Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Тілдер айлығының қорытындысы
01-10-2015 10:10
Тілдер айлығының қорытындысы
2015 жылғы 7 қыркүйектен 3 қазан аралығында «Тілдер айлығы» өтті. Барлық сыныптар ұйымдастырылып жатқан интеллектуалдық, зияткерлік ойындарға, шығарма, мәнерлеп оқу сайыстарына белсене қатысып, жеңіске жетті. «Тілім менің –тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы 5-7 сыныптар аралығында өтті. Сайыс жеңімпаздары Кунтаева А.(1 орын), Жумабаева Д. мен Жомарт А. (2 орын), Берденбекқызы А., Баяманова А, (3 орын).
«Тілдер айлығы» аясында өткізілген бастауыш сыныптар арасындағы іс-шаралар
25-09-2015 09:56
«Тілдер айлығы» аясында өткізілген бастауыш сыныптар арасындағы іс-шаралар
Қыркүйек айы бойы гимназияда «Тілдер айлығы» өтуде. Осы айлыққа бастауыш сынып оқушылары да белсене қатысты. Атап айтсақ, 1- 4 сыныптар арасында «Тілім менің-тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы, 2 сыныптар арасында «Зерде», 3-4 сыныптар арасында «Елім менің» танымдық сайысы өтті. Барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Зерде» атты интеллектуалдық сайыс
23-09-2015 09:35
«Зерде» атты интеллектуалдық сайыс
21 қыркүйек күні тілдер күні мерекесіне орай 2 сыныптар арасында «Зерде» интеллектуалды сайысы өтті. Бағдарламаға 5 оқушыдан құралған 2 топ «Ойшылдар» және «Тапқырлар» қатысты. Топ басшылары қатысушыларды таныстырып, ұрандарын айтты.
Қалалық дойбы жарысының жұлдегері
17-09-2015 11:48
Қалалық дойбы жарысының жұлдегері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай өткен қалалық оқушылар спартакиадасында гимназияның 9-сынып оқушысы Болатбай Әділ дойбы жарысынан І орынды иеленді. Жетекшісі Бекбасова Бахтула Шариповна. Құттықтайиыз!
Үздік авторлық бағдарлама - 2015
11-09-2015 10:29
Үздік авторлық бағдарлама  - 2015
2015 жылғы 4 қыркүйекте Облыс білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ІІ орынды иеленді. Анар Толыбаевнаны құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
Денсаулық апталығы - 2015
04-09-2015 07:57
Денсаулық апталығы - 2015
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық Денсаулық апталығы осы оқу жылы да жалғасын тапты. Биыл апталық «Менің байлығым - менің денсаулығым» ұранымен өтуде. Гимназияда 2-7 қыркүйек аралығында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында түрлі шаралар жоспарланды. 2 қыркүйек апталық салтанатты түрде ашылып, оқушыларды гимназия директоры М.Касенова құттықтап, бірлескен қызықты сайыстар өткізілді.
1 қыркүйек – Білім күні
03-09-2015 06:41
1 қыркүйек – Білім күні
Бірінші қыркүйек – Білім күні! Бұл күн оқушылар мен ата-аналардың, өз мектебін сүйетін және ұмытпаған барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі. 1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттаған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн! Сонымен қатар Тәуелсіз еліміздің Ата-заңы - ҚР Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекелерін де атап өтуде.
1 қыркүйек - Білім күні
23-08-2015 06:58
1 қыркүйек - Білім күні
2015 жылғы 1 қыркүйек күні Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» мерекесі және Бірыңғай Білім Сабағы өткізіледі.
Мектепке жинал да, өзгеге көмектес
19-08-2015 12:14
Мектепке жинал да,  өзгеге көмектес
Жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акция өткізіледі. Ағымдағы жылы бұл акция «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізіліп отыр. Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету болып табылады.
Республикалық сырттай конкурстары
16-08-2015 12:11
Республикалық сырттай конкурстары
Облыс білім беру басқармасы ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы сырттай нысанда балаларға арналған «Жазғы қиял» және «Менің үздік селфиім» республикалық конкурстар өткізілетінін хабарлайды. Республикалық сырттай конкурстарына жалпы орта қосымша білім беру ұйымдары және колледждердің педагогтары, сондай-ақ білім алушылар қатыса алады.
Хабарландыру
13-07-2015 09:09
 Хабарландыру
«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институтқа 50 жыл толуына орай 2015 жылдың 26-27 қараша аралығында «Педагогтардың біліктілігін арттыру және кәсіби дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Педагогикалық идеялар фестивалін және информатика мұғалімдері үшін V Республикалық «Алтын диск» байқауын өткізеді.
«Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық байқау өткізіледі
13-07-2015 08:36
«Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық байқау өткізіледі
Халықаралық Экология және Инженерия Ғылым Академиясы «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық байқауын өткізеді. Мақсаты: Республикамыздың білім жүйесіне үлкен үлес қосқан мұғалімдерді анықтау. Байқау 25.08.2015 жылы өткізіледі. Байқауға қатысу үшін мекеме басшысының ұсынымы, портфолио, сұраныс және панорамалық сабақ электронды түрде еcology_academy@mail.ru поштасына жіберіледі.