МИФ әдістемелік бірлестігінің апталығы
18.12-24.12 күндер аралығында гимназияда математика, физика, информатика пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Апталық барысында физика және математика пәндерінен ашық сабақтар, сонымен қатар, көптеген қызықты зияткерлік ойындар өткізілді. Физика пәнінен 8 сыныптар аралығында «Не? Қашан? Қайда?» ойыны өткізілді.
«Жас Ұлан» ұйымына оқушыларды қабылдау салтанаты
12 желтоқсан күні гимназияның оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Жалпы 30 оқушы, оның ішінде гимназияда 20 оқушы, қалалық деңгейде 10 оқушы қабылданды. Қалалық деңгейде «Жас ұлан» және «Жас қыран» Республикалық ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі құрметті қонақтарға берілді.
XV облыстық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары
2013 жылы 12 желтоқсанда 8-11 сынып оқушылары арасында XV облыстық ғылыми жобалар сайысы өткізілді. Гимназиядан 12 оқушы (10 жоба) қатысып 8 оқушы (6 жоба) жүлделі орындарға ие болды. Олар: Каиржанова А., Сатпекова А., Турапекова А. – І орын, Қабылбекова А., Ермек Ә., Есімханова А., Шегебаева Ж., Письмиленова А. - ІІІ орын. Оқушыларды және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
«Айгөлек» бишілерінің тамаша жеңісі!
7-9 желтоқсанда Алматы қаласында Республикалық «Айгөлек» телевизиялық фестивалінің финалына, алдағы І, ІІ, ІІІ турларынан сүрінбей өткен, гимназияның «Айгөлек» би тобы қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді. Бишілерімізді және жетекшісі Динара Негматулловнаны шын жүректен құттықтаймыз!
"Мәңгілік ел ұландары" атты Республикалық жүлдесі
Қараша айының 20-21 жұлдызында Астана қаласында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының "Мәңгілік ел ұландары" атты Республикалық жүлдесі өтті. Павлодар облысынан 11 адамнан құралған делегация барып келді. Делегация құрамында біздің гимназияның 10 сынып оқушысы Каиржанова Адия да бар.
Шет тілдер пәндері бірлестігінің апталығы
03.12-07.12 аралығында гимназияда шет тілдер пәндері бірлестігінің апталығы болып өтті. Барлық сыныптар шет тілі апталығында белсенділік танытты. 5-сыныптар арасында ағылшын тілінен өткізілген интеллектуалды сайыста «Stars» және «Rainbow» топтары білім додасына түсіп, «Rainbow» тобы жеңімпаз атанды. Сонымен қатар «12 месяцев» орыс ертегісін 6а сыныбы оқушылары қойылымын қойды.
Облыстық «Педагогикалық бастамалар» жобаларды қорғау байқауы
2013 жылғы 27 қараша күні Павлодар қ. дарынды балаларға арналған № 8 лицей мектебінде «Педагогикалық бастамалар» атты жобаларды қорғау байқауы өтті. Байқауға гимназиядан бастауыш сыныптар мұғалімі Б.Ш.Бекбасова «Шах және мат» авторлық бағдарламасын ұсынып, үздік жоба үшін Павлодар облысының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының сертификатына ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз!
2013-2014 оқу жылының республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі 2013 жылдың 12 желтоқсан күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткізіледі (Торайғыров көшесі, 58). Қатысушыларды тіркеу 08.00-08.30.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен өткен оқушылар тізімі
«Әкем, анам, мен - туристік отбасы» атты облыстық спорт сайысы
2-желтоқсан күні Павлодар қаласының № 41 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Әкем, анам, мен - туристік отбасы» атты облыстық спорт сайысы өткізілді. Гимназияның намысын Мұхитовтар отбасы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Мұхитовтар жанұясы 12 жасқа дейінгі ұлдар арасында 1-орынды иеленді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
25.11-29.11. аралығында гимназияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған апталық өткізілді. Апталық барысында 1-4 сыныптар арасында тәрбие сағаттары, 5-7 сыныптар арасында шығармалар, құттықтау байқаулары, 8-10 сыныптар арасында саяси сағаттар, 7-8 сыныптар арасында дөңгелек үстел, кітаптар көрмесі, спорт жарыстары ұйымдастырылды.
Облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы
2013 жылғы 21 қарашада "Қазақстан тарихы" пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы Б. Тайжан атындағы облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиадаға гимназиядан 2 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 7-сынып оқушысы Боранбай Бихан бас жүлдеге ие болды. Тарих пәнінің мұғалімі Ибраева Б.Ш. және Биханды құттықтаймыз!
Мектепішілік пәндер олимпиадасы өткізілді
20 қараша күні 8-11 сыныптар аралығында негізгі пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадалық алау жағу құрметіне оқу үздігі, Омбы қаласында өткен математика пәнінен ауысымдық мектепте оқып келген 9-сынып оқушысы Қайыржан Санжар және облыстық қазақ тілі пәні олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері 10-сынып оқушысы Дулатова Назгүл ие болды. Олимпиадаға 95 оқушы қатысып, 59-і жүлделі орын алды.