Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Ардагер ұстазымыздың марапаты
10-10-2023 17:55
Ардагер ұстазымыздың марапаты
Ардагер ұстазымыз Рымкеш Хамитовна Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Ұстазымызды марапатымен құттықтай отыра, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Мереке құтты болсын!
Ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
10-10-2023 17:17
Ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
Директордың оқу әдістеме жөніндегі орынбасары Аккентаева К.М. Оқу-ағарту министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен және Алғыс хатпен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Джамалбаева С.С. Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, орыс тілі мұғалімі Ибрайкина К.М. Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен, технология пәнінің мұғалімі Иргебаев А.М. Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мектепішілік "Туристік копсайыс" жарысы
10-10-2023 17:02
Мектепішілік
Гимназияның жылдық жоспарына орай 5-7 сыныптарда туристік көпсайыс ұйымдастырылды. Жарысты ұйымдастырып өткізген “Экстрим” туризм командасына және жетекшісі Айсұлу Бөкенбаевнаға алғыс білдіреміз.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Алғыс хат
09-10-2023 17:09
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Алғыс хат
Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев ұстаздар мерекесі қарсаңында гимназия ұжымын құттықтап, Алғыс хат жолдады. Бұл ұжымның қажырлы еңбегі мен биік жетістіктерінің нәтижесі. Құтты болсын!
ГИМНАЗИЯ ҮЗДІК АТАНДЫ!
08-10-2023 15:45
ГИМНАЗИЯ ҮЗДІК АТАНДЫ!
Ұстаздар күніне орай Естай сарайында “Ұлағат - 2023” салтанатты іс шара өтті. Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы “Үздік білім беру ұйымы” байқауының жеңімпазы атанды, облыс әкімінің гранты берілді. Ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз!
Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы құндылықтар
05-10-2023 19:39
Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы құндылықтар
Оқушылар бойында адалдық құндылығын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында “Толық адам ілімі және жастар”, ”Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы құндылықтар” тақырыбында бірыңғай сабақтар ұйымдастырылды.
“Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік” атты мерекелік концерттік
05-10-2023 19:19
“Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік” атты мерекелік концерттік
5 қазан - Халықаралық мұғалімдер күні гимназиямыздың ардагер ұстаздарына “Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік” атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, шәкіртінің бойына тәлімді тәрбие, саналы білім сіңіре білген ұстаздың мерейі қашанда биік. Олардың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, парасат-пайымы үлгі-өнеге. Мерекелеріңізбен аяулы да, құрметті ардагер ұстаздар
Мерекелеріңізбен құрметті ұстаздар!
04-10-2023 17:12
Мерекелеріңізбен құрметті ұстаздар!
Ұстаздар күні қарсаңында гимназия оқушылары сүйікті ұстаздарына “Ұстазым менің, ұстазым” әнін арнады. Мерекелеріңізбен құрметті ұстаздар!
Гимназиямыздың ардагер ұстаздары, мерекелеріңіз құтты болсын!
01-10-2023 18:23
Гимназиямыздың ардагер ұстаздары, мерекелеріңіз құтты болсын!
Үлкендерді сыйлау, құрмет көрсету - ұлтымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі. Қарттар күні қарсаңында, кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, гимназиямызда еңбек еткен асыл жандарға дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Әрдайым, тынымсыз еңбегімен еліне қалаулы жандар - болашақ ұрпаққа өнеге болар.
Гимназиямызда мектеп президенті сайлауы өтті
29-09-2023 18:18
Гимназиямызда мектеп президенті сайлауы өтті
Гимназиямызда бүгін мектеп президенті сайлауы өтті. Нәтижесі: 1. Жалел Ұлан - 56 ұпай - барлық дауыстың 18%; 2. Жукенов Ерен - 54 ұпай -17%; 3. Балжанова Айзере - 49 ұпай -16%; 4. Партияқызы Арайлым - 35 ұпай -12%; 5. Мустаханов Расул - 31 ұпай- 12%; 6. Сабиганова Аружан - 24 - 8%; 7. Ахметова Айдана - 22 ұпай - 7%; 8. Зейнулла Нұрислам - 17 ұпай - 5,6 ұпай; 9. Рымбек Мансур - 11 ұпай - 3,6 % 10.Нахметова Дания - 7 ұпай - 1 ,3%.
Қазанның соңғы жексенбісі еңбек күні
27-09-2023 13:05
Қазанның соңғы жексенбісі еңбек күні
Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, байқуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Гимназиямыздың барлығымыз үшін жылы,әрі жайлы, таза әрі ыңғайлы, жарық болуын күнде қамтамасыз етіп отырған жандарға алғыс білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын
Еңбек - елдің мұраты
24-09-2023 15:08
Еңбек - елдің мұраты
Еңбек күніне орай барлық сыныптарда "Еңбек - елдің мұраты" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатында адал еңбек адамы дәріптеліп, қоғамға пайдасы, жеке қасиеттері насихатталды.