«Бағалау дегеніміз не? Жиынтық бағалау туралы сыни тұрғыдан ойлау» атты коучингі
2014 жылдың 11 наурыз күні Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру І деңгейлі курсының сертификат иегері, физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна «Бағалау дегеніміз не? Жиынтық бағалау туралы сыни тұрғыдан ойлау» атты коучингін өткізді. Коучинг барысында мұғалімдер бағалаудың түрлері туралы мәліметті өздігінен топтық жұмыс арқылы алып практикалық қорғауын жасады.
«Мектеп мәдениеті» тақырыбында коучинг өткізілді
10 наурыз күні Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының тыңдаушысы, мектебіміздің директоры Касенова Мария Абдукадировна «Мектеп мәдениеті» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг мақсаты: бірдей деңгейде қалаулы екі балама арасында міндетті түрде біреуін таңдау керек болған жағдайда, шешім мәдениеттің пайдасына шешілуі тиіс деген ой.
Сүйікті нәзік жандылар қауымын мерекелерімен құттықтаймыз!
Мектебіміздегі сүйікті нәзік жандылар қауымын шын жүректен мерекелерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жемісті еңбек және баянды бақыт тілейміз. Көгінде бейбітшілік көгершіні шарықтап, мамыражай, әдемі, жанға жайлы ашық Күндері шалқып тұрсын!
«Масленица» мерекесі
1-наруыз күні қалалық алыңында славян халқының ұлттық «Масленица» мерекесіне арналған іс-шара өтті. «Масленица» славян халықтарының ертеден келе жатқан қысты шығарып салып, көктемді қарсы алу мерекесі. Масленицаны жергілікті халық құймақпен және дәмді тоқаштармен қарсы алды. Гимназияның мұғалімдері мен оқушылары «Масленица» мерекесіне белсенді қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2014 жылдың 26 ақпанында 6-8 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ орынға 6-сынып оқушысы Карибаева Малика иеленді. Мұғалімі Нұрғалиева Дария Амантаевна «Ертіс Дарыны» АҒТӨ-ның «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен марапатталды. Маликаны және Дария Амантаевнаны жетістіктерімен құттықтаймыз!
5-6 сыныптар арасындағы ІІ облыстық кешенді олимпиада
2014 жылғы 25 ақпан күні 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген ІІ облыстық кешенді олимпиадасында 6ә-сынып оқушысы Таукенов Расул ІІ орынға ие болды. Олимпиаданың қатысушылары жаратылыстану-ғылыми және математика бағыттары бойынша тапсырмалар орындады. Жеңіске жеткен Расулды құттықтаймыз! Расулды олимпиадаға дайындаған пән мұғалімдеріне алғысымызды білдеріміз.
«Денін сау болған керемет» атты спорттық - танымдық жарыс
2014 жылдың 22 ақпан күні дәстүрге айналған салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 5-7 сыныптар арасында «Денін сау болған керемет» атты спорттық – танымдық жарыс өтті. Жарысқа 6 команда қатысты. Олар 5а сыныбы «Дәрумендер» тобы, 5ә сыныбы «Жас спортшылар» тобы, 6а сыныбы «Super hils», 6ә сыныбы «Қырандар» тобы, 7a сыныбы «Болашақ» тобы, 7ә сыныбы «ДСТС» тобы ...
Гимназияның жас ғалымдарын құттықтаймыз!
18.02-21.02 күндері аралығында Алматы қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша гимназияның 9 сынып оқушысы Турапекова Айым ІІІ орынға ие болды, 11-сынып оқушысы Сатпекова Алемгуль, 9-сынып оқушылары Ермек Әділет және Кабылбекова Айым «Дарын» РҒПО-ң құрмет грамотасымен марапатталды. Оқушыларды және оларды дайындаған жетекшілерді Сыздыков А.Ж., Муханова Ү.К. құттықтаймыз!
Ең үздік тәлімгер - ГИМНАЗИЯДА!
2014 жылдың 19 ақпан күні қалалық балалар шығармашылық үйінде мектеп тәлімгерлері арасында «Балалық шақтың капитаны» атты сайыс өтті. Сайысқа қаламыздың №1, №4, №8 мектептерінің тәлімгерлері және біздің гимназияның тәлімгері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге гимназия тәлімгері Жаксыбекова Меруерт Жеңізқызы ие болды. Меруерт Жеңісқызын құттықтаймыз!
Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған КИО жеңімпазын құттықтаймыз!
11.02.2014-12.02.2014 күндері қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған қазақстандық интернет олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсембаев Әскербек Құлтайұлы ІІ орынға ие болды. Әскербек Құлтайұлын құттықтаймыз!
Республикалық ғылыми жоба сайысына қатысатын оқушылар
Алматы қаласында өтетін Республикалық ғылыми жоба сайысына гимназиядан 11-сынып оқушысы Сатпекова Алемгуль, 10-сынып оқушысы Қайыржанова Адия, 9-сынып оқушылары Ермек Әділет, Қабылбекова Айым, Турапекова Айым қатысады. Республикалық сайыста оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі
15-ақпан күні гимназияда оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Гимназия әкімшілігі облыстық деңгейде орын алған оқушыларды бағалы сыйлықпен, Республикалық «Ақбота-2013» интеллектуалдық марафонның және Халықаралық "Русский медвежонок" интеллектуалдық сайысының жеңімпаздарын дипломдармен марапаттады. КИО ұйымдастырушыларынан «Күз-Қыз–2013» жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.