Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
ХІХ облыстық Абай оқулары
14-03-2018 21:56
ХІХ облыстық Абай оқулары
Павлодар қаласында өткен ХІХ облыстық Абай оқуларында мектебіміздің мерейі үстем болды. 9ə сынып оқушысы Жомарт Ақтоты І орынды, (жетекшісі Нургалиева Д.А.), 7 сынып оқушысы Садыбеков Жандос ІІІ орынды (жетекшісі Шапауова А.С.), 6а сынып оқушысы Алимжанов Əлібек ІІІ орынды (жетекшісі Солтанова Г.С.) иеленді. Нургалиева Дария Амантаевна "Ұстаздық еткен жалықпас" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз.
Хабрландыру
13-03-2018 22:06
Хабрландыру
Құрметті гимназия ата-аналары. ҚР БжҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі 355 бұйрығына сәйкес мектепішілік Қамқоршылық кеңес құрылады және оның құрамына әр сыныптан бір ата-анадан сайланады. Ұсыныстар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: gimnaziya-aksu-metodkab@mail.ru. Телефон: 8(71837)6-42-94
«Мен жұлдызбын!» халықаралық конкурс-фестиваліннің жүлдегерлері
05-03-2018 23:08
«Мен жұлдызбын!» халықаралық конкурс-фестиваліннің жүлдегерлері
2018 жылдың 2-5 наурыз күндері аралығында Астана қаласында өткен «Мен жұлдызбын!» халықаралық көпжанрлы конкурс-фестиваліне гимназияның «Мұрагер» домбыра ансамблі қатысып, І дәрежелі дипломмен маратталды. Бүлдіршіндерімізді және олардың жетекшісі Солтанова Гульжанат Сарсенбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз!
ХVII қысқы облыстық бағдарлаудан спартакиада
01-03-2018 19:59
ХVII қысқы облыстық бағдарлаудан спартакиада
2018 жылдың 23-25 ақпан аралығында Павлодар қаласында өткен Мектеп оқушылары арасындағы ХVII қысқы облыстық бағдарлаудан қалалық командалары арасында біздің "ЭКСТРИМ" туристік командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
"Ең үздік бастауыш сынып жетекшісі - 2018" мектепішілік байқауының қорытындысы
01-03-2018 19:30
24-ақпан күні гимназияның мəжіліс залында "Ең үздік бастауыш сынып жетекшісі - 2018 " байқауы өтті. Сынып жетекшілері барлық шеберлігі мен қабілетін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша Жақсыбекова М.Ж.- жаңашыл сынып жетекші, Нахметова Ə.Н. - креативті сынып жетекші, Омарова А.Р. - шығармашыл сынып жетекші, Елубаева М.С. - білікті сынып жетекші номинациясы бойынша марапаталса, "Үздік сынып жетекші" атағын Аубакирова А.И. иеленді.
Гимназияда ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті
01-03-2018 19:16
Гимназияда ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті
17 ақпан күні ата-аналармен ынтымақтастық шаралары аясында облысымыздың 80 жылдық мерейтойына арнап волейбол турнирі өткізілді. 1-4 сынып ата-аналары жарысқа белсене қатысып, жеңімпаздар мен үздік ойыншылар мақтау қағазымен, ал үздік команда ауыспалы кубокпен жəне дипломмен марапатталды. Барлық қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
Жарқын болашақтың айқын жеңісі
12-02-2018 13:13
Жарқын болашақтың айқын жеңісі
2018 жылдың 8 ақпанында «Жарқын болашақ» Х республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша «Тілші-әдебиетшілер» бағытында Хуатбекқызы Айша /11-сынып/ І орын, «Сөз шеберлері» - Хаманай Асхат /8-сынып/, «Жазушылар» - Жумабаева Дильнара /9-сынып/, «Жас ғалымдар» - Баяманова Аида мен Құрмашева Дильназ /8-сынып/, «Әнші-бұлбұлдар» - Алимжанов Алибек /6-сынып/ ІІІ орынға ие болды.
Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері
02-02-2018 17:05
Республикалық «Зерде» ғылыми  жобалар конкурсының жүлдегері
2018 жылғы 29-31 қаңтар күндері «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Щучинск қ.) 1-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары конкурсы өтті. Конкурс қорытындысы бойынша гимназиямыздың 4-сынып оқушысы Жалешева Айым «математика және информатика» секциясында ІІІ орынға ие болды. Айымды және оның жетекшісі Катепбай Асылгүлді құттықтаймыз!
"Психологиялық марафон" жарысы
01-02-2018 22:33
30 қаңтар күні психология апталығының аясында гимназияның психологі Шаймарданова Назигүл Түсіпқызының ұйымдастыруымен "Психологиялық марафон" жарысы өтті! Өте қызықты әрі тартысты өткен сайыстың жеңімпазы болып 7-сынып танылса, 8а-8ә сыныптар "Зерде" және "Ұйымшыл команда" номинацияларымен марапатталды.
Психология апталығы
01-02-2018 22:05
Психология  апталығы
2018 жылдың 29.01- 2.02 күндері аралығында гимназияда психология апталығы өткізілуде. Апталықтың алдына қойған негізгі мақсаты: психология ғылымының маңыздылығын насихаттау; мектеп ұжымының оның ішінде оқушылардың, ұстаздардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, әрі нығайту. Психология апталығы аясында оқушылар мен мұғалімдерден түстерді таңдау арқылы таңертеңгі көңіл-күйін анықтау сауалнамасы алынды.
"Айгөлек" би ансамблін құттықтаймыз!
30-01-2018 18:17
Бірнеше жылдар қатарынан облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген кішкентай бүлдіршіндеріміз, 28 қантарда Павлодар қаласында өткен Республикалық «Би бала» байқауында І орынға ие болып, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеді. Жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловнаны және бүлдіршіндерді құттықтай отырып, жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!
Жарты жылдық белес һәм педагогикалық кеңес
15-01-2018 21:19
Жарты жылдық белес һәм педагогикалық кеңес
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына сай тұлға тәрбиелеудегі мектептің басыңқы бағыттары» тақырыбында 14 қантар күні өткен педагогикалық кеңесте директордың орынбасары Г.Бакирбекова ұлттық құндылықтарды қазіргі білім берудің негізі ретінде оқу-тәрбие үдерісіне үйлестіру, ұрпақ бойына қалыптастыру жолдарын ұсына отырып, талқыға салды.