Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
2019-2020 оқу жылына 10-сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеу
03-06-2019 10:40
2019-2020 оқу жылына 10-сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеу
2019-2020 оқу жылына 10-сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау жұмысының басталуын хабарлаймыз. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылдың 13 маусымына дейін. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді http://specschool.smartaksu.kz сайтына жолдауға болады.
Қалалық мектептердегі жасөспірімдер арасындағы баскетбол жарысы
28-05-2019 09:05
Қалалық мектептердегі жасөспірімдер арасындағы баскетбол жарысы
Ақсу қаласының № 2-ші орта мектебінде өткен қалалық мектептердегі жасөспірімдер арасындағы баскетбол жарысында гимназия командасы ІІ орынды иеленді. Команда құрамында 10-сынып оқушылары Әбілхақ Мұхаммед, Қайса Арсен, 8-сынып оқушылары Абраимов Алихан, Амангелді Абдуллаһ, Алимжанов Алишер, Жомартұлы Айдын және Әбілхақ Солтан. Жетекшісі дене шынықтыру мұғалімі Хавал Нұртай. Құттықтаймыз!
«Бастауыш сыныппен қоштасу» кеші
24-05-2019 11:10
«Бастауыш сыныппен қоштасу» кеші
18-маусым күні 4-сыныптарта «Бастауыш сыныппен қоштасу» кеші өткізілді. 4-сыныпты 48 оқушы аяқтады. Оқушылар білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын білдіре отырып, өз өнерлерін ортаға салды. Ата-аналар тарапынан ұстаздарына алғыстар айтылды.
Павлодар облысы әкімінің жас зияткерлермен салтанатты кездесуі
23-05-2019 16:31
Павлодар облысы әкімінің жас зияткерлермен салтанатты кездесуі
«Дарынды бала - ұлттық құндылық» демекші, 22 мамыр Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бакауов облыстың дарынды оқушыларын марапаттау мақсатында кездесу өткізді. Осы марапатқа лайық деп танылған гимназиямыздың 10-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиетінен өткен Абай атындағы І Республикалық олимпиаданың І орын жүлдегері Батай Аружан кездесуге қатысты. Аружан облыс әкімінің Алғыс хатына және 100 мың теңгенің сертификатына ие болды.
Республикалық '' BILGE'' олимпиадасындағы жеңіс!
23-05-2019 15:58
Республикалық '' BILGE'' олимпиадасындағы жеңіс!
Республикалық '' BILGE'' олимпиадасындағы жеңіс! Математика пәнінен Бас жүлдеге 10-сынып оқушысы Қуатов Алихан, 1-орынға Зияда Дильнара, Калиакбарова Гүлназ, Муратбаева Дана, Багау Дильназ, 3-орынға 4-сынып оқушысы Жанатқызы Медина ие болды. Ағылшын тілі бойынша 1-орын 9-сынып оқушысы Рысымбетова Даяна, 2-орынды 6-сынып оқушылары Ундерме Аяжан, Алимова Томирис иеленді. Бас жүлде иесіне 200 мың шәкіртақы тағайындалды.
Дарындыға-дархан жол 2019" шығармашылық кеш
20-05-2019 11:38
Дарындыға-дархан жол 2019
17 мамыр күні гимназияда жыл сайын дәстүрлі түрде "Дарындыға-дархан жол 2019" шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында жыл қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталды. Ал "Жыл оқушысы" атағына 8 сынып оқушысы Шакбекова Даяна ие болды. Биік жетістікке жеткен оқушылар мен командалар, шығармашылық ансамбльдер медальмен және кубоктармен марапатталды.
II республикалық BilGen ALAMAN олимпиадасы
20-05-2019 09:08
II республикалық BilGen ALAMAN олимпиадасы
Біздің оқушыларымыз 11-12-ші мамыр күндері Өскемен қаласы Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткізілген II республикалық BilGen ALAMAN олимпиадасына қатысып келді.
"Айгөлек" үлгілі би ансамбліне 10 жыл
19-05-2019 08:28
2018 жылдың 16 мамыр күні Ақсу қаласының Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайында "Айгөлек" үлгілі би ансамблінің 10 жылдық мерейтой концерті өтті. "Айгөлек" үлгілі би ансамблін және олардың жетекшісі Динара Нигматуловна Зембаеваны құттықтаймыз. Əрқашан өнердің биік шыңынан көрініңдер!
"Дарындыға-дархан жол" атты шығармашылық кешіне шақырамыз
16-05-2019 12:05
Құрметті ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер! 2019 жылдың 17 мамыр күні жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін, жылдың ең үздік жеңімпаздарын марапаттайтын "Дарындыға-дархан жол" атты шығармашылық кешімізге шақырамыз. Келіңіздер, үздіктерді бірге қошеметтейік!
"Айгөлек" үлгілі би ансамблінің мерейтойлық концерті
14-05-2019 15:04
2018 жылдың 16 мамырында Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайында "Айгөлек" үлгілі би ансамблінің мерейтойлық концерті өтеді. Келіңіздер, тамашалаңыздар!
Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық
14-05-2019 11:45
Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық
13 мамыр күні гимназияда "Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық" тақырыбында психолого-педагогикалық консилиум өтті. Мақсаты: 4-сынып оқушыларының орта буында оқуға дайындық жағдайын қарастыру, психолого-педагогикалық зерттеу нәтижесімен болашақ 5 сынып мұғалімдерін таныстыру, оқушыларға қолайлы жағдай тудыру мәселесін қарастыру.
"Ақ Шағала" республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының жеңіпаздары
08-05-2019 13:13
Ақтөбе қаласында өткен республикалық "Ақ Шағала" хореографиялық фестиваль-байқауында гимназиямыздың "Айгөлек" үлгілі би тобы БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды. Аталмыш сайысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. "Айгөлек" би ансамблін және жетекшісі Динара Негматуловнаны құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз көбейе берсін!