«Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш
2017 жылдың 19 мамыр күні сағат 18.00-де гимназияның мәжіліс залында «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш өтеді. Кеште оқу жылының қортындысы бойынша білім мен тәрбиеде облыстық, республикалық, халықаралық білім көкжиегінде биік көрсеткіштерге жеткен үздік оқушылар мен ұстаздар аталып, марапатталады. Үздік би, вокал, драма топтары өз өнерлерін көрсетеді. Келіңіздер, кеш қонағы болыңыздар!
«Мектебіме тағзым» акциясы
Акцияны өткізу уақыты: 2017 жылғы 10 мамырдан 30 тамызға дейін.
Мақсаты: өз мектептерінің дамуына үлес қосуға, қолдан келгенше қайырымдылық және демеулік көмек көрсету үшін табысты түлектерді тарту.
Ақцияның қорытындыларын шығару кезеңі (2017 жылғы 1 қыркүйек). Жаңа оқу жылына арналған салтанатты линейкада акцияның қорытындыларын шығару.
Робототехникадан жарыстың алғашқы жеңімпаздары
Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017 жылдың 29 сәуірінде «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен робототехника олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа қатысқан гимназияның 4 командасының екеуі жүлделі орындарға ие болып, гимназия мерейін асырды. Самғау-3 (Мұқышев Ж., Алиханов Қ.) - ІІ орынға және Самғау-4 (Турыcбекова А., Кабдулла Д.) - ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Атик Б.В.
«Адал ұрпақ» клубы жұмысы
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жоспарына сәйкес «Адал ұрпақ» клубы мүшелері 22 сәуірде бастауыш сынып оқушылары арасында «Адал еңбек, алғыр ой-анық досың біліп қой» атты байқау ұйымдастырды. Байқау барысында оқушылар адал еңбек ету, еңбектің жемісін көру, қайырымдылық жасау тақырыбында көрініс көрсетіп, еңбек туралы мақал жарысқа қатысты.
Ғарышқа ұмтылу - табысқа ұмтылу
Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 16-21 сәуір аралығында Тукен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарыс өтті. Жарысқа қатысқан гимназияның 10 сынып оқушысы Қайырдолда Диас I-ші орынға қол жеткізді. Диасты және жетекшісі Атик Б.В. құттықтай отырып, Халықаралық астрономиялық жарыста сәттілік тілейміз.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова – гимназияда
2017 жылдың 18 суәір күні ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы бағдарламасы аясында Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова облыстың білім беру жағдайымен танысуға Ақсу қаласына келді. Бірғаным Сариқызы физика, өзін-өзі тану, информатика, робототехника және шахмат үйірмесі кабинеттерін аралау барысында оқушылармен әңгімелесіп, ұсыныстарын қабылдады.
XXVI облыстық жазғы спартакиадасы
2017 жылдың сәуірдің 14-16 күндері аралығында Павлодар қаласында оқушылардың XXVI облыстық жазғы спартакиадасы өтті. Бағдарлама аясында өткізілген спорттық бағдарлау бойынша 9-сынып оқушылары Кайраш Ермұхан І орын, Жуматаев Тамерлан ІІІ орын, 8-сынып оқушылары Бағау Дильназ ІІ орын, Мұқышев Жанболат ІІІ орын, 7-сынып оқушысы Такаранова Алуа ІІ орынға ие болды. Жалпы командалық есепте гимназияның құрама командасы ІІ орында.
«Үздік педкеңес бағдарламасы» облыстық конкурсы
2017 жылғы 12 сәуірде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында «Үздік педкеңес бағдарламасы» облыстық конкурсы өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназия директорының орынбасары Аккентаева Қырмызы Мұхаметқалиқызы мен психологі Шаймарданова Назигүл Түсіпқызы «Жаңашылдық пен шығармашылық» номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Сәтбаев апталығы аясында
Жылдағы дәстүр бойынша 12 сәуір Қ.И.Сәтбаевтың туған күні 1-сынып оқушылары гимназистер қатарына қабылданды. Оқушылар ғалым ағаларына арнап мәнерлеп өлең оқып, көпшілік алдында жақсы оқып, білім ордасының мақтанышы болуға, табиғатты аялап, алдына қойылған мақсатқа жетуге ант берді. 1-сынып оқушыларын «Мұрагер» домбырашылары мен «Айгөлек» би тобы өнерпаздары құттықтады. Сонымен қатар оқушылар Сәтбаев мүсініне гүл шоқтарын қойды.
М.В. Ломоносов атындағы XVIII турнирі
2017 жылы 9 сәуір күні Омбы қаласында халықаралық М.В. Ломоносов атындағы XVIII турнирі өтті. Қашықтықтан өткізілген І турына қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар Омбы қаласында өткізілген турнирге шақырылды. Олар, география пәнінен 10-сынып оқушылары Боранбай Бихан, Абилов Асет ІІІ орын, орыс тілі пәнінен 8-сынып оқушылары Жуматаева Әсел, Летаева Ляйля, 6-сынып оқушысы Бейсебаева Дана ІІ орын.
«Мәнерлеп оқу» атты қашықтықтан шығармашылық байқауының жүлдегерлері
IQ-Интеллектті дамыту орталығының ұйымдастыруымен ІІІ Республикалық оқушылар арасындағы қашықтықтан «Мәнерлеп оқу» атты шығармашылық байқау өткізілді. Байқауға 4-сынып оқушылары қатысып, дипломдармен марапатталды. Олар, Шайфуллина Анель 2 орын және Каиржанова Аида 3 орын. Құттықтаймыз!
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиаданың облыстық кезеңі
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 2017 жылғы 4 сәуір күні республика бойынша Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гимназияның 10 сынып оқушысы Хуатбекқызы Айша және 9 сынып оқушысы Карибаева Малика ІІ дәрежелі дипломға ие болып, республикалық кезеңіне жолдама алды. Мұғалімдері Дюсембаев А.К. және Нургалиева Д.А.