Көшпелі туристік-өлкетану практикумы
6-7 маусым күндері “Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары» көшпелі туристік –өлкетану практикумы ұйымдастырылды. «ECO#TERRITORY» жазғы жобасы “pro-сканерле, оқы, әрекеттен» білім беру-жобалық интенсиві шеңберінде «Қалмаққырылған таулары» көшпелі туристік-өлкетану практикумына гимназиямыздың “Экстрим” туризм командасының мүшелері қатысып қайтты.
Гимназия ұстазы мен оқушысын Павлодар облысының әкімі марапаттады
Гимназия ұстазы мен оқушысын Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байханов марапаттады. Оқу жылының қорытындысы бойынша зияткер жастарды қолдау дәстүрге айналған.
Өңір басшысы зияткерлік сайыстарда өзін таныта білген Амангелді Нұрәділге 100 мың теңге ақшалай сертификат және Алғыс хат табыстады.
Жазғы бағдарлы лагерь - 2024
Жазғы бағдарлы лагерь. Жаратылыстану. Олимпиадаға дайындық
Жазғы бағдарлы лагерьдегі тренингтік жаттығулар
Жазғы бағдарлы лагерьдегі тренингтік жаттығулар. Ұйымдастырған мектеп психологы Шаймарданова Назигуль Тусуповна
Балаларды қорғау күніне орай қала әкімінің құттықтау
Балаларды қорғау күніне орай гимназия оқушылары Сабиганова Аружан мен Олимпиадаұлы Мұстафа оқудағы жетістіктері үшін қала әкімінің құттықтау хатымен марапатталды.
Гимназия түлегінің алтын ұя мектебіне арнауы
Гимназия түлегі Махсатхан Қымбаттың алтын ұя мектебіне арнауы.
11-сынып оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 137 бал жинады
11-сынып оқушысы ӨМІРЗАҚ АЙБАТ СУАТҰЛЫ Ұлттық бірыңғай тестілеуде 137 бал жинады.
Сынып жетекшісі Карлыгаш Мухтаровнаны, түлегіміз Айбатты және пән мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз!
Айбат, алар асуың мен шығар биігің көп болсын! Біз сенімен мақтанамыз!
“Мектепке тағзым” акциясы
Соңғы қоңырау мерекесіне гимназиямызды 10 жыл бұрын аяқтаған 2014 жылғы түлектеріміз қатысып, мектебіне, аяулы ұстаздарына алғысын білдірді.
Сондай-ақ “Мектепке тағзым” акциясына орай мектебіне теннис үстелін сыйға тартты. Бұл оқушылардың салауатты өмір салтын белсенді ұстануына септігін тигізері анық.
Түлектерімізге үлкен алғыс білдіреміз.
“Дарындыға-дархан жол” атты шығармашылық кеш
Дәстүрлі түрде өтетін “Дарындыға-дархан жол” атты шығармашылық кешіміз.
Жыл бойы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан дарынды оқушыларды марапаттау салтанаты
Мектепішілік пікірсайыс ойыны
23.05.2024 жылы гимназияда жылдың қорытындысы ретінде дебат топтары арасында мектепішілік пікірсайыс ойыны болып өтті. Британдық парламенттік форматта ұйымдастырылған ойын бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі болып отырған лудомания тақырыбында “Бұл палата балалар арасында ойынқұмарлықтың (лудомания) алдын алудың ең тиімді жолдарын ұсынады” атты қарарында өтті.