Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Гимназияда жалпы республикалық сынып сағаттары өткізілді
26-08-2020 13:35
Гимназияда жалпы республикалық сынып сағаттары өткізілді
21 тамыз күні жалпы республикалық сынып сағаттары қашықтықтан ұйымдастырылды. Балаларға жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтықтан оқу кезіндегі Интернет платформалар, денсаулықты сақтау ережелері, балаларды бағалау жүйесі, интернетте жұмыс істеу ережелері, кезекші сыныптардағы санитарлық талаптар түсіндіріліп, сауалдарға жауап берілді.
Гимназияда жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді
26-08-2020 13:05
Гимназияда жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді
20 тамыз күні онлайн форматта жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға жаңа оқу жылының ұйымдастырылу ерекшеліктері, штаттық режимдегі санитарлық талаптарды сақтау, білім алушыларды бағалау жүйесі, баланың оқу режимі мен демалысын ұйымдастыру, қолданылатын интернет-платформалар таныстырылып, ата-аналарды мазалайтын сауалдар талқыланды.
Гимназияда жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті
26-08-2020 12:25
Гимназияда жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету мақсатында гимназиямызда жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізілді.
«KazRoboProject - 2020» республикалық байқауының номинация иегерлері
15-07-2020 10:24
«KazRoboProject - 2020» республикалық байқауының номинация иегерлері
Дәстүрлі түрде өтетін Робототехникадан жобалар байқауы пандемияға байланысты онлайн іріктеу турынан сәтті өтіп, Республикалық «KazRoboProject - 2020» қатысқан Жалешева Айым және Жалешева Аяна арнайы номинацияға ие болды. Жетекшісі Атик Бибигуль Васильевнаны және оқушыларымызды құттықтаймыз!
Еңбегіне қарай құрмет, өнегесіне қарай сый – ізет
14-07-2020 13:15
Еңбегіне қарай құрмет, өнегесіне қарай сый – ізет
Беделің-сәулетің, еңбегің-дәулетің деген әке өсиеті өмірлік ұстанымы болған ардагер - ұстазымыз, Ақсу қаласының, Павлодар облысының «Құрметті азаматы» Рымкеш Хамитқызы Сламбекова 70 жасқа толды. Шәкірттерінің санасына ақыл ұялатып, әріптестерінің мақсатын нәтижеге жетелеген абыройлы зейнеткерімізге мызғымас деңсаулық пен талмас талап тілей отырып, алдағы уақытта да барлық бастамасы оң болып, сәтті жалғасын тапсын деп тілейміз.
"Ең үздік бейне" мектепішілік байқауының қорытындысы
14-07-2020 11:40
29 маусым мен 5 шілде аралығында "Балауса" қашықтық лагерінің балалары "Ең үздік бейне" байқауына қатысқан еді. Нәтижесі төмендегідей: 1️ орын Ерсинова Жания; 2 орын Сейфолла Азат, Сайрамбек Аңсар; 3 орын Туранова Нұрсана, Салих Аружан, Каркен Айя. Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Байқауға қатысқан балалардың ата-аналарына үлкен алғыс білдіреміз.
1-сыныбына қабылдау тестілеуін өткізу кестесі
16-06-2020 14:43
1-сыныбына қабылдау тестілеуін өткізу кестесі
Өткізілетін күндері: 22-23.06.2020 ж. Уақыты: 09.00-11.00 (08.00-08.30 – тіркеу). Өткізілетін орындары: гимназия ғимаратының 3-қабаты, №33, №37, №39 кабинеттер. Пәндері: тіл дамыту, математика, логика
Аттестатты табыс ету және соңғы қоңырау мерекесі
04-06-2020 13:25
Аттестатты табыс ету және соңғы қоңырау мерекесі
3 маусым күні гимназияның 2020 жылғы түлектеріне Аттестатты табыс ету және соңғы қоңырау мерекесі өтті. 19 түлектің 3-і Алтын белгі төсбелгісіне, 2-і Үздік аттестатқа ие болды. Гимназия директорының м. а А. Дюсембаев, ата-аналар кеңесінің төрағасы Ғ. Батаев, сынып жетекшісі Д. Нургалиева жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ҰБТ-де сәттілік тіледі. Түлектеріміз қайырымдылық акцияларын қолдауда. Олар мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды
Құрметті әріптестер, оқушылар, ата-аналар!
25-05-2020 17:47
Құрметті әріптестер, оқушылар, ата-аналар!
Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса ерекше көрінер, көңілін босатып, жан-дүниесін тебірентіп, көңіл құсын аспанға шарықтатар Соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Дәстүрлі басталып, жаңа форматта аяқталған жыл есте қалары сөзсіз. Бүгін қоңырау соғылмайды, дегенмен ұстаздарымызға оқу жылын абыроймен аяқтағандары үшін алғысымды білдіремін! Гимназия түлектеріне алдағы ҰБТ де сәттілік тілеймін.
КИО ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
25-05-2020 17:37
КИО ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Информатика пәнінен КИО жеңімпаздарды 6а-сынып оқушысы Кайргали Д., 7-сынып оқушысы Шайфуллина А., 9-сынып оқушылары география пәнінен Бейсебаева Д., ағылшын тілінен Касенова А., бастауыш сынып оқушылары Арын-Рашид А., Сабыржан Д. және Қаршыға Б. Оқушыларды және ұстаздарын Абылгазина Э.Т, Альдекенова А.Т., Қонақбаев Е.М., Аубакирова А.И., Жаксыбекова М.Ж. құттықтаймыз!
"Кенгуру-математика барлығы үшін" халықаралық зияткерлік сайысының жүлдегерлері
25-05-2020 17:25
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Кенгуру-математика барлығы үшін" халықаралық зияткерлік сайысына қатысқан оқушыларымыз жетістікке жетті. Оқушыларымыз бен ұстаздарың құттықтаймыз!
Онлайн олимпиадасының жүлдегерлері
25-05-2020 16:23
Онлайн олимпиадасының жүлдегерлері
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан І Республикалық "Жас полиглот" және "Жас тарихшы" олимпиадасына және Абай порталы ұйымдастырған "Абай мұрасы" шығармашылық байқауына қатысқан оқушыларымыз жүлдеге ие болды. Жарайсыңдар!