Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
"Маусымашар - 2020" фестивалінің Кіші кубок иегерлері
17-02-2020 16:48
13 ақпан күні өткен облыстық Павлодар қазақша КВН лигасы "Маусымашар-2020" фестивалінде гимназиямыздың "Әрі-бері" командасы әзілдері жарасып, Кіші кубокты иеленді. Команда құрамында: Ерназарұлы И. (6а-сынып), Баисова А., Апаева А., Алимжанов А., Арнабекұлы А., Малибекова Д., Кожагелдыев А., және Талғатбек Е. (8а-сынып). Команда мүшелерін және олардың жетекшісі Кушова Ақмөлдір Сагинбаевнаны құттықтаймыз.
"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық" онкүндігі
17-02-2020 09:01
3.02-13.02 күндері аралығында гимназияда "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық" онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында жоспар бойынша "Жүректі жылытар мейірімділік" концерті, "Жанымда жүр жақсы адам" мектеп қызметкерлерін құрметтеу күні және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.
Короновирустан сақтану шаралары
12-02-2020 12:49
Короновирустан сақтану шаралары
Бүгінгі күні әлемді жаулаған індеттең сақтанып жүріңіздер. Ол үшін алғашқы белгілерін және сақтану шараларын әрдайым орынданыздар!
Ақсу қалалық ашық біріншілігінде жүлделі орын игерлері
05-02-2020 16:35
Ақсу қалалық ашық біріншілігінде жүлделі орын игерлері
2а сынып оқушылары жүзуден Ақсу қалалық ашық біріншілігінде жүлделі орындарды иеленді. Олар Төлеутай Ерқанат 1 орын, Сулейменов Данияр, Зайкен Сезім 2 орын. Құттықтаймыз!
ІІ республикалық Абайтану олимпиадасы
04-02-2020 10:03
ІІ республикалық Абайтану олимпиадасы
Қазақтың бас ақыны, ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған ІІ республикалық Абайтану олимпиадасында ерекше белсенділік танытқаны үшін гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Мағзүмова Айшабибі Алғыс хатпен марапатталды. Мұғалімі Есенгожина Акмарал Еркеновна. Құттықтаймыз!
"Қазақстан-мейірімділік мекені" балалар бастамасы
03-02-2020 15:22
"Қазақстан-мейірімділік мекені" балалар бастамасы аясында гимназиямыздың 3 сынып оқушылары өз қолдарымен бала-бақша бүлдіршіндеріне массажерлер жасап, сыйға тартты. Бұл игі шараға бастамашы болған сынып жетекшісі Ақмарал Имантахуовна. Жақсылық жасаудан жалықпайық.
МИФ (математика, информатика, физика) апталығы
03-02-2020 14:34
МИФ (математика, информатика, физика) апталығы
20-25 қаңтар аралығында гимназияның жылдық жоспарына сәйкес МИФ (математика, информатика, физика) апталығы өткізілді. Бұл шараның ашылуы оқушыларға қызықты тапсырманы орындап, сыйлыққа алмастыра алатын бірлік ұтып алудан басталды. МИФ апталығының соңғы күні 9-10 сыныптар арасында "Білгірлер мен білгіштер" интеллектуалдық ойыны өтті. Бұл шара Абайдың 175 жылдығына арналды.
"Педагог мәртебесі" туралы заң талқыланды
20-01-2020 16:25
Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі" туралы заң қабылдануына байланысты гимназиямызда педкеңес өткізіліп, директордың орынбасары Аккентаева Клара Мухаметкалиевна Заңда көрсетілген Педагогтар мәртебесін көтеру маңыздылығын атап көрсетті.
«ІТ болашақ маманы» атты І облыстық олимпиадасы
20-01-2020 15:20
«ІТ болашақ маманы» атты І облыстық олимпиадасы
17 қаңтар күні Павлодар жоғары басқару колледжінің негізінде 9-сынып оқушылары арасында «ІТ болашақ маманы» атты І облыстық олимпиадасы өкізілді. Олимпиадасының қортыныдысы бойынша гимнзияның 9-сынып оқушысы Кожабергенов Думан ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі информатика мұғалімі Абылгазина Эльмира Турагуловна. Сонымен қатар, колледж ұстаздары роботехника бойынша мастер-класс өткізді.
Республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі
19-01-2020 15:21
Республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі
2020 жылғы 16 қаңтарда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты негізінде облыстық «Ақберен» байқауы өткізілген. Байқаудың қорытындысы бойынша «Көркем сөз оқу» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломға 10 сынып оқушысы Баянбатұлы Ерасыл және «Шығарма жазу» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломды 11 сынып оқушысы Батай Аружан иеленді. Жетекшілері Есенгожина Ақмарал Еркеновна және Нургалиева Дария Амантаевна.
Түлектермен кездесу кеші
19-01-2020 11:12
Түлектермен кездесу кеші
Гимназиямызда дәстүрлі түрде түлектерміз кездесу кешіне жиналды. Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түлектерімізге гимназияның бағындырған белестері, жаңа кабинеттер таныстырылып, түрлі танымдық ойындар ойнатылып, мектеп өмірінен сұрақтар қойылды. Түлектер өздерінің алдағы жоспарларымен бөлісіп, кездесу тамаша би кешімен жалғасты.
"Адалдық сағаты" республикалық акциясы
18-01-2020 16:41
17 қаңтар күні "Адалдық сағаты" республикалық акциясы аясында Ақсу қалалық сот маманы А. Иманбаева мен жасөспірімдер бойынша инспектор А. Калиева 8-11 сынып оқушыларына баяндама оқыды. Кездесуде қоғамдағы жемқорлықтың алдын алудың алғашқы қадамдары, адамгершілік қасиеттер мен өз ісіне деген жауапкершілік мәселесі қозғалды.