Аудан мектерін қолдау жұмыстары жүргізілуде
Гимназияның «2019-2020 жылдарға арналған өзара әрекеттестік және қолдау жоспары» негізінде Май ауданының ұстаздарына арналған «Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары және қашықтықтан оқыту кезіндегі психологиялық жұмыстың ерекшеліктері», «Құндылыққа бағдар: Тәрбие үдерісіндегі инновация», «Жаратылыстану-математика, гуманитария бағытындағы пәндерді қашықтықтан оқыту ерекшелігі» атты ZOOM платформасы арқылы семинарлар өткізілді.
І Республикалық "Кемеңгер ұстаз" олимпиадасының жүлдегерлері
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан І Республикалық "Кемеңгер ұстаз" олимпиадасына қатысқан ұстаздарымыз жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз!
Республикалық онлайн-байқауларының жүлдегерлері
Гимназиямыздың психологы Шаймарданова Назигуль Тусуповна, өзін-өзі тану мұғалімдердері Бакирбекова Гульбану Абусыздыковна және Кушова Ақмөлдір Сагинбаевна, дене шынықтыру мұғалімі Мухитова Айсулу Бокенбаевна, бастауыш сынып мүғалімі Амренова Арман Балгабаевна республикалық онлайн олимпиадаларға қатысып жүлдегер атанды.
"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" блиц-турнирінің жүлдегерлері
Ustaz tilegi Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" блиц-турнирында бастауыш сынып мұғалімдері Елубаева Мария Сейсеновна және Амренова Арман Балгабаевна І орын иегері атанды.
Халықаралық "Золотое руно" онлайн-конкурсының жүлдегерлері
Халықаралық "Золотое руно" онлайн-конкурсына қатысқан 1 сынып және 2-сынып оқушылары жүлдегер атанды. Жетекшілері Елубаева Мария Сейсеновна және Амренова Арман Балгабаевна.
Республикалық онлайн-байқауларының жүлдегерлері
SanaEducation интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық "Абай бейнесі", "Абай әлемі", "Абайға хат" және "Абай бейнесі" онлайн-байқауларына қатысқан оқушылар жүлдегер атанды. Олардың жетекшілері Г. К. Солтан, А.Н.Нахметова, А.Е.Есенгожина және М.Ж.Жаксыбекова алғыс хатпен марапатталды.
Қашықтықтан оқытудың ғажабы
Еліміздегі төтенше жағдай әрқайсымызға үлкен міндет жүктеді. Гимназия мұғалімдері оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, қашықтықтан білім беруді сапалы ұйымдастыра білді. БжҒМ ұсынған "Балапан" каналындағы сабақтар, "Daryn online"," Bilimlend" т.б платформалар мен сандық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы оқу жылын сәтті аяқтаймыз деген сенімдеміз.
"Гуманитарлық пәндерді қашықтықтан оқыту ерекшеліктері" тақырыбында вебинар
Гимназияның ұстаздары Тулеубаева К. Б., Альдекенова А. Т., Есенгожина А. Е., Сыздыкова М. К. Май ауданының білім беру бөлімімен бірлескен жоспарына сәйкес 23 сәуір күні гуманитарлық пәндерді қашықтықтан оқыту ерекшеліктерімен таныстырды. Пән мұғалімдері Quizizz платформаның, Learning apps.org және online test pad қосымшаларының қолдану мүмкіндіктерімен бөлісті.
"Абай бейнесі" атты мектепішілік сурет байқауының қорытындысы
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Солтан Гүлжазира Қабдылкәрімқызының ұйымдастыруымен "Абай бейнесі" атты мектепішілік сурет байқауы өтті. Байқаудың қорытындсы бойынша 8ә сынып оқушысы Ералиева Рауан 1-орынға, 6а сынып оқушылары Нургалиева Медина және Қайырғалым Жансұлу 2-орынға, 6а сынып оқушысы Амангельды Ералхан және 5ә сынып оқушысы Госман Айлана 3-орынға ие болды.
Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің апталығы
Гуманитарлық әдістемелік бірлестік апталығы жоспарына сәйкес, тарих пәнінің мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна 6а сынып оқушыларымен "Қазақтың бас ақыны - Абай" атты зияткерлік сайысын өткізді. ZOOM арқылы ұйымдастырылған сайыстың нәтижесінде 1 орынға Есельбаев Ардан, 2 орынға Айткенов Адиль, 3 орынға Мырзағали Үміт ие болды.
«Менің болашақ мамандығымның таңдауы» атты бейіндік тренинг
22 сәуір күні мектеп психологы Шаймарданова Назигуль Тусуповна 9-сынып оқушыларымен ZOOM платформасы аркылы «Менің болашақ мамандығымның таңдауы» атты бейіндік тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты 9 сынып оқушыларының мамандық әлемі және олардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Олардың мамандықтарға деген қызығушылықтарын анықтау мақсатында өткізілген диагностикалық жұмыстың нәтижелері ұсынылып,талқыланды.
"Бастауыш сынып оқушыларын қашықтықтан оқыту ерекшіліктері" атты семинар
22 сәуір күні Май ауданының бастауыш сынып мұғалімдерімен ZOOM платформасы аркылы "Бастауыш сынып оқушыларын қашықтықтан оқыту ерекшіліктері" атты семинар өтті. Семинарды Елубаева Мария Сейсеновна мен Жаксыбекова Меруерт Женисовна өткізді. Семинар мазмұнды өтті. Сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалып отырды. Барлығы 47 мұғалім қатысты.