Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Гимназия жаңа 2015-2016 оқу жылына оқушыларды қабылдайды
23-05-2015 07:18
Гимназия жаңа 2015-2016 оқу жылына оқушыларды қабылдайды
Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның негізгі мақсаты оқушының өзіне тән интеллектуалдық және шығармашылық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісін дамыту және ғылым негізінде терең және жан-жақты меңгеру негізінде оқушылар дүниетанымының тұрақтылығын қалыптастыру. Осы негізде гимназияда оқушыларды жоғары сыныптарға қабылдау 10-11 маусым, 1-сыныпқа 28-29 мамыр күндері жүргізіледі.
«New Star KZ» Республикалық конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
21-05-2015 05:56
«New Star KZ» Республикалық конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2015 жылдың 16 мамыр күні Павлодар қаласында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында «ARUZHAN- Production» вокал студиясының ұйымдастыруымен «New Star KZ» эстрадалық вокал және хореография Республикалық конкурсы өтті. Гимназияның «Айгөлек» би тобы конкурсқа қатысып, «Әлем халықтарының биі» номинациясы бойынша жүлделі І орынға ие болды. Оқушыларды және олардың жетекшісі Динара Ниғматуллақызын құттықтаймыз!
«Бастауышым – балбұлағым»
20-05-2015 07:26
«Бастауышым – балбұлағым»
16 мамыр күні 4-сынып оқушыларының бастауыш сыныппен қоштасуға арналған «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгілігі өтті. Оқушылар білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын білдіре отырып, өз өнерлерін ортаға салды. 5-сыныпта жетекшілік ететін сынып жетекшілерімен таныстырылды. Ата-аналар тарапынан ұстаздарына алғыстар айтылды.
«Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш
19-05-2015 06:13
«Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш
2015 жылдың 15 мамыр күні гимназияда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл кеште облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жоба және олимпиадаларда жетістікке жеткен оқушылар марапатталды. Осындай білім шыңына жетуге тырысқан 35 оқушы марапатқа ие болды, сондай-ақ «Жыл оқушысы» анықталды. Ол 11-сынып оқушысы, "Алтын белгіге" үміткер Успанова Айгерім.
«Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат»
10-05-2015 16:27
«Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат»
8 мамыр күні гимназияның Даңк залында ҰОС 70-жылдығына арналған «Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат» атты саптүзеу өтті. Саптүзеу барысында 1-4 сынып оқушылары соғысқа қатысқан аталары, олардың ерлік жайлы әңгімелесе, 5-10 сынып оқушылары жерлес батырларымызға арнап шығарған кітаптарын Даңк залындағы көрмеге қойды. 9ә-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ер есімі – ел ісінде» атты салтанатты жиын өтті.
«Мен және менің коучингім» республикалық бейне коучинг-сабақтар байқауы
10-05-2015 16:16
«Мен және менің коучингім» республикалық бейне коучинг-сабақтар байқауы
2014 жылдың 1 қазаны мен 15 желтоқсан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Деңгейлік бағдарламалар орталығы екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдер арасында «Мен және менің коучингім» республикалық бейне коучинг-сабақтар байқауы өткізді. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бакирбекова Гүлбану Абусыздыққызы «Шығармашыл коуч» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!
Республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары
08-05-2015 09:51
Республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары
2015 жылдың 3-5 мамыр күндері «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тарих ата» республикалық қашыктық олимпиадасының қорытынды кезеңін Ақмола облысындағы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» РОСО өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Боранбай Бихан жүлделі І орынға, 6 сынып оқушысы Берденбек Аманжол ІІІ орынға ие болды. Биханға «Балдәурен» РОСО демалуға жолдама берілді.
«Жас тілші – 2015» қашықтық конкурсы
08-05-2015 09:39
«Жас тілші – 2015» қашықтық конкурсы
2012 жылдың 25 қантар мен 18 наурыз аралығында «Балалардың ақпараттық кеңістігі: кәсіби іс, шығармашылық, қаржылар» тақырыбына "Бақытты жұлдыз астында" атты балалар мен жастар бұқаралық ақпарат құралдарының ХІ Халықаралық жас тілшілер медиафестивалі аясында "Жас тілші – 2015" қашықтық конкурсы өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназияның 11-оқушысы Каиржанова Адия ерекше жетістіктері үшін дипломмен марапатталды.
"Жас Ұлан" ұйымының қатарына қабылдау салтанаты
06-05-2015 04:27
2015 жылдың 30 сәуір күні Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында гимназияда оқушыларды "Жас Ұлан" ұйымының қатарына қабылдау салтанаты болып өтті. "Жас ұлан" республикалық ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау рәсімін өткізу гимназия ұстаздарымен "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшелеріне берілді.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы
30-04-2015 12:17
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің  апталығы
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің 20-сы мен 25 сәуір аралығында жоспарланған апталығы өтті. Апталық қазақ халқының «Үш бәйтерегі» атанған Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылығына, қазақ әдебиетіндегі айтулы ақын, қарымды қаламгер, драматург дарындыларына арналды.
5-7 сыныптар арасында кіші мектепішілік олимпиадасы өткізілді
28-04-2015 11:59
5-7 сыныптар арасында кіші мектепішілік олимпиадасы өткізілді
Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 116 жыл толуына байланысты 9 сәуір күні гимназияда 5-7-сынып оқушылар арасында кіші мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 111 оқушы қатысып, 76 оқушы жүлделі орындарға ие болды. "Ең үздік кіші олимпиадалық сынып" номинациясына 5а-сынып ие болды. 5a-сынып оқушысы Успанова Аймира "Абсолютты жеңімпаз" болып атанды.
Психология апталығының қорытындысы
22-04-2015 05:35
Психология  апталығының қорытындысы
6.04.15-11.04.15 аралығында гимназияда психология апталығы болып өтті. Алдын ала апталықтың өтілу барысында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарланып, олардың өтілуіне жауаптылар бекітілді. Аптаның әрбір күні белгілі бір мақсатқа бағытталған ұжымды топтастырып, көңіл-күйді көтеріп, жұмыс күніне белсенді серпіліске бағыттайтын акциялармен басталып, үзілістегі ойындармен, тренингтермен жалғастырылып отырды.