Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған сайттың үздік бөлімі конкурсы
18-04-2015 07:43
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған сайттың үздік бөлімі конкурсы
Облыс білім беру басқармасы мен ақпараттық технологиялар орталығы 2015 жылғы 1 ақпан мен 13 наурыз аралығында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Ерлік, даңқ, батылдық туралы» білім беру ұйымдары сайтының үздік бөлімі облыстық конкурсын өткізді. Конкурстың қорытындысы бойынша біздің гимназия І дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!
Математика пәнінен КИО нәтижелері
14-04-2015 10:05
Математика пәнінен КИО нәтижелері
2015 жылы 7 сәуір күні математика пәнінен КИО өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 6а-сынып оқушысы Куатов Алихан І орынға, 7а-сынып оқушысы Кабышева Динара ІІ орынға ие болды. Мұғалімі Давлятчина Салима Васильевна. Құттықтаймыз!
Жас ғалымдар ерледі
14-04-2015 06:18
Жас ғалымдар ерледі
2015 жылы 10-сәуір күні Павлодар қаласында Торайғыров атындағы ПМУ-де «ХV Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға гимназияның оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. І орын - Успанова Айгерім, Амиргалиева Мадина (11-сынып), Аскарбек Әділ, Хасанова Айдана (10-сынып), Жандарбек Жақан, Омирзаков Жанибек (9а-сынып), ІІ орын Қайыржан Санжар, Турапекова Айым (10-сынып).
Бастауыш мектеп оқушыларының арасындағы ІІ облыстық математикалық турнирі
11-04-2015 09:25
Бастауыш мектеп оқушыларының арасындағы ІІ облыстық математикалық турнирі
2015 жылдың 8 сәуір күні Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беретін мектебінде 2-4 сынып оқушылар арасында ІІ облыстық математикалық турнир өткізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша үшінші сыныптар арасында ІІІ дәрежелі дипломмен гимназияның 3-сынып оқушысы Есмуханов Аңсар марапатталды. Аңсарды және оның тренері Елубаева Мариям Сейсенқызын құттықтаймыз!
Гимназияда Психология апталығы өтуде
08-04-2015 10:45
Гимназияда Психология апталығы өтуде
6-11 сәуір аралығында гимназияда Психология апталығы өтуде. Апталық дүйсенбі 6 сәуір күні «Таңертеңгі көңіл күй» сауалнамасынан басталды. Барлық қатысушылар өздерінің көңіл күйіне сәйкес келетін түстерді таңдап, қораптарға салды. Сабақ басталар алдында «Жүректен жүрекке» акциясы өткізілді. Қабаттарға тізіліп тұрған оқушылар мен мұғалімдер жақсы тілектер жазылған түрлі-түсті шарды игі сөздерді айта отырып, бір-біріне берді.
Өнерімен тамсантқан «Айгөлек» бишілері
03-04-2015 07:22
Өнерімен тамсантқан «Айгөлек» бишілері
Жыл сайын «Казхром» ТҰК, «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ бөлімшесі өткізетін «Айналайын» шығармашылық фестиваліне «Айгөлек ансамблі бес жыл қатарынан қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. 2015 жылдың 25-31 cәуір аралығында Ақтөбе қаласында «Казхром» трансұлттық компаниясы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Айналайын» шығармашылық фестиваліне қатысып, Гран-приді ұтып алды. Құттықтаймыз!
«Грация» Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы
03-04-2015 07:03
«Грация» Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы
2015 жылдың 28-31 наурыз аралығында Астана қаласында өткен «Грация» Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсында ІІІ орын иеленген «Еркетай» тобының мүшесі 4ә-сынып оқушысы Қаршыға Аружанды құттықтаймыз!
“Мұғалімнің психологиялық саулығы” атты семинар-тренинг
31-03-2015 14:52
“Мұғалімнің психологиялық саулығы” атты семинар-тренинг
2015 жылдың 30 наурыз күні гимназияда ұстаздар қауымына арналған “Мұғалімнің психологиялық саулығы” атты семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты: эмоционалдық күйіп кету, қажудың алдын алу, өзін-өзі реттеу және босаңсу әдістерін үйрету, жағымды эмоционалдық жағдайды қалыптастыру. Ұжым мүшелері үш топқа бөлініп, әртүрлі топтық, жұптық жаттығулар орындау арқылы бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсті ...
Мұғалімдердің ХI облыстық пәндік олимпиадасының жүлдегерін құттықтаймыз!
30-03-2015 07:26
Мұғалімдердің ХI облыстық пәндік олимпиадасының жүлдегерін құттықтаймыз!
2015 жылғы 27 наурызда Инновациялық Еуразия университетінде Павлодар облысының білім беру басқармасының ұйымдастыруымен мұғалімдердің ХI облыстық пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша гимназияның физика пәнінің мұғалімі Атик Бибигуль Васильевна І дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бибигуль Васильевнаны шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жеңістер тілейміз!
Информатика пәнінен «ИНФОЗНАЙКА» халықаралық ойын-конкурсының нәтижелері
27-03-2015 09:12
Информатика пәнінен «ИНФОЗНАЙКА» халықаралық ойын-конкурсының нәтижелері
2015 жылдың 12 ақпан күні информатика және ақпараттық технологиялар бойынша өткізілген «ИНФОЗНАЙКА» халықаралық ойын-конкурсының нәтижелері шықты. Ойын-конкурсына гимназиядан 4-7 сыныптардан 16 оқушы қатысты. Ойынның жеңімпаздарын құттықтаймыз! Олар 4ә-сынып оқушылары Абраимов А., Шулен Д., Базар Н., Хасенов Е., Кожабергенов Д., Камзин А., Бейсебаева Д., Каршыға А. және 6а-сынып оқушысы Досмагамбетова А.
«Жол ережесін білейік»
27-03-2015 06:17
«Жол ережесін білейік»
Көктемгі каникул күндері гимназияда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. 26 наурыз күні 1 сынып оқушыларына арналған «Абайла, балақай» атты жол жүру ережелеріне арналған сайыс өтті. 1«а» және 1«ә» сынып оушылары «Белгілер нені білдіреді?», «Велосипедпен жолды өтіп көр!», «Белгілер сыр шертеді», «Кім жылдам», «Онлайн ойыны» атты бекеттерден өте отырып, жолда жүру ережелерін меңгерді ...
Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
20-03-2015 10:34
Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Құрметті әріптестер! Ұлыстың ұлы күні шаңырақтарыңызға құт-береке әкеліп, ырыс кіргізсін! Әз Наурыз көктем күніндей шаттық пен қуаныш сыйласын. Даламыз тыныш, дастарқанымыз кең, көңілдеріміз тоқ, төрт түлігіміз ақты болып, еліміздің дәулеті шалқи берсін! Наурыз құтты болсын!