«Қашықтықтан оқытуда онлайн платформаларының тиімділігі» тақырыбында семинар
11 қараша күні ZOOM платформасы арқылы Май ауданы мен Аксу қ. география пәні мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқытуда онлайн платформаларының тиімділігі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда республикалық «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы Альдекенова А.Т. өз тәжірибесімен бөлісіп, қашықтықтан оқытуда LearningApps, Online Test Pad, CORE, Microsoft Teams платформаларының тиімділігі жөнінде толық мәлімет берді.
Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада жүлдегерлері
Ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 10-сынып оқушыларына Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадасын қашықтықтан өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушы 1-орынға, 3 оқушы 2-орынға және 2 оқушы 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Кибербуллинг туралы әңгімелесейік" тақырыбында сынып сағаты
2020 жылы 4 қараша күні гимназия психологы Назигуль Тусуповна 5-7 сынып оқушыларымен "Кибербуллинг туралы әңгімелесейік" тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушылармен кибербуллинг ұғымы, қалжың мен келемеждің айырмашылығы және оның салдары, онлайн қысым көрсету, көмек сұрау, достармен қарым-қатынас және т.б. маңызды мәселелер туралы әңгіме жүргізіліп, пайдалы кеңестер берілді.
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегері
2020 жылғы 28 қазанда жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 8-сынып оқушысы Шайфуллина Анель биология пәнінен ІІ орынға ие болды. Анельді және биология пәндерінің мұғалімдерін құттықтаймыз!
Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу
Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттылған әлеуметтік ролик
«DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық экологиялық конкурсы
2020 жылғы 23 қазанда «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан 1-6 сынып оқушылары арасында «DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық экологиялық конкурсын өткізді. Конкурстың қорытындысы бойынша 6ә сынып оқушылары Сериков Алихан І орынға, Алтаева Аяулым ІІ орынға, 3ә сынып оқушысы Акымбекқызы Дильнура жане 3а сынып оқушысы Жумажанова Жансулу ІІІ орынға ие болды.
Облыстық В.П.Никитенко атындағы XIV интелектуалдық олимпиадасы
Облыстық В.П.Никитенко атындағы XIV интелектуалдық олимпиадасында математика пәнінен 4-сынып оқушысы Кибрат Кәрім ІІІ орынға, 5а-сынып оқушысы Кабиденова Адина ІІ орынға, 6ә-сынып оқушысы Борамбай Джамиля ІІІ орынға ие болды. Оқушыларды және олардың мұғалімдері Ақмарал Имантахуовна мен Мадина Төлеуқызын құттықтаймыз!
Бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы жөнінде мектеп директоры есеп берді
2020 жылдың 23 қазан күні гимназия директоры А.К.Дюсембаев ата-аналармен ZOOM платформасында бейнеконференция арқылы жиналыс өткізді. Жиналыста мектеп директоры ата-аналардың алдында бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы жөнінде есеп берді.
VІІІ облыстық Мағжан оқуларының жүлдегері
2020 жылғы 21 қазанда VІІІ облыстық Мағжан оқулары онлайн режимде ZOOM платформасында бейнеконференция арқылы өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Каиржанова Аида «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім» (өлеңдерді мәнерлеп оқу) бағыты бойынша 2 орынға иеленді. Мұғалімі Акмарал Еркеновна мен Аиданы құттықтаймыз!
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар облыстық интеллектуалдық конкурсы
2020 жылғы 14 қазан күні «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІI республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша 9ә-сынып оқушысы Ералиева Рауан І орын, 10-сынып оқушылары Кожабергенов Думан ІІ орын және Жәнібек Жансая ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаз, жүлдегер оқушылар мен пән мұғалімі Мүтан Мұратбекті шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
10 қазан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында мектеп психологы Шаймарданова Н.Т. ұйымдастыруымен гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен "Психикалық денсаулығым туралы сөйлесейік" деген тақырыпта онлайн конференция және 8-сынып оқушыларының ата-аналарымен "Жасөспірім балалардың психикалық денсаулығы" тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2020» байқауының жеңімпазы
Ұстаздар мерекесі қарсаңында гимназиямыздың тарих және география пәнінің мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2020» байқауының жеңімпазы атанды. Құттықтаймыз! Ұжымымыздан үшінші педагог осындай биік атаққа қол жеткізді.