Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні
16-11-2022 18:14
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Осы атаулы күнге орай 6 сынып оқушыларымен “Қант диабеті және балалар” тақырыбында танымдық-ақпараттық шара ұйымдастырылды. Балаларға қант диабеті дерті туралы, оның белгілері мен алдын алу жолдары, сондай-ақ дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайлы ақпарат айтылды. Оқушылар топтық жұмыста пайдалы әрі зиянды тағамдарды топтап, тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді.
Тұмаудың алдын алу
15-11-2022 15:05
Тұмаудың алдын алу
Оқушылардың СӨС-ке дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында Ақсу қалалық емханасы, жастар денсаулығы орталығы мамандары жоғары сынып оқушыларымен дәріс сабағын өткізді. Кездесу барысында “Тұмаудың алдын алу” “ ұлдар мен қыздар достығы”тақырыбында дәріс оқылып, бейне көрсетілді, орталықтың мақсат міндеттерімен таныстырып,психолог маман тренингтер пен танымдық ойындар өткізді. Жасөспірімдерді толғандыратын сауалдарға жауап беріп, жадынамалар таратылды.
Облыстық лингвистикалық олимпиадасының жүлдегерлері
11-11-2022 18:53
Облыстық лингвистикалық олимпиадасының жүлдегерлері
Облыстық лингвистикалық олимпиадасында гимназия оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, Амангелді Нұрәділ - 2 орын, жетекшісі Нургалиева Салтанат Еркиновна; Алимова Томирис - 3 орын, жетекшісі Сыздыкова Мадина Канапьяновна. Ұстаздар мен оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз!
Үш тілде білім беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыты
08-11-2022 18:13
Үш тілде білім беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыты
7 қараша күні гимназияда «Үш тілде білім беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыты» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Пед. кеңесте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Джамалбаева С.С. «ЖМБ цикл пәндерді ағылшын тілінде оқыту - заман талабы» тақырыбында баяндама жасады. Физика пәні мұғалімдері Қабылбекова А.С. мен Атик Б.В, информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т. іс-тәжірибелерімен бөлісті.
V "Менің Кіші Отаным" Республикалық зияткерлік конкурсының жүлдегерлері
07-11-2022 19:00
V
Тараз қаласында өткен V "Менің Кіші Отаным" Республикалық зияткерлік конкурсында гимназиямыздың оқушылары Каиржанова Аида 2 орын, Жиенхан Сая 3 орын иегері атанып, Алимова Томирис "Дарын" орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшілері Гүлжазира Қабдылкәрімқызы, Мұтан Мұратбек, Іңкәр Нышановнаны және жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!
Ақмаржан республикалық балалар оқуларында Алғыс хатпен марапатталды!
06-11-2022 18:11
Ақмаржан республикалық балалар оқуларында Алғыс хатпен марапатталды!
2022 жылдың 2-3 қараша күндері «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ- ның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Астана қаласы Әл- Фараби атындағы оқушылар сарайында Республикалық балалар оқулары өтті. Балалар оқуларының республикалық кезеңіне Ералиева Ақмаржан қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Райгуль Токановнаны және Ақмаржанды құттықтаймыз!
«Қалың қалай, жас маман?»
05-11-2022 20:02
«Қалың қалай, жас маман?»
3.11.2022 күні жас мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал ету, білікті ұстаз етіп тәрбиелеу, дайындау мақсатында «Қалың қалай, жас маман?» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл отырысты жас мамандармен жұмыс жетекшісі Қабылбекова А.С. ұйымдастырды. Алмагул Серикбаевна жас мамандарға Блум таксономиясы бойынша сабақ құру, белсенді оқу әдістері, сабақ кезеңдері туралы нақты мәліметтер берді.
«Мағжан оқулары» облыстық ғылыми-шығармашылық байқауының жүлдегерлері
05-11-2022 16:19
«Мағжан оқулары» облыстық ғылыми-шығармашылық байқауының жүлдегерлері
2022 жылғы 4 қарашада жалпы білім беру және мамандандырылған ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Мағжан оқулары» облыстық ғылыми-шығармашылық байқауының кезеңі өтті. Гимназия оқушылары жеңіске жетті. Олар Махсатхан Қымбат – 2-орын, Сабиганова Аружан - 3-орын. Жетекшілері Акмарал Еркеновна мен Бахыт Жумабаевнаны және окушыларды құттықтаймыз.
«Зерде» облыстық конкурсының жүлдегерлері
03-11-2022 16:13
«Зерде» облыстық конкурсының жүлдегерлері
2 қараша күні 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Конкурстың қорытындысы: 2 орын - Салих Ақбота, Аблай Нұрсұлтан, Жалешева Аяна, Масалимова Ясмин, Шокушев Ерхат, Рымбек Мансур, 3 орын Аблаева Наргиз, Атаканова Томирис, Жанатбекова Махаббат, Құрмет грамотасы - Оразбек Камиль, Ахмекенова Назерке.
Облыстық волейбол турнирінің жүлдегерлері
31-10-2022 20:14
Облыстық волейбол турнирінің жүлдегерлері
С.Торайғыровтың 129 жылдығына орай облыс мектептері арасында өткізілген облыстық волейбол турнирінде гимназия командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Команданың жаттықтырушы дене шынықтыру мұғалімі Зупар Жәнібек. Құттықтаймыз!
«Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсының жүлдегері
31-10-2022 19:27
«Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсының жүлдегері
Табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсы өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназияның 8а-сынып оқушысы Атакан Дінмұхамед ІІ орынға иеленді. Құттықтаймыз!
Ата-аналарға арналған Ашық есік күні
23-10-2022 18:09
Ата-аналарға арналған Ашық есік күні
17-18 қазан күндері ата-аналарға Ашық есік күні ұйымдастырылды. Ата-аналар әр пән мұғалімімен жеке кездесіп, баласының оқу үлгерімі, пән мазмұнын меңгеруі туралы нақты ақпарат алып, өздерін толғандыратын сауалдарға жауап алды. Бұндай кездесулер отбасы мен мектептің ынтымақты әрекет етуіне жақсы ықпал етері сөзсіз. Алдағы уақытта мұндай форматта кездесулер өткізу дәстүрге енеді.