Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығының қорытындысы
28-12-2024 20:13
2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығының қорытындысы
2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығында жеңіске жеткен оқушылар марапатталды. Құттықтаймыз!
Полиция инспекторымен кездесу
25-12-2024 16:05
Полиция инспекторымен кездесу
Жаңа жылдық мерекелер, қысқы каникул алдында полиция инспекторымен кездесу өтті. Онда пиротехникалық бұйымдарды қолдану, зияны, қауіпсіздік шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ түнгі уақыттағы жасөспірімдердің жалғыз жүрмеуі, сырғанақ, мұзайдындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау ережелері түсіндірілді.
Гимназия ұстазы «Uzdik IT Ustaz» турнирінің жеңімпазы
20-12-2024 21:20
Гимназия ұстазы «Uzdik IT Ustaz» турнирінің жеңімпазы
2024 жылғы 20 желтоқсанда «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырған «CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің іріктеу кезеңі өтті. «Uzdik IT Ustaz» атағы турнирдің ең жоғары балын жинаған Ерғали Бақберді ие болды. Құттықтаймыз!
Ардагер ұстазға арналған кабинет ашылды
20-12-2024 18:37
Ардагер ұстазға арналған кабинет  ашылды
Гимназиямызда айтулы іс-шара өтті. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші осы мектептің негізін қалаған тұңғыш директоры, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ерен еңбегі үшін, «Еңбек ардагері» медальдарының игері - Сламбекова Рымкеш Хамитқызына арналған оқу кабинеті ашылып, есімі ардақталды.
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
18-12-2024 18:07
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
27 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша: Партияқызы Арайлым, Жанарбекқызы Жұпар, 11 сынып - 1 орын, секция этномәдениеттану. Жетекшісі Алепарова Райгуль Токановна. Сабиғанова Аружан 10-сынып, Қалмақан Жасмин 11-сынып - 1 орын, секция тіл білімі. Жетекшісі Айтмағамбетова Бахыт Жұмабаевна. Жалел Ұлан 9-сынып, 2 орын, секция тіл білімі, Жетекшісі Нургалиева Салтанат Еркиновна.
Көшбасшылық форумы
17-12-2024 15:51
Көшбасшылық форумы
14 желтоқсан Білім инновация лицейінің ұйымдастыруымен өткен “Қоғамдық жауапкершілік және жастардың өзін-өзі басқарудағы орны” көшбасшылық форумы өтті. Форум мақсаты оқушылар арасында тәжірибе алмасу, жастарды қолдау, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау болып табылады. Гимназиямыздың парламент мүшелері де форумға қатысып тәжірибе алмасып, түрлі шеберлік сабақтарына белсенді қатысты. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.
Тәуелсіздік күні қарсаңындағы іс-шаралар
15-12-2024 16:19
Тәуелсіздік күні қарсаңындағы іс-шаралар
Тәуелсіздік күніне орай, мектеп парламенті мүшелері, еліміздің тарихы, кемеңгер тұлғалары, желтоқсан құрбандары туралы сауалдардан тұратын шағын сайыс ұйымдастырды.
“Жасөспіріммен қарым-қатынас құпиялары” тақырыбындағы кездесу
13-12-2024 18:45
“Жасөспіріммен қарым-қатынас құпиялары” тақырыбындағы кездесу
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып ата-аналарымен “Жасөспіріммен қарым-қатынас құпиялары” тақырыбында кездесу өтті.
Тәуелсіздік күні қарсаңындағы іс-шаралар
13-12-2024 18:24
Тәуелсіздік күні қарсаңындағы іс-шаралар
Жұртым менің не қиындық көрмеді?! Жылап тұрып Аналарым бұл жолда, Сан перзентін қара жерге жерледі. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, Асау аттай өз тізгінін бермеді. Қазағымның алтын басын иілтіп, Талай дұшпан төрімізге өрледі
Психолого-педагогикалық консилиум
12-12-2024 15:40
Психолого-педагогикалық консилиум
2024 жылдың 9 желтоқсан күні гимназияда 5а, 5ә және 10а, 10ә сыныптарына арналған психолого-педагогикалық консилиум болып өтті. Консилиумға әкімшілік мүшелері, сынып жетекшілері және пән мұғалімдері қатысты. Консилиумның тақырыбы: 5,10-сынып оқушыларының оқу жағдайына бейімделуі. Мақсаты оқушылардың мектептегі оқуға бейімделуін, жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижелелерін пән мұғалімдеріне ұсына отырып неғұрлым қолайлы жағдайлар тудыру жолдарын қарастыру.
Волейбол жарысы
11-12-2024 18:23
Волейбол жарысы
Біртұтас тәрбие тәрбие бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушылары арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды. Ойын нәтижесінде: 1 орын - 8”А” сыныбы; 2 орын - 10”А” сыныбы; 3 орын - 9 сынып. Құттықтаймыз!
“Тәуелсіздік - елдігімнің тірегі”
11-12-2024 16:02
“Тәуелсіздік - елдігімнің тірегі”
Тәуелсіздіккүніне орай барлық сыныптарда “Тәуелсіздік - елдігімнің тірегі” атты сынып сағаттары өтті.