Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Ақсу қаласында қалалық дебаттық турнир өтті
27-04-2021 17:43
Ақсу қаласында қалалық дебаттық турнир өтті
2021 жылдың 24 сәуірінде Ақсу қаласындағы №1 мектепте оқушылар арасында дебаттық турнир болып өтті. Турнирға Ақсу қаласы және аудандары бойынша 12 фракция қатысты. Гимназия оқушыларынан құрылған "Қайсар" (1-спикер Сайыпова Асем, 2-спикер Қазтай Айшат) және "Интеллект" (1-спикер Садыбекова Арайлым, 2-спикер Қожабергенов Думан) фракциялары да қатысып, жүлделі 2 ,3-орындарды жеңіп алды. Оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
"30 жыл алға ұмтылыс " атты дөңгелек үстел
27-04-2021 17:10
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында 7 сыныптар арасында Желтоқсан оқиғасының 35 және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай "30 жыл алға ұмтылыс " атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында 30 жылда еліміз қол жеткізген жетістіктер талқыланып, соңында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді
ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар ескеретін жағдайлар
26-04-2021 18:16
ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар ескеретін жағдайлар
2021 жылдың 22 сәуір күні 11-сынып оқушыларының ата-аналарына "ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар ескеретін жағдайлар" деген тақырыпта ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында 11-сынып ата-аналарына жасөспірімнің тестілеу кезінде ата-аналардың мінез-құлықтарына арналған негізгі психологиялық кеңестер берілді.
"Ақшағала" республикалық хореографиялық байқауының жүлдегерлері
24-04-2021 16:36
Гимназиямыздың "Айгөлек" үлгілі би ансамблі "Ақшағала" республикалық хореографиялық фестиваль-байқауына қатысып, 1 және 3 орынды иеленді. Жетекшісі Динара Нигматуловнаны және оқушыларды жеңістерімен құттыктаймыз!
Облыстық Жамбыл оқуларының жүлдегері
24-04-2021 09:15
Облыстық Жамбыл оқуларының жүлдегері
Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған мерейтойын мерекелеу мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен 2021 жылғы 22 сәуірде облыстық Жамбыл оқулары онлайн режимде өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша «Жамбылдың жыр мұрасы» бағытында 8-сынып оқушысы Каиржанова Аида 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"О.Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым" тақырыбында конференция
23-04-2021 15:35
О.Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай 8,10-сынып оқушыларымен «О.Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» тақырыбында конференция өткізілді. Аталған шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы, зерттеулері, «Семей-Невада» қозғалысы жайлы мәлімет айтылып талқыланды. О.Сүлейменовтің жылдар бойы ақындығымен қоса қоғамға сіңірген еңбегіне ерекше тоқтала отырып, кеңінен насихатталды.
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында әдеби-танымдық сайыс өтті
23-04-2021 15:25
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында әдеби-танымдық сайыс өтті
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында 6а және 6ә сыныптары арасында әдеби-танымдық сайыс өткізілді. Сайыс мерейгер атанып отырған Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Қалмақан Әбдіқадіров, Сайын Муратбековтер өмірі мен шығармашылығына арналды. "Жусан иісі " және "Қажымұқан " әңгімелері бойынша кезеңнен кезеңге өткен сайыскер оқушылар жоғары деңгейде білімдерін көрсете алған мазмұнды шара болды. Сайыс қорытындысында оза шапқан 6ә сыныбы 1-орынға иеленіп, 6а сыныбы 2-орынға ие болды.
"ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТҰҒЫРЫ" облыстық бейнероликтер байқауының жүлдегерлері
23-04-2021 12:48
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған "ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТҰҒЫРЫ" облыстық бейнероликтер онлайн байқауында гимназиямыздың 8-сынып оқушылары Қуандық Аружан "ҒАСЫРЛАР АРҚЫЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ" номинациясында 2-орынға және "ҚАЗАҚСТАН - ДОСТЫҚ БЕСІГІ" номинациясында Шайфуллина Анель 3-орынға иеленді. Жетекшісі Кушова Ақмөлдір Сағынбайқызы.
Туристік тау техникасы бойынша ашық чемпионаттың жүлдегерлері
21-04-2021 15:13
Туристік тау техникасы бойынша ашық чемпионаттың жүлдегерлері
Сәуір айының 17-18 күндері Павлодар қаласында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай туристік тау техникасы бойынша ашық чемпионат өтті. Гимназиямыздың "Экстрим" командасының мүшелері 10-сынып оқушылары Жомартұлы Айдын, Айгожина Адина, Заруза Нурай класс "Б" тобында 15-17 жас аралығында жүлделі ІІ орынға ие болды. Команда жаттықтырушысы Мухитова Айсулу Бокенбаевна.
Гуманитарлық пәндер апталығы
20-04-2021 14:20
Гуманитарлық пәндер апталығы
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында "Әдеби ребус" белгілі ақын-жазушылардың өмірбаяны, шығармалары туралы сайыс өткізілді. Әңгіменің стиліне және мазмұнына сәйкес ойыншылар қай жазушының шығармалары екенін, авторын анықтап, ребус құрастырды. Сайысқа 6 сынып оқушылары қызығушылықпен қатысты.
7-8-сынып оқушылары арасында «Кіші Сәтбаев олимпиадасы»
10-04-2021 13:55
7-8-сынып оқушылары арасында «Кіші Сәтбаев олимпиадасы»
9 сәуір күні Май ауданымен бірлескен 7-8-сынып оқушылары арасында «Кіші Сәтбаев олимпиадасы» өткізілді. Олимпиадаға жаратылыстану және математикалық бағыттары бойынша 114 оқушы қатысты. Олимпиада гимназия оқушылары үшін оффлайн, Май ауданының қатысушылары үшін онлайн түрде ұйымдастырылды.
"Экологиялық тәрбие - ел болашаның кепілі" атты TEDx конференциясы
09-04-2021 15:39
8 сәуір күні "Экологиялық тәрбие - ел болашаның кепілі" атты TEDx конференциясы ұйымдастырылды. Конференция спикерлері біз өмір сүретін ортадағы экологияның өзекті мәселелеріне, әсіресе қоқыстарды бөлек жинау, экодағдыларды қалыптастыру бойынша тың пікірлерімен бөлісті.