"Үш тілділік білім беру - жаңашылдық бастауы" атты қалалық семинар
13 наурыз күні гимназиямызда үш тілде оқытуды іске асырып жатқан Ақсу қаласының білім мекемелерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Үш тілділік білім беру - жаңашылдық бастауы" атты қалалық семинар өткізілді. Семинар барысында осы бағытта жұмыс жасап жатқан тәжірибелі ұстаздар Кабылбекова А.С., Абылгазина Э.Т., Муханова Ү.К., Жахав Б., Атик Б.В. ашық сабақ және коучинг өткізді.
VІІ Аймақтық жас математиктер турнирі
Павлодар қаласында 2020 жылғы 2-5 наурыз аралығында VІІ Аймақтық жас математиктер турнирі өткізілді. Павлодар облысының «Жалын» құрама командасының мүшесі, біздің гимназиямыздың 7-сынып оқушысы Кабдулла Даниял екінші лигада Құрмет грамотасына ие болды. Құттықтаймыз!
«ERTIS» мультимедиалық мұражайына саяхат
Наурыз мерекесі қарсаңында гимназиямыздың 9-сынып оқушылары Павлодар қаласындағы, Қазақстанда алғашқы рет ашылған, «ERTIS» мультимедиалық мұражайына барып, заманауи технологиялармен жабдықталған мұражайда Ертіс-Баян өңірінің палеозой заманынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихымен танысты. Ертіс-Баян өнірінің ежелгі дәуірінің қамтыған мұражайға саяхат оқушылар үшін өте қызықты және танымды болды.
Вирустық аурулардың таралуының алдын алу
Вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша
білім беру ұйымдары үшін ЖАДНАМА
Облыстық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының жүлдегері
29 ақпан күні Павлодар қаласында өткен облыстық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасында гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Баянбатұлы Ерасыл "Сөз шеберлігі" бағыты бойынша ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Есенгожина Акмарал Еркеновнаны және Ерасылды құттықтаймыз!
Облыстық Мәшһүр Жүсіп оқуларының жүлдегері
М.-Ж. Көпейұлы шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында 2020 жылғы 24 ақпанда өткізілген облыстық Мәшһүр Жүсіп оқуларында «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген...» мүшәйрасында гимназиямыздың 9 сынып оқушысы Садыбеков Жандос жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Есенгожина Ақмарал Еркінқызын және Жандосты құттықтаймыз!
"Анаға қарап қыз өсер" атты шеберлік сағаты
19 ақпанда 1-4 сынып қыз балалары үшін "Анаға қарап қыз өсер" атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатында аналар тоқаш пісіру, торт безендіру шеберліктерімен бөлісті. Бұл күні қыздарымыз тоқашты көбелек, жүрекше, гүл, бұрым, білезік формаларында жасауды үйреніп, тортты үш түрлі әдіспен безендіруді меңгерді.
Бастауыш сынып оқушыларының тіс дәрігерімен кездесуі
Бүтін әрі сау тістер - бала денсаулығының кепілі екені белгілі. Ал тіс жегінің алдын алу үшін не істеу керек, тіс күтімінде нені ескеру керек деген сауалдардың жауабын алу үшін бастауыш сынып оқушылары тіс дәрігерімен кездесті. Кездесу барысында тіс дәрігері Ахметов Нұржан Сержанұлы тіс күтімі туралы бейнеролик көрсетіп,тісті дұрыс тазалау жолдарын үйретті.
Бастауыш сыныптар апталығы барысында өткізілген ашық сабақтар
БӘБ апталығы барысында А.И.Аубакирова 3-сыныпта "Қазақ хандығының құрылуы" тақырыбында дүниетанудан және М.Ж.Жаксыбекова 4-сыныпта математика пәнінен ашық сабақтар берді. Сабақтарда "Суреттер сөйлейді", "Текше", "БББ кестесі" және т. б. әдіс-тәсілдер қолданылды. Сонымен қатар 2-4 сынып оқушылары арасында математикалық олимпиада және көркем жазу байқауы өткізілді.
Бастауыш сыныптар апталығы
17 ақпан күні гимназияда 17 ақпан күні гимназияда бастауыш сыныптар апталығы басталды. Таңертеңгі флешмобпен басталған апталық алғашқы сәттен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Үзіліс кезінде ұйымшылдыққа, бірлікке үйрететін көңілді ойындар ойнатылып, "Ақ қағаздың бетіне, алуан бояу түсіріп" бұрышында сурет салу ұйымдастырылды.
Ақсу қалалық соты мамандарымен кездесу
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жыл бойы гимназияда сынып сағаттары мен мемлекеттік қызметкерлер, ардагер ұстаздар т. б. еліне адал қызмет етіп келе жатқан азаматтармен кездесу дәстүрге айналды. 14 ақпан жоғары сынып оқушылары Ақсу қалалық соты мамандары Иманбаева Алия Казбековна, Шымырова Айгүл Абдрахимовнамен кездесті.
Жаңа үлгідегі мектепішілік ата-аналар жиналысы
15 ақпан күні 5-10 сынып ата-аналарына жаңа үлгіде мектепішілік жиналыс өткізілді. Бұл форматтың ерекшелігі: әрбір пән бойынша ата-ана мұғалімге жеке жолығып, баласының білім сапасы, дайынғы, сабаққа қатысуы және бақылау жұмысын орындауы туралы толық ақпарат алып, өзін толғандыратын сауалдарды қоя алады. Сыныптарға "Оқушылардың жас ерекшелігін ескеру маңызы" атты психологпен бірлескен кездесу ұйымдастырылды.