Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
VІІІ халықаралық «Ақ көгершін» фестивалі
29-03-2014 14:41
VІІІ халықаралық «Ақ көгершін» фестивалі
24-27 наурыз аралығында Астана қаласында VІІІ халықаралық «Ақ көгершін» фестивалі өтті. Фестивальға гимназиясының «Айгөлек» би тобы қатысып, байқауда жоғарғы деңгейде өнер көрсете білді. Бүлдіршіндеріміз хореография номинациясында Гран-при иегерлері атанды. Бишілерімізді және жетекшісі Динара Негматулловнаны шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық өнердің биік шыңынан көріне беріңіздер!
Республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы
29-03-2014 05:11
Республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы
2014 жылдың 24-і мен 29-ші наурыз аралығында Шымкент қаласында гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша «Қазақ мектебінде орыс тілі» пәнінен былтырғы жылдың алтын медаль иегері, гимназияның 10-сынып оқушысы Қаиржанова Әдия І орынға және алтын медальға ие болды. Әдияны жеңісімен және пән мұғалімі Тулеубаева Күлжайнат Бекенжанқызын құттықтаймыз!
«Тіл – барлық білімнің кілті» атты қалалық байқау
28-03-2014 05:24
«Тіл – барлық білімнің кілті» атты қалалық байқау
2014 жылы 27 наурыз күні Ақсу қаласының Мәденит және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ жастары арасында орыс тілі білгірлерінің «Тіл – барлық білімнің кілті» атты қалалық байқау өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша гимназияның 10-сынып оқушысы Баяманова Гульден І орынға, 8ә-сынып оқушысы Жакенова Дария ІІІ орынға ие болды. Оқушыларға және оларды дайындаған мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!
Құрметті әріптестер!
20-03-2014 11:05
Құрметті әріптестер!
Ақтың молаятын, Тіршіліктің жаңғыратын, Өмірдің жаңғыратын, Көңілдің кеңейетін Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, алға қойған арман – тілектеріңіз бен үкілеген үміттеріңіз әр уақытта орындалып, отбасының бақытына бөлене беріңіздер!
Наурыз мерекесіне арналған қайырымдылық акциясы
20-03-2014 11:03
Наурыз мерекесіне арналған қайырымдылық акциясы
19 наурыз күні гимназия оқушылары мен ұстаздары Наурыз мерекесімен құттықтауға Қарттар үйіне қонаққа барды. Қарттар үйінде шағын концерт қойып, өз өнерлерін қарттарға паш етті, оларды Наурыз – ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтады.
«Наурыз – ұлыстың ұлы күні» атты мерекесі
20-03-2014 10:42
«Наурыз – ұлыстың ұлы күні» атты мерекесі
Гимназияда 15.03 күні бастауыш сыныптар арасында «Наурыз – ұлыстың ұлы күні» және 18.03 күні 5-11 сыныптар арасында «Наурыз - жыл басы» атты мереке өтті. Мерекеге барлық сыныптар белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бастауыш сыныптар арасында: 4ә- сынып «Сүйінші», 1-сынып «Бесікке салу», 3ә-сынып «Иткөйлек», 2а-сынып «Той бастар», 2ә- сынып «Тұсау кесу», 3а-сынып «Ашамайға мінгізу» салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетілді.
«Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері» атты коучингі
18-03-2014 11:53
«Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері» атты коучингі
2014 жылдың 18 наурыз күні Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ІІ деңгейлі курсының сертификат иегері, информатика пәнінің мұғалімі Баядилова Асем Канатовна «Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері» атты коучингін өткізді. Коучинг барысында мұғалімдер бағалаудың критерийлері: дескриптор, критерий, рубрикатор туралы толық мәлімет алып, оны іс-жүзінде қолдануды үйренді.
«Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» атты апталығы өткізілді
18-03-2014 11:08
 «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» атты апталығы өткізілді
Салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамға лайықты нағыз тұлға тәрбиелеу, оқушылардың денсаулығын нығайту, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында гимназияда наурыз айының 10-ы мен 15-і аралығында эстеттер бірлестігінің «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» атты апталығы өткізілді. Апталық барысында дене шынықтыру, ырғақ және АӘД пәндері бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Мектептер арасында қалалық спартакиада өткізілді
17-03-2014 05:17
Мектептер арасында қалалық спартакиада өткізілді
2014 жылы 10.03-14.03 күндер аралығында Ақсу қаласының мектептері арасында спартакиада бағдарламасы бойынша баскетбол жарысы өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша гимназияның ұлдар құрама командасы ІІІ орынға иеленді. Оқушыларды және олардың жетекшісі Мұхитова Айсұлу Бөкенбайқызын жеңістерімен құттықтаймыз!
КИО жеңімпаздарын құттықтаймыз!
15-03-2014 17:01
КИО жеңімпаздарын құттықтаймыз!
2014 жылы 6 наурыз күні Қазақстан тарихы пәнінен: салт-дәстүр, тұрмыс, қазақ халқының мәдениеті бойынша КИО өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 7ә-сынып оқушысы Боранбай Бихан, 9-сынып оқушысы Толеуов Алдияр ІІІ орынға ие болды. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Толағай» отбасылық сайысы
13-03-2014 11:59
«Толағай» отбасылық сайысы
10.03-15.03 күндер аралығында Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» атты апталығы өткізіледі. Апталық аясында наурыздың 12-ші жұлдызында 2-3 сынаптар арасында «Әкем, анам және мен» отбасылық туризм жарысы өтті. Сайысқа 8 отбасы қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша Алимжановтар отбасысы І орынға, Бүркітбаевтар отбасысы ІІ орынға, Алимжановтар отбасысы ІІІ орынға ие болды.
Экономика пәнінен ІХ республикалық турнирінің аймақтық кезеңі
12-03-2014 09:47
Экономика пәнінен ІХ республикалық турнирінің аймақтық кезеңі
2014 жылы 11 наурыз күні экономика пәнінен оқушылардың ІХ республикалық турнирінің аймақтық кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гимназияның 10-сынып оқушылары Қабылда Әлібек, Успанова Айгерим және 9-сынып оқушысы Асқарбек Әділ ІІІ орынға ие болды. Оқушыларды және пән мұғалімі Сыздыков Азамат Жанайдарұлын жеңістерімен құттықтаймыз!