Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Қаныш Сәтбаевтың туған жеріне саяхат
16-10-2023 17:32
Қаныш Сәтбаевтың туған жеріне саяхат
Ғасыр данасы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы қарсаңында гимназия оқушылары ғалымның туған жеріне саяхаттап, мұражайына барып қайтты. Мұражай қызметкерлері мол мұрағатқа жиналған ғалымның өмірі мен еңбек жолымен,ұрпақтарының өмірбаянымен таныстырып, мәжіліс залында шағын дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар ғалымның жеке заттарын, жұмыс құралдарын көріп, мол мұрасынан тағлым алды.
"Ақберен" байқауындағы жүлделер
13-10-2023 17:41
"Ақберен" облыстық байқауында 11-сынып оқушысы Каиржанова Аида 2-орынға және 10-сынып оқушысы Амангелді Ералхан 2-орынға ие болды. Жетекшілері Ақмарал Еркінқызын, Самал Сансызбайқызын және Аида мен Ералханды жүлделерімен құттықтаймыз!
Облыстық балалар оқуларындағы жүлде
12-10-2023 13:10
Облыстық балалар оқуларындағы жүлде
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы аясында Республикалық балалар оқуларының облыстық кезеңі өтті. 10-сынып оқушысы Партияқызы Арайлым 3-орынға ие болды. Жетекшісі Райгүл Тоқанқызы мен Арайлымды құттықтаймыз!
Облыстық "Жас экорепортер" конкурсы
11-10-2023 17:05
Облыстық
Облыстық "Жас экорепортер" конкурсында гимназияның 10-сынып оқушысы Жалешева Айым І орынға ие болды. Жетекшісі Гүлден Нұрмахамбетовна мен Айымды құттықтаймыз!
Ардагер ұстазымыздың марапаты
10-10-2023 17:55
Ардагер ұстазымыздың марапаты
Ардагер ұстазымыз Рымкеш Хамитовна Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Ұстазымызды марапатымен құттықтай отыра, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Мереке құтты болсын!
Ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
10-10-2023 17:17
Ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
Директордың оқу әдістеме жөніндегі орынбасары Аккентаева К.М. Оқу-ағарту министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен және Алғыс хатпен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Джамалбаева С.С. Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, орыс тілі мұғалімі Ибрайкина К.М. Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен, технология пәнінің мұғалімі Иргебаев А.М. Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мектепішілік "Туристік копсайыс" жарысы
10-10-2023 17:02
Мектепішілік
Гимназияның жылдық жоспарына орай 5-7 сыныптарда туристік көпсайыс ұйымдастырылды. Жарысты ұйымдастырып өткізген “Экстрим” туризм командасына және жетекшісі Айсұлу Бөкенбаевнаға алғыс білдіреміз.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Алғыс хат
09-10-2023 17:09
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Алғыс хат
Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев ұстаздар мерекесі қарсаңында гимназия ұжымын құттықтап, Алғыс хат жолдады. Бұл ұжымның қажырлы еңбегі мен биік жетістіктерінің нәтижесі. Құтты болсын!
ГИМНАЗИЯ ҮЗДІК АТАНДЫ!
08-10-2023 15:45
ГИМНАЗИЯ ҮЗДІК АТАНДЫ!
Ұстаздар күніне орай Естай сарайында “Ұлағат - 2023” салтанатты іс шара өтті. Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы “Үздік білім беру ұйымы” байқауының жеңімпазы атанды, облыс әкімінің гранты берілді. Ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз!
Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы құндылықтар
05-10-2023 19:39
Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы құндылықтар
Оқушылар бойында адалдық құндылығын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында “Толық адам ілімі және жастар”, ”Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы құндылықтар” тақырыбында бірыңғай сабақтар ұйымдастырылды.
“Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік” атты мерекелік концерттік
05-10-2023 19:19
“Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік” атты мерекелік концерттік
5 қазан - Халықаралық мұғалімдер күні гимназиямыздың ардагер ұстаздарына “Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік” атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, шәкіртінің бойына тәлімді тәрбие, саналы білім сіңіре білген ұстаздың мерейі қашанда биік. Олардың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, парасат-пайымы үлгі-өнеге. Мерекелеріңізбен аяулы да, құрметті ардагер ұстаздар
Мерекелеріңізбен құрметті ұстаздар!
04-10-2023 17:12
Мерекелеріңізбен құрметті ұстаздар!
Ұстаздар күні қарсаңында гимназия оқушылары сүйікті ұстаздарына “Ұстазым менің, ұстазым” әнін арнады. Мерекелеріңізбен құрметті ұстаздар!