшсайыстан онлайн турнирінің жүлдегерлері
Тәуелсіздік күніне орай аймақтық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған облыстық үшсайыстан онлайн турнирінде 5-сынып оқушылары Маратұлы Ибрагим І орынды, Жанатбекқызы Махаббат І орынды, Мырзагумарова Жібек ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарымызды және жетекшілерін құттықтаймыз!
«КӨМЕКTIMES» МЕКТЕП-МЕКТЕПКЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
22-12-2020 12:48
«КӨМЕКTIMES» МЕКТЕП-МЕКТЕПКЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
21.12.2020 Май ауданының ұстаздарына "КӨМЕКTIMES" мектеп-мектепке әдістемелік қолдау жоспарына сай "Жаратылыстану пәндерді үштілде оқыту үшін ыңғайлы платформаларын қолдану ерекшеліктері" вебинарын физика және информатика мұғалімі Атик Б.В. және информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т. өткізді. Padlet онлайн тақтасы және Wizer.me платформасында ағылшын тілінде оқытылатын пәндер үшін тапсырмалар құруды үйретті.
Гимназия оқушылары Үздіктер қатарында
21-12-2020 15:05
Гимназия оқушылары Үздіктер қатарында
Гимназиямыздың 1-сынып оқушылары Масалимова Ясмин мен Сәкен Нұрислам "KazRobotics" спорттық және білім беру робототехникаcы федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық "ROBOBALAPAN-2020" балалар шығармашылық фестивалінде үздіктер қатарынан көрініп, І орынды иеленді. Аз уақыт аралығында бүлдіршіндердің қызығушылығын оятқан жетекшісі - Атик Бибигуль Васильевна. Құттықтаймыз!
«КӨМЕКTIMES» МЕКТЕП-МЕКТЕПКЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
18-12-2020 01:24
«КӨМЕКTIMES» МЕКТЕП-МЕКТЕПКЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
14 желтоқсан күні Май ауданының және Көктөбе орта мектебінің ұстаздарының сұранысы бойынша «Көмекtimes» мектеп-мектепке әдістемелік қолдау аясында онлайн вебинарын физика және информатика мұғалімі Атик Б.В. және информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т. өткізді. Microsoft.com-да тіркелуден бастап, онда аккаунттар құру туралы мәліметтер беріліп, Microsoft Teams платформаcында жұмыс істеу ерекшеліктері көрсетілді.
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында қорытынды ұжымдық семинар
12-12-2020 17:28
10 желтоқсан күні "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында қорытынды ұжымдық семинар ұйымдастырылды. Гимназия психологы Назигүл Шаймарданова балаға қатысты қатігездік таныту жағдайларына, әлеуметтік желіден төнетін қауіп түрлеріне және салдарына, қатігездік көретін балаларды анықтау және көмек көрсету маңыздылығына кеңінен тоқтап, әріптестеріне кеңестер ұсынды.
«КӨМЕКTIMES» МЕКТЕП-МЕКТЕПКЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
11-12-2020 16:06
«КӨМЕКTIMES» МЕКТЕП-МЕКТЕПКЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
8 желтоқсан күні мектеп-мектепке әдістемелік қолдау «Көмекtimes» жоспары бойынша кезекті вебинар Май ауданының Көктөбе мектебінің математиктері мен физика мұғалімдеріне өткізілді. Атик Б. В. - қашықтықтан оқыту барысында онлайн-мектеп, bilimland, Padlet мүмкіндітері көрсетсе, Муканова Б.К. - Microsoft Teams платформасында жұмыс жасау ерекшеліктері таныстырды, ал Төлеуқызы М. -Jamboard қосымшасын қолдануды үйретті.
Мектепішілік Әл-Фараби атындағы олимпиадасының қорытындысы
10-12-2020 14:05
Мектепішілік Әл-Фараби атындағы олимпиадасының қорытындысы
27 қараша күні гимназиямызда 7-10 сынып оқушыларының арасында жаратылыстану бағытында ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша мектепішілік Әл-Фараби атындағы олимпиадасы өткізілді. Биология, информатика және физика пәндері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқаны
10-12-2020 12:25
"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы аясында ата-аналармен "Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы" атты онлайн семинар өткізілді. Қарастырған мәселелер: ғаламтордың жағымды, жағымсыз тұстары, неліктен балалар ғаламторға тез тәуелді болып қалады, оны қалай білуге болады, сонымен қатар ғаламторда жасалатын қудалау, бопсалау, қоқан-лоқы көрсету сияқты зорлық-зомбылық түрлерін таныстыру.
"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқаны
08-12-2020 17:35
8-желтоқсан күні "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқаны аясында 5-11 сыныптарда "Зорлық-зомбылықсыз өмір сүру қажеттілігі" және "Айналаға қамқор болайық" тақырыптарында тәрбие сағаттары қашықтықтан ұйымдастырылды.