Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Бастауыш сынып ӘБ апталығының қорытындысы
01-03-2017 11:13
Бастауыш сынып  ӘБ  апталығының қорытындысы
20-25 ақпан аралығында бастауыш сынып ӘБ апталығы өтті. Апталық барысында «Гимназия және балабақша арасындағы сабақтастық» тақырыбында өтті. Семинарға қаламыздың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері қатысты. Апта бойы оқушылардың үзіліс кезіндегі уақытын қызықты өткізу мақсатында «Сырлы сурет», «Оригами», «Ойлан, тап» тапсырмалары мен мультфильмдер көрсету, флешмоб ұйымдастырылды.
«Ең үздік сынып жетекші» байқауы сынып жетекші мәртебесін көтерді
27-02-2017 07:51
«Ең үздік сынып жетекші» байқауы сынып жетекші мәртебесін көтерді
Гимназиямызда екі апта бойы «Ең үздік сынып жетекші» байқауы өтті. Байқау мақсаты сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін арттыру болатын. Байқауға қатысушы 5-10 сынып жетекшілері І кезеңінде сыныптан тыс іс-шара өткізсе, ІІ кезеңде сыныптағы тәрбие жұмысының ең басты бағыттарын насихаттайтын «Менің сыныбым» атты жарнамалық буклет пен сыныптан тыс өткізілген шаралардың әзірлемесінен тұратын әдістемелік жинақты қорғады.
«Жас математиктердің зияткерлік жарысы»
20-02-2017 14:47
 «Жас математиктердің зияткерлік жарысы»
2017 жылғы 14-17 ақпан аралығында Павлодар қаласында облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ІV аймақтық жас математиктер турнирі өткізілді. Біздің гимназиямыздың 7-сынып оқушысы Амирова Айкен Павлодар облысының «Жалын» құрама командасының құрамында болып, екінші лигада ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Алькеева Зарукеш Букуровна. Құттықтаймыз!
Туристік белестер
20-02-2017 14:23
Туристік белестер
Ақпан айының 17-19 күндері Павлодар қаласында туристік көпсайыс бойынша облыстық чемпионат өтті. Гимназия оқушылары осы чемпионатқа қатысып, бірінші күні техникалық дистанция бойынша 8 кезеңнен өтіп, екінші күні эстафеталық дистанцияның 4 кезеңінен өтіп, екі күннің нәтижесі бойынша командалық ІІІ орынды иеленді. Команда құрамында Қайраш Ермұхан, Жұматаев Тамерлан, Мукышев Жанболат және Елемесова Таслима. Құттықтаймыз!
«Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі
10-02-2017 10:51
«Жарқын болашақ»  олимпиадасының облыстық кезеңі
9 ақпан күні Павлодар қаласы қазақ-түрік қыздар лицейінде «Жарқын болашақ» IX республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 7-сынып оқушысы Дарганбеков Жомарт («Жас ғалым» бағыты) І орынға және 10-сынып оқушысы Хуатбекқызы Айша («Тілші-әдебиетшілер» бағыты) ІІІ орынды иеленді. Жомарт пен Айшаны және ұстаздары Ақмарал Еркінқызын, Аскербек Құлтайұлын құттықтаймыз!
Спортшыларымыз өз жеңісін Универсиадаға арнайды!
06-02-2017 09:49
Спортшыларымыз өз жеңісін Универсиадаға арнайды!
Ақпан айының 3-5 аралығында Павлодар қаласында XVI облыстық қысқы оқушылар спартакиадасына гимназияның командасы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Гимназия оқушылары Қайрош Ермұхан, Жұматаев Тамерлан, Мұқышев Жансаят, Такаранова Алуа спорттық бағдарлаудан жеке есепте де әрқайсысы ІІ жүлделі орындарды иеленді. Жаттықтырушысы Мухитова Айсұлу Бөкенбайқызы. Оқушыларымызды құттықтаймыз!
Гимназиямызда МИФ апталығы өтті
06-02-2017 08:27
Гимназиямызда МИФ апталығы өтті
2017 жылдың 30 қаңтардан 4 ақпанға дейін гимназиямызда МИФ апталығы өтті. Апта бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене қатысты. 8-11 сыныптар арлығында метепішілік Жаутіков олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер марапатталды. 8 А сыныбынан Куатов А. – 1 орын, Қазбеков М. – 3 орын , 8Ә сыныбынан Қайыр К. – 3 орын; 9 сыныптан Кабулдинова М. – 2 орын алды.
Қысқы Универсиадаға арналған «Қанатыңды кең серпі!» атты шаралар туралы ақпарат
04-02-2017 07:54
Қысқы Универсиадаға арналған «Қанатыңды кең серпі!» атты шаралар туралы ақпарат
Гимназияда 28 қысқы универсиадаға арналған сынып сағаттары, сайыстар және жаппай шаңғы жарысы өтті. 1-4 сыныптарда «Қанатыңды кең серпі» ақпараттық стенді безендіріліп, оқушыларға таныстыру өткізілді. 3-4 сыныптарда «Универсиада 2017» атты сынып сағаттары өтті. 6-8 сынып оқушылары жаппай шаңғы жарысына қатысу арқылы өздерінің универсиада спортшыларына қолдауларын білдірді.
Үштіліділік – жарқын болашақ кепілі
31-01-2017 10:51
Үштіліділік – жарқын болашақ кепілі
23-28.01.2017 ж. гимназияда «Үштіліділік – жарқын болашақ кепілі» апталығы өткізілді. Апталық барысында «Үш тілде оқыту экспериментінің талаптарына бейімделу жағдайы» атты педконсилиум, «Үштілде білім беру: ізденіс, проблемалар және даму болашағы» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстық мамандандырылған мектептердің, Ақсу қаласының мектептерінің мұғалімдері мен оқу ісінің меңгерушілері қатысты.
«Жол тәртібін білейік – аман есен жүрейік»
28-01-2017 11:34
«Жол тәртібін білейік – аман есен жүрейік»
Гимназияда 18-і қаңтар күні жол жүру ережесінің апталығы басталды. 3ә сыныбында «Жол ережесін білу - бәріне міндет» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты 8 кезеңнен тұрды. Әр топқа жол ережелеріне байланысты сұрақтар мен жұмбақтар берілді. 19-қантар күні 2а сыныбында «Жол ережесін есте сақта» атты сайыс сабағы өтті. Оқушыларға жол ережесіне байланысты топтық тапсырмалар берілді.
Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі - Шахмат
10-01-2017 12:47
Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі - Шахмат
9-қаңтар күні барлық білім ордаларында облыс әкімінің ұсынысы бойынша шахмат кабинеттері ашылды. Ашылу салтанатына мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар қатысып, «Біру ақыттағы шеберлік ойыны» ұйымдастырылды. Гимназиямызда да шахмат үйірмесінің ашылуына орай үйірменің жаттықтырушы Бердалина Салтанат Жолдасбекқызы «Біруақыттағы ойын» өткізіп, оған қала мектептерінен бірнеше оқушылар қатысты.
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері
10-01-2017 11:33
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері
Павлодар облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес 5-6 қаңтар аралығында жалпы пәндер бойынша облыстық пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға мектебімізден 27 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 7 оқушы марапатталды. Оқушылар мен дайындаған ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!