Тілдер мерекесіне орай "Тіл білгірлері" атты сайыс өтті
Тілдер мерекесіне орай 5ә сыныбында "Тіл білгірлері" атты сайыс ұйымдастырылды. Бұл шарада тіл көркемділігіне мән беру, қойылған сұраққа нақты, толық жауап беру, тапсырмаларға үш тілде жауап бере алу мақсаты қойылған болатын. Балалар аса қызығушылықпен қатысқан қызықты, танымды сайыс болды. Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нургалиева Дария Амантаевна
8-11 сынып оқушыларына арналған облыстық гуманитарлық олимпиадасы
17-қыркүйек күні Павлодар облысы білім беру басқарма басшысының бастамасымен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жаңа инновациялық жоба 8-11 сынып оқушыларына арналған облыстық гуманитарлық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Каиржанова Аида - ІІ орын, Қожабергенов Думан - ІІІ орын, Қайрат Ләйлә - ІІІ орын, Қайырғалым Жансұлу - ІІІ орын иеленді.
"Тәуелсіздік жетістігі" республикалы сынып сағаттары
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістігі" республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағатының қадірлі қонағы Ақсу қаласының құрметті азаматы, ҚР журналистері Одағының мүшесі, ардагер ұстаз Светлана Қабидоллақызы Қондыкерова. Светлана апай оқушылармен Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерге ерекше тоқтала отырып, Ақсу қаласы атауының өзгеруі, "Ермак" ескерткішінің алыну тарихымен бөлісті.
"Оқу майталмандары" атты дауыстап оқу сайысы
"Бір ел - бір кітап", "30 жылдыққа - 30 кітап" республикалық акция шеңберінде гимназияның кітапханасында "Оқу майталмандары" атты дауыстап оқу сайысы өткізілді. Сайыскерлер мерейгер жазушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін, Ыбырай Алтынсариннің прозалық шығармаларынан үзінділер оқыды. Сайысқа 5а, 5ә, 5б сынып оқушылары қатысып, дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.
Баланың психикалық денсаулығын сақтау және нығайтудың жолдары
9 қыркүйек күні "Баланың психикалық денсаулығын сақтау және нығайтудың жолдары" атты ата-аналар жиналысы қашықтықтан ұйымдастырылды. Мектеп психологы Н. Шаймарданова "психикалық денсаулық деген не, оған қалай күтім көрсете аламыз" деген сауалдар төңірегінде түсінік берді. Балалардың жас ерекшеліктері мен кездесетін қиындықтарына тоқталып, оның себебі мен салдарын, оны бірігіп шешу жолдарын түсіндіріп өтті.
1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
Білім күні барлық сыныптарда ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" атты сынып сағаты өтеді.
Ақ жол саған, жас түлек!
Кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшып бара жатыр. Қымбатты жас түлектер! Біз Сіздердің "Өмір" деп аталатын өзенде ақ желкеңдерінізді жайып, аттанып бара жатқан жолдарына сәттілік тілейміз!
Қазақстанның гүлденуі үшін болашақта өз үлестеріңізді аянбай қосып, бірлікпен сенімді жоғары бағалайды деген сенімдеміз!
Республикалық дебат турнирінің финалдық зияткерлік көрсетілімі
Балаларды қорғау күні гимназиямыздың "Ақиқат" дебат клубының мүшелері Қожабергенов Думан мен Жәнібек Жансая Астана қаласында өткен Республикалық балаларды қорғау күніне арналған "Дебат қаласы - Нұр-Сұлтан" Республикалық дебат турнирінің финалдық зияткерлік көрсетілім ойынына онлайн көрермен ретінде қатысты.Турнирға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысып, балалармен сұхбаттасты
Республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен онлайн-кездесу өтті
ҚР Білім және ғылым министрінің жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен онлайн-кездесу қорытындысы өтті. Павлодарлық зияткерлер дүбірлі додада 51 медальге ие болды, оның ішінде біздің оқушылар Шакбекова Даяна мен Жәнібек Жансая бар. Онлайн-кездесу барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар табыс етілді.
«Болашақ – өз қолыңда» облыстық жобалар конкурсы
2021 жылғы 12 мамырда жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Болашақ – өз қолыңда» облыстық жобалар конкурсы өтті. Конкурс қорытындысы бойынша «Экология саласындағы жобалар» бағытында 9-сынып оқуышысы Ералиева Р. және «Жылу/электр және баламалы энергетика саласындағы жобалар» бағытында 8-сынып оқушысы Токтамысов Олжас ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
М.Ж.Байғалова атындағы облыстық қазақ тілі мен әдебиетінен пән олимпиадасы
М.Ж.Байғалова атындағы облыстық қазақ тілі мен әдебиетінен өткізілген пән олимпиадасында гимназиямыздың 8-сынып оқушысы Каиржанова Аида 1-орынға және 7ә-сынып оқушысы Семсерхан Назлы 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Республикалық пән олимпиадасының жүлдегерлері
Республикалық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Шакбекова Даяна ағылшын тілі пәнінен І орын, 10-сынып оқушысы Жәнібек Жансая қазақ тілі пәнінен ІІІ орын иеленді. Олимп шыңын бағындырған қыздар мен жетекшілері Нургалиева Салтанат Еркінқызы, Нургалиева Дария Амантайқызын құттықтаймыз!