Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Май ауданының ұстаздарымен практикалық семинар өтті
01-11-2021 18:21
Май ауданының ұстаздарымен практикалық семинар өтті
Гимназияның 2021-2022 оқу жылына арналған өзара әлеуметтік және қолдау жоспары негізінде 25.10 күні "MindMap, Mindom және Mindmeister бағдарламаларының көмегімен ақыл-ой карталарын жасау жолдары" тақырыбы бойынша практикалық семинарын информатика мұғалімі Жеңісхан Нұргүл Zoom платформасы арқылы өткізді. Семинарға 57 мұғалім қатысты. MindMap, Mindom және Mindmeister бағдарламаларында тіркеуден бастап, ақыл-ой карталарын жасау жолдары бойынша практикалық көрсетілімдер жасады. Сондай-ақ бағдарлама
Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай конференция өтті
23-10-2021 18:12
Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай конференция өтті
21 қазан күні гимназияда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және халыққа қызмет етуді міндет емес өзінің парызы санаған Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Ұлтын сүю білімнен емес, мінезден» атты мектепішілік конференция өтті. Конференцияға С.Торайғыров университетінің PhD докторы Е.К.Рахимов, тарих пәні мұғалімі, ардагер ұстаз Б.Ш.Ибраева, мұғалімдер, жоғары сынып оқушылары қатысты.
XІ облыстық Мағжан оқулары конкурсының жүлдегері
22-10-2021 17:10
XІ облыстық Мағжан оқулары конкурсының жүлдегері
2021 жылғы 15 қазанда Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын жете меңгерген оқушылар арасында XІ облыстық Мағжан оқулары конкурсы ZOOM платформасында онлайн режимде өткізілді. Шара қорытындысы бойынша «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында Каиржанова Аида 2-орын, «Толқынмен толқын сырласып...» бағыттарында Казтай Айшат 2-орын, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытында – Асанбай Жадыра 3-орынға ие болды.
"Менің кіші Отаным" IV облыстық конкурсының жүлдегері
20-10-2021 18:19
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында "Менің кіші Отаным" жас тарихшылар IV облыстық конкурсы 11 қазанында онлайн режимінде өткізілді. "Менің туған өлкем" (эссе жазу) номинациясы бойынша Каиржанова Аида ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық "Адал Ұрпақ" клубының жеңімпаздары
16-10-2021 16:48
Облыстық
Облыстық "Адал Ұрпақ" клубының ІV слетінде гимназия оқушылары "Жемқорлықсыз өмір - адал өмір" бейнероликтер бағытында І орын, "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ" үгіт бригадалар бағытында І орын, "Адал Ұрпақ" слетінде Гран-Приға иеленді. Жетекшісі аға тәлімгер Кушова Ақмөлдір Сағынбаевна. Жеңіс құтты болсын!
М.Абдильдин атындағы Республикалық Астротурнирінің жүлдегері
09-10-2021 20:12
 М.Абдильдин атындағы Республикалық Астротурнирінің жүлдегері
Қазақстандық М.Абдильдин атындағы Республикалық Астротурнирінде жиналған командалар астрономиядан білімдерің көрсетіп, сайысқа түсті. Нәтижесінде Павлодарлық Катаев атындағы оқушылар сарайының атынан қатысқан құрама командасы Бас жүлдені жеңіп алды. Гимназиямыздың 9 сынып оқушысы Хасенов Аспандияр сол құрамада олжалы болды. Құттықтаймыз!
Облыстық "Жыл мұғалімі-2021" конкурсының жүлдегері
04-10-2021 17:11
Облыстық
Мұғалімдер күні қарсаңында облыстық "Жыл мұғалімі-2021" конкурсының қорытындысы жарияланды. Конкурс ақпан-сәуір аралығында Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. 4 кезеңнен тұратын конкурсқа Павлодар облысының 28 ұстазы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша гимназиямыздың информатика пәнінің мұғалімі Эльмира Турагуловна І орынға ие болды.
«Жас полиглот» атты интеллектуалды сайыс
01-10-2021 12:15
«Жас полиглот» атты интеллектуалды сайыс
ҚР халықтарының тілдер мерекесіне орай 6 сынып оқушыларымен «Жас полиглот» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың барысында үш тілді қамтып, қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап бере отырып, оқушылар өздерінің белсенділіктерін танытты. Шапшаңдық пен ой-өрісімізді дамыту мақсатында тілге байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер, логикалық сұрақтар арқылы өткізілген ойындар оқушылардың қызығушылығын тудырды.
The book of words by Great Abai
30-09-2021 17:30
The book of words by Great Abai
Learning another language is not only learning different words for the same things, but learning another way to think about things. Therefore, the book of words by Great Abai is taught in English language at our school, which helps students improve their soft skills and critical thinking. In addition, the battle “The book of words by Great Abai” was held on the 27th of September, students of 8th grade demonstrated their knowledge and the ability to express their thoughts in English . All partici
«Ақберен» облыстық байқауының жұлдегерлері
30-09-2021 14:18
«Ақберен» облыстық байқауының жұлдегерлері
2021 жылғы 28 қыркүйекте республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі онлайн режимде ZOOM платформасында өткізілді. «Эссе жазу» бағыты бойынша Жанибек Жансая 2 орынға, «Көркем сөз оқу» бағытында Каиржанова Аида, «Шешендік өнер» бағыты бойынша Ералиева Рауан, «Ақындар мүшәйрасында» Асанбай Жадыра 3 орынға ие болды. Жүлдегер оқушылар мен пән мұғалімдерін құттықтаймыз!
Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту
27-09-2021 21:44
Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту
Гимназияда 2021 жылдың 25 қыркүйек күні 8 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлқының алдын алу бағдарламасы" тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыста ата-аналарға жасөспірімдік шақтың ерекшеліктері, психикалық денсаулықтың маңызы жөнінде хабардар етілді.
"Фразеологиялық бірліктер әлемінде" байқауы
24-09-2021 21:18
Қазақстан халықының тілдер күнін мерекелеу аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулеубаева Кульжайнат Бекежановна 7 сынып оқушылары арасында "Фразеологиялық бірліктер әлемінде" байқауын ұйымдастырды. Оқушылар үш тілде фразеологиялық бірліктерді білу бойынша жарысқа түсті, әр тілдің фразеологиялық бірліктерінің баламаларының ерекшеліктерін түсіндірді.