“ХХІ ғасыр көшбасшысы” зияткерлік ойынның қатысушылары
Гимназияның екі оқушысы “ХХІ ғасыр көшбасшысы” зияткерлік ойынына қатысады. Сәттілік тілеймін!
“Адал азамат-адал еңбек-адал табыс” тақырыбында сынып сағаттары
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Адал азамат-адал еңбек-адал табыс” тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Республикалық кезеңге жолдама алды!
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру Комитеті және «Хабар» ұлттық телеарнасының бастамасымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынға Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық іріктеу кезеңін ұйымдастырып, өткізді. Республикалық зияткерлік ойынға облыстық кезеңінің жеңімпаздары гимназиясының 11-сынып оқушылары Амангельды Ералхан және Жалешева Айым жолдама алды.
«Сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі» педагогикалық кеңес
2024-2025 оқу жылының 1-қараша күні Қ.Сәтбаев атындығы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияда «Сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Педкеңесте гимназия директорының оқу жөніндегі орынбасары С.Джамалбаева «Сапалы білім беруді дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер» тақырыбымен білім сапасына әсер етуші критерийлер мен факторларды атап өтті.
Республикалық суреттер байқауының жүлдегері
Қолөнер үйірмесі оқушылары Республикалық “Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы” суреттер байқауына қатысып, 6”а” сынып оқушысы Болатжан Назым жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жетекшісі Гүлжазира Қабдылкәрімқызы Алғыс хатпен марапатталды.
«Жасанды интеллект білім саласында» тақырыбында семинар
30 қазан күні «Қала-Ауыл» жобасы аясында Екібастұз ауданының қазақ тілінде оқытатын мектептері педагогтарымен «Жасанды интеллект білім саласында» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында гимназияның информатика мұғалімі Ж.Ахметова мен география мұғалімі А. Альдекенова ChatGPT, Gamma ai, Wepik.com платформалары көмегімен тест сұрақтарын, сабақ жоспарларын, күнтізбелік жоспарларды дайындауды үйретті.
Күзгі каникул іс-шаралары
Күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында “Біз буллингке қарсымыз” ұранымен Көпсайыс өтті. Оқушылар автоматты жартылай бөлшектеп жинау, кернеуге тартылу, нысанаға оқ ату бойынша сайысты. Сондай-ақ салауатты жарысқа, қолдау көрсетуге, достыққа үйренді.
“Ақберен” облыстық өнер байқауының жүлдегері
Шығармашыл оқушылар арасындағы өткен “Ақберен” облыстық өнер байқауында 11”А” сынып оқушысы Амангелді Ералхан жүлделі ІІІ орын жеңімпазы атанды. Құттықтаймыз! Жетекшісі Кабдуллина С.С.
Күзгі каникул іс-шаралары
Күзгі каникул жоспарына сәйкес 6-8 сыныптар арасында теннис жарысы өтті.
«Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы
22-24 қазан күндері Астана қаласында «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинары өткізілді. Семинар барысында «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенгожина Акмарал Еркеновна, ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО-ның ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Қалалық пікірсайыс турниры
Гимназияда 24 қазан күні Республика күніне арналған оқушылар арасындағы қалалық пікірсайыс турниры өтті.
Пікірсайыс турнирына Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің “Парасат” фракциясы, Ыбырай Артынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің “Алтынсарылар” және Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның “Perfect” және “Болашақ” фракцициялары пікірталасты.
Әскери-патриоттық сайысы
Республика күніне орай 10 сынып оқушылары арасында әскери-патриоттық сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар нысанаға оқ ату, автоматты жартылай бөлшектеп жинау,көлденең жолақта тартылу бойынша сайысты.