Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Білім күніне арналған салтанатты саптүзеу
01-09-2017 06:12
Білім күніне арналған салтанатты саптүзеу
Білім күніне арналған салтанатты саптүзеу 2017 жылдың 2-ші қыркүйек күні сағат 10.00-де өтеді. Саптүзеуден кейін барлық сыныптарда «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағы өткізіледі.
«Мектепке жол» акциясы
23-08-2017 14:03
«Мектепке жол» акциясы
1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалпы республикалық әлеуметтік «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Биылғы жылы акция «МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ - БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ» ұранымен өтуде. Барлық азаматтарды, гимназия ұжымы мен ата-аналарды, балаларды осы акцияға белсене қатысып, қайырымдылық жасауға шақырамыз.
ХХVI жазғы спартакиада бағдарламасы бойынша туристік слет
18-06-2017 07:57
ХХVI жазғы спартакиада бағдарламасы бойынша туристік слет
2017 жылдың маусым айының 12-14-ші күндері Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінде облыстық оқушылар арасында ХХVI жазғы спартакиада бағдарламасы бойынша туристік слет өтті. Жарыста Ақсу қаласының «Экстрим» командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Команда құрамы: Жуматев Тамерлан, Кайраш Ермухан, Абилов Асет, Олжабаев Улан, Елемесова Таслима, Мукышев Жанболат, Мусаипов Ануар, Тельжанов Жасузак, Багау Дильназ, Такаранова Алуа.
«Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» байқауы
09-06-2017 10:35
«Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» байқауы
2017 жылғы 5 маусым күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» облыстық байқауы өткізілді. Байқау Павлодар облысының білім беру басқармасы, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша біздің гимназияның сайты ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Қорытынды әдістемелік кеңес
04-06-2017 09:52
Қорытынды әдістемелік кеңес
2017 жылы 30 мамыр күні «Педагогикалық тәжірибе шығармашылықтың жолында: ізденістер, жаңалықтар, табыстар» тақырыбында қорытынды әдістемелік кеңес өткізілді. Гимназия әдістемелік қызметі «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту - тиімді білім берудің негізі» бағытымен жұмыс жасауда. ӘБ жетекшілері өздерінің ағымдағы оқу жылы жеткен жетістерімен бірге, алдағы оқу жылында енгізгелі отырған инновациялық жобалырын ортаға салды.
Қ.И. Сәтбаев атындағы VII Халықаралық олимпиадасы
02-06-2017 08:19
Қ.И. Сәтбаев атындағы VII Халықаралық олимпиадасы
2017 жылғы 26-29 мамыр аралығында Қ.И.Сәтбаевтің елінде VII Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға биология пәнінен гимназиямыздың 7-сынып оқушысы Амирова Айкен қатысып, Құрмет грамотасымен марапатталды. Мұғалімі Муханова Умут Кабиденовна. Айкенге алдағы уақытта талай жетістік шыңынан көріне бер деген тілек білдіреміз!
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ – 2016
30-05-2017 11:19
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ – 2016
Гимназияда 25 мамыр күні "Сыңғырла, соңғы қоңырау " атты салтанатты мереке өтті. Мерекеге ата-аналар, оқушылар, ардагер ұстаздар қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. 10 сыныпқа білім кілтін табыс етіп, 1 сынып оқушыларына мақал мәтелдер кітабын сыйға тартты. Соңғы қоңырауды 11 сынып оқушысы, Аубакиров Алишер мен 1 сынып оқушысы, оқу үздігі Бейсебаева Сания соқты.
Математика пәнінен «Зерде» халықаралық олимпиадасы
23-05-2017 10:39
Математика пәнінен «Зерде» халықаралық олимпиадасы
2017 жылғы 20-21 мамыр күндері Астана қаласында Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінде «Астана Дарыны» ӨҒПО-ның ұйымдастыруымен 3-6 сыныптарға арналған математика пәнінен «Зерде» халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 5-сынып оқушысы Есмуханов Аңсар 3 орынға ие болды. Жетекшісі Муканова Б.К. Мұғалімдер арасындағы олимпиадада Катепбай Асылгүл Грамотамен марапатталды.
Облыстық робототехника фестивалінің жүлдегерлері
23-05-2017 06:57
Облыстық робототехника фестивалінің жүлдегерлері
2017 жылғы 18-19 мамыр күндері Павлодар қаласында Павлодар облысы білім беру басқармасы және «ҚазРоботикс» білім беру және спорт робот техникасы Қазақстан Федерациясы ұйымдастырған робот техникасының облыстық фестивалі өтті. Гимназиямыздың кіші топ команда мүшелері Заруза Нұрай және Есмуханов Ансар ІІІ орынға ие болды және сыйлыққа Астанада өтетін ЭКСПО-ға жолдама алды. Жетекшісі Атик Б.В. Құттықтаймыз!
«Дарындыға - дархан жол»
22-05-2017 11:41
«Дарындыға - дархан жол»
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шығармашылық кеш биылғы оқу жылы 19 мамыр күні мәжіліс залында салтанатты түрде өтті. Жиылған ата-аналар мен қонақтарға жыл бойығы оқушылар мен ұстаздар еңбегі мен жетістігі туралы ақпарат беріліп, түрлі шығармашылық топтар өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп директоры М.Касенова республикалық, облыстық пән олимпиадасы мен жарыстардың жеңімпаздарын естелік мүсіндермен, дипломдармен марапаттады.
Гимназия жаңа 2017-2018 оқу жылына оқушыларды қабылдайды
18-05-2017 12:03
Гимназия жаңа 2017-2018 оқу жылына оқушыларды қабылдайды
Ақсу қаласының гимназиясы 2017-2018 оқу жылына 4, 5, 6, 8, 9, 10-сыныптарға қабылдау жүргізеді. Қазақ тілі (тест), математика (бақылау жұмысы: 5 есептен тұрады), ағылшын тілінен (тест, сөйлесім) бақылау жұмыстары алынады. Қабылдау ауқыты: 26-27 мамыр, сағ.15.00. Толық ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8(71837) 5-16-81, ұ.т. 87774154935.
«Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері
18-05-2017 09:21
«Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері
2017 жылғы 11-13 мамыр аралығында «Дарын» РҒПО «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Щучинск қ.) «Тарих ата» XII республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гимназияның 6-сынып оқушылары Кожабергенов Д. І дәрежелі дипломымен, Азимбеков Д. және Әбілхақ С. ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Мұғалімі Ибраева Бахыт Шаймардановна.