Биология пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2016 жылғы 29 қыркүйек күні дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында биология пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гимназияның 7а сынып оқушысы Амирова Айкен ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Муханова Умут Кабиденовна. Құттықтаймыз!
Физика пәнінен VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2016 жылғы 22 қыркүйек күні дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында физика пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гимназияның 8а сынып оқушысы Мукушев Жанболат Құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшісі Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна. Құттықтаймыз!
«АКТ-ны пайдалана отырып, үздік бейнесабақ» дистанционды конкурсы
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту шеңберінде «ӨРЛЕУ» БАҰО-ғы облыстық «АКТ-ны пайдалана отырып, үздік бейнесабақ» дистанционды конкурсын өткізді. Гимназия мұғалімдері сайысқа белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бакирбекова Г.А., Тулеубаева К.Б., Альдекенова А.Т. - І орын, Шаймарданова Н.Т., Нахметова А. Т. - ІІ орын. Құттықтаймыз!
«Тілдер айлығы» аясында бастауыш сыныптарда сайыстар өткізілді
«Тілдер айлығы» аясында 19.09-24.09 күндері аралығында бастауыш сыныптарда Ы.Алтынсарин шығармаларына салынған суреттер сайысы, Абай, Ыбырай оқулары, шығарма жазу, өлең құрастыру сайыстары өтті. Сондай-ақ тақырыптық анимациялық фильмдер көрсету ұйымдастырылды. Сайыстарға оқушылар белсене қатысып, үздіктері дипломдармен марапатталды.
"Дуалы ауызды Дулат ақын" атты конференциясы
Дәстүрлі республикалық "Бір ел -бір кітап" акциясы шеңберінде Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл толуына орай "Өсиетнама" кітабы - жыл кітабы аталған болатын. Гимназия кітапханасында 8ә - 9-сынып оқушыларының қатысуымен "Дуалы ауызды Дулат ақын" атты конференция өткізілді. Оқушылар бұл шарада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған тың мәліметтер дайындап, жырларын тыңдап, мәнерлеп оқуды тамашалады.
«Денсаулық фестивалі - 2016» атты денсаулық күні
10-қыркүйек күні 1-3 сыныптар арасында «Толағай» көңілді сайысы өтті. Cайысқа қатысты: 1 сынып - «Батыл» командасы, 2«А» сынып - «Алғыр», 2«Ә» сынып - «Айбын», 3«А» сынып - «Жылан» командасы және де 3«Ә»сынып – «Жігер» командалары қатысты. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Сайысқа қатысушылар белсенді қатысты. «Толағай» сайысы өте қызықты да, тартымды өтті.
1-қыркүйек Білім күні
1-қыркүйек күні гимназияда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Конституция күніне арналған салтанатты жиын және «Мен-өз елімнің патриотымын» бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Әрбір сыныпта «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге тәрбиелейтін түрлі шаралар, пікірлесу сағаттары, дөңгелек үстел өткізілді.
1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты саптүзеу
Білім күніне арналған салтанатты саптүзеу 1-ші қыркүйек күні сағат 10.00-де өтеді. Салтанатты саптүзеу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күніне арналады.
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
Ағымдағы жылы акция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» атты ұранымен өтеді.
Егер Сізде мектепті тастап кеткен, оқымайтын, тіленші, панасыз қалған, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы мәліметтермен хабардар болсаңыз, 8 (7182) 32-12-42 балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің шұғыл желі телефонына немесе гимназияның қабылдау бөліміне 6-42-94 нөмеріне хабарлауыңызды сұраймыз.
Педагогикалық оқулар және конкурстар туралы
2016 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында профессор Қанипа Омарғалиқызының Бітібаева құрметіне «Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» атты Бітібаеваның өңіралық педагогикалық оқулары өткізіледі.
«Балдәурен» сауықтыру лагерінің қорытындысы
Мектепішілік «Балдәурен» сауықтыру лагері өз бағдарламасы бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырған. «Балдәурен» лагерінің «Күншуақ», «Жасstar», «Чемпион» атты үш жасағы тыныға жүріп, ойын барысында шынығу-шыңдалу жаттығуларымен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысты. Ақсу қаласының «Жас натуралисттер станциясындағы» өсімдіктер мен құстардың барып тұрған нағыз қамқоршыларына айналғандай!
Робот техника курстары - заман талабы
Бағдарлама бойынша өз білімін жетілдірген мемлекетіміздің ұстаздары, биылғы оқу жылында білген-түйгенін тәжірибесінде іске асырады және соның арқасында оқушыларымыздың робот техника құрастыру және бағдарлама құру дағдылары мен түсініктері дамиды деп күтілуде, ал осы келелі істе Павлодар қаласының Назарбаев интеллектуалды мектеп қызметкерлері қомақты үлес қосуда.