Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
"Жарқын болашақ" VI республикалық "KATEV" қазақ тілі олимпиадасы
15-02-2014 08:25
14.02.2014 Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңінде 8-сынып оқушысы Мажинова Эльмира «Ғылыми жоба» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Еңлік Ғазизқызын және Эльмираны құттықтаймыз!
КИО жеңімпаздарын құттықтаймыз!
13-02-2014 12:43
КИО жеңімпаздарын  құттықтаймыз!
6.02.2014 информатика пәнінен КИО өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 6-сынып оқушысы Абай Асхат, 7-сынып оқушысы Сейтахмет Еділ, 8-сынып оқушылары Медетов Батырхан – ІІ-орынға, Жанкушуков Аманат – ІІІ-орынға ие болды. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
"Инновациялық Павлодар - 2014" атты инновациялық жобалар сайысы
13-02-2014 12:26
6.02.2014 ИнЕУ-де "Инновациялық Павлодар - 2014" атты жобалар сайысы өтті. Сайысқа қатысқан оқушылар: Успанова Айгерім /10-сынып/, Асқарбек Әділ /9-сынып/, Кунакбаев Саду /8-сынып/- сертификатқа және конференцияға қатысу жолдамасына ие болды. 11-сынып оқушысы Тлеумов Даниял 1-наурызда өткізілетін ІІ турға өтті. Даниялға сәттілік тілейміз!
Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне арналған жарыс
07-02-2014 09:15
Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне арналған жарыс
5 ақпан күні облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатында Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне арналған әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткізілген жарыста гимназия командасы ІІ орынға ие болды. Гимназия командасын және оларды дайындаған АӘД мұғалімі Джамалбаев М.С. құттықтаймыз!
Оқушылардың қалалық дәстүрлі спартакиадасы
29-01-2014 11:00
Оқушылардың қалалық дәстүрлі спартакиадасы
24 қаңтар күні №1 мектепте оқушылар арасында қалалық шахмат және дойбы жарысы өткізілді. Гимназия командасында шахмат және дойбы категориясы бойынша 7-9 сынып оқушылары өнер көрсетті. Жалпы командалық есепте гимназия командасы шахматтан да, дойбыдан да І жүлделі орынды иеленді. Оқушыларды дайындаған жаттықтырушы Бекбасова Бахтулла Шариповна. Оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз!
Гимназия мен балабақша арасындағы сабақтастық
28-01-2014 10:18
Гимназия мен балабақша арасындағы сабақтастық
24 қаңтар күні 2014 жылы гимназияда «Гимназия және балабақша арасындағы үйлесімділік» атты бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері, әдіскерлеріне арналған семинарлар өткізілді. Семинарға қалалық білім бөлімінен З.Г. Абдрахманова, ЖОББ №1, №2 орта мектептердегі шағын орталықтардың, «Балапан», «Балдырған», «Айгөлек», С.Торайғыров атындағы №12, №18 балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері қатынасты.
Халықаралық «Қарлы шың» атты фестивалінің жеңімпазы
18-01-2014 09:31
Халықаралық «Қарлы шың» атты  фестивалінің жеңімпазы
Қаңтардың 4 мен 10-ы аралығында 2а сынып оқушысы Алимжанов Әлібек қысқы каникул кезінде, Польшаның Закопане қаласында өткен «Қарлы шың» атты халықаралық музыка және өнер фестиваліне қатысып келді. Вокал номинациясы бойынша 8-жасқа дейінгі балалар арасында Әлібек жүлделі І орынды иеленді. Әлібекті жеңісіміен құттықтаймыз!
Қазақстандық Интернет Олимпиадасының «Күз-қыс 2013» маусымның қорытындысы
16-01-2014 12:09
Қазақстандық Интернет Олимпиадасының «Күз-қыс 2013» маусымның қорытындысы
2013 жылғы қыркүйек - желтоқсан аралығында оқушыларға арналған Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, география, этнография, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті пәндері бойынша КИО ұйымдастырылды. Маусым қорытындысы бойынша 4 пәннен ең жоғары нәтиже көрсеткен гимназияның 7-сынып оқушылары Боранбай Бихан - I орынға, Рымбаев Д. - II орынға, Сейтахмет Е. - III орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Республикалық олимпиадасының 52-ші облыстық кезеңінің қорытындысы
13-01-2014 12:08
Республикалық олимпиадасының 52-ші облыстық кезеңінің қорытындысы
2014 жылғы қаңтар айының 8-і мен 10-ы аралығында С. Торайғыров атындағы ПМУ негізінде 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Гимназиядан 22 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар Қайыржанова А., Дулатова Н. - І орын, Ермек Ә. - ІІ орын, Ибрайкина А., Шаймерден Ә., Ибраева С. - ІІІ орын. Құттықтаймыз!
«Экибастуз-2014» ашық аймақтық жарыстары
13-01-2014 09:39
«Экибастуз-2014» ашық аймақтық жарыстары
3-7 қантар аралығында Экибастуз қаласында туризм бойынша «Экибастуз-2014» ашық аймақтық жарыстары өткізілді. Гимназиядан "Экстрим" тобы қатысып, ІІІ орынға иеленді. Оқушыларды және олардың жетекшісі Нуржан Арыстанбекұлын құттықтаймыз!
Жол жүру ережесін білейік!
08-01-2014 08:33
Жол жүру ережесін білейік!
Гимназияда 6 қаңтар күні «Жол жүру ережесін білейік» атты 1-4 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушылардың жолда жүру ережесін білу және оны күнделікті сақтауға үйрету. Шара екі топтың сайысы түрінде өткізілді. 1-4 сынып оқушыларынан құралған топтар өз топтарының аты, ұраны, сәлемдемесімен таныстырудан бастады.
«Жаңа жыл» мерекесі гимназияда
03-01-2014 10:41
«Жаңа жыл» мерекесі гимназияда
Гимназияда 27.12-28.12 күндер аралығында 1-11 сыныптар арасында «Жаңа жыл» мерекесі өтті. Бастауыш сыныптарға арналған «Жаңа жыл» мерекесі қалалық мәдениет сарайында өткізілді. Жаңа жыл мерекесі 2 бөлімнен тұрды. 1-бөлімде мульфильм кейіпкерлерімен кездесу, ойындар ойнау болса, 2-бөлімде «Бремендық музыканттар» ертегісінің қойылымы көрсетілді.