Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Информатика пәнінен «Bebras» халықаралық ойын-конкурсының жүлдегерлері
20-03-2015 06:10
Информатика пәнінен «Bebras» халықаралық ойын-конкурсының жүлдегерлері
2014 жылдың 26 желтоқсан күні информатика пәнінен өткізілген «Bebras» халықаралық қашықтық ойын-конкурсының жүлдегерлері ІІІ дәрежелі дипломымен марататталды. Олар 4-сынып оқушылары Хасенов Еркебулан, Қаршыға Аружан, Зарұза Нұрай, Куандыков Адиль, 5-сынып оқушылары Омурбаева Адель, Бутеев Даниал, Успанова Аймира, Тельжанов Жанұзақ, 6ә-сынып оқушылары Жумабаева Дильнара, Жуматаева Асель, Сембайұлы Сұлтан.
«British Bulldog» халықаралық сайысынының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
20-03-2015 05:34
«British  Bulldog» халықаралық сайысынының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2014 жылдың 16 желтоқсан күні ағылшын тілі пәнінен өткізілген «British Bulldog» халықаралық сайысының нәтижесі шықты. Сайыстың қорытындысы бойынша 4ә сынып оқушылары Хасенов Еркебулан, Камзин Асхат, 3 сынып оқушылары Дүйсекен Арайлым, Баисова Адемау, Апаева Альмира, Баймуринова Адель, Жанат Жанерке, 5ә сынып оқушысы Такаранова Алуа, 9а сынып оқушылары Рымбаева Меруерт, Социолова Самира – І дәрежелі дипломымен марапатталды.
"Русский медвежонок" халықаралық сайысынының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
20-03-2015 05:04
2014 жылдың 13 қараша күні орыс тілі пәнінен өткізілген «Русский медвежонок» халықаралық сайысының нәтижесі шықты. Гимназияның оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Олар, 2-сынып оқушысы Бекбасова Айгерім, 3-сынып оқушысы Лашимова Аяулым, 5-сынып оқушылары Бекбасова Айдана - І орын, Жалелова Айдана – ІІ орын, 8-сынып оқушысы Болатбай Әділ, 9а-сынып оқушысы Омирзаков Жанибек – ІІІ орын. Құттықтаймыз!
«Еліме шуақ бер, әз-Наурыз»
19-03-2015 10:21
«Еліме шуақ бер, әз-Наурыз»
18-ші наурыз күні Наурыз мерекесі қарсаңында гимназияда «Еліме шуақ бер, әз-Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді. Әрбір сынып «Наурызша», «Бәйшешек», «Қызғалдақ» сияқты ауылдарға бөліне отырып, мерекелік дастархан әзірлеу, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, бата жаттау, ұлттық ойындарға қатысу сияқты сайыстарға түсті. Шара барысында Қыдыр баба балаларға өзінің Наурыз батасын беріп, Наурыз қыз көктемнің шуағындай жырларын арнады.
Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің апталығы өтті
19-03-2015 05:10
Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің апталығы өтті
2015 жылдың 10-16 наурыз аралығында гимназияда Эстетикалық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің апталығы жоспар бойынша өтті. Сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Атап өтсек: 2-4 сыныптар арасында өткізілген «Көңілді сөре» сайысында 4а сынып оқушылары І орынға ие болды, 8-11 сыныптар арасындағы «Ак-47 бұзып-жинау» көпсайысында 10 сынып ұлдары өздерінің шапшандылығын көрсете білді ...
Қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәнінен КИО нәтижелері
12-03-2015 08:36
Қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәнінен КИО нәтижелері
2015 жылы 5 наурыз күні қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәнінен КИО өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілі пәнінен 8-сынып оқушылары Амангельдинова Лаура – І, Назымбеков Нурхат – ІІ, Боранбай Бихан – ІІІ орынға және Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орынға ие болды. Мұғалімдері: қазақ тілі мұғалімі Дюсембаев Әскербек Құлтайұлы және тарих пәнінің мұғалімі Ибраева Бахыт Шаймардановна. Құттықтаймыз!
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
07-03-2015 06:49
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, көтеріңкі көңіл, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Халықаралық ғылыми жарыстың жүлдегерлерін құттықтаймыз!
06-03-2015 12:35
Халықаралық ғылыми жарыстың жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2015 жылдың 28 ақпан мен 5 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң механика-математикалық факультетінде Ө.Жолдасбеков атындағы V халықаралық конкурсы өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназияның 11-сынып оқушылары Жолдас Азамат және Жұмағұл Әділжан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі құқық және экономика пәнінің мұғалімі Сыздыков Азамат Жанайдарұлы. Құттықтаймыз!
«Таң қалма, Мұқағали Заңғарға» атты поэзия кеші
05-03-2015 10:22
«Таң қалма, Мұқағали Заңғарға» атты поэзия кеші
2015 жылдың 3-ші наурыз күні гимназияда қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың 84-жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ақиық ақынның шығармашылығына арнап «Таң қалма, Мұқағали Заңғарға» атты поэзия кеші өткізілді.
Бастауыш сыныптар ӘБ апталығының қорытындысы
04-03-2015 09:18
Бастауыш сыныптар ӘБ апталығының қорытындысы
Ақпанның 23-28-і аралығында гимназияда Бастауыш сыныптар ӘБ апталығы өтті. 24-ақпанда «Балабақшамен байланыс» қалалық семинары өтті. Семинарға қалалық балабақша тәрбиешілері қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар көрсетті. Оқу ісінің меңгерушісі С.С. Джамалбаева және мектеп психологі Шаймарданова Н.Т. оқушылардың интеллектуалды даму деңгейлері бойынша зерттеулерімен бөлісті.
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығару күніне орай кездесу өткізілді
02-03-2015 12:01
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығару күніне орай кездесу өткізілді
2015 жылдың 27 ақпан күні гимназияда Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығару күніне орай Ауған соғысы ардагері Харифоллин Сифолла Бизатоллаұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде 9-10 сынып оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлістті. Кездесуден соң АӘД пәнінің мұғалімі Джамалбаев Мейрам Сағатұлы 9-10 сынып оқушылары арасында әртүрлі жарыстар өткізді. Кездесу өте қызықты, әрі тартымды өтті.
"Бір шаңырақ астында" атты қалалық мәдени-танымдық сайыс
28-02-2015 09:03
27 ақпан күні Ақсу қаласы Балалар шығармашылық үйінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған "Бір шаңырақ астында" атты 6-8 -сыныптар арасында қалалық мәдени-танымдық сайыс өткізілді. Татар халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнерінен үздік білім көрсеткен гимназияның 6"ә"-сынып оқушылары жүлделі І орынды жеңіп алды. Cынып жетекшісі Дария Амантайқызы Нургалиева. Құттықтаймыз!