Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Тоғызқұмалақ бойынша облыстық чемпионатының жеңімпаздары
14-11-2021 21:11
Тоғызқұмалақ бойынша облыстық чемпионатының жеңімпаздары
Тоғызқұмалақ бойынша 9,11,13,15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Павлодар облысының чемпионатында 3а-сынып оқушылары Аблай Нұрсұлтан мен Каркен Айя, 5а-сынып оқушысы Аблаева Наргиз І орынды иеленді. Тренері Гүлжан Мухаметкалиевна мен жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!
"Ардагерлерді ардайық" онлайн акциясының жеңімпазы
13-11-2021 19:19
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "НұрОтан" партиясы "Ардагерлерді ардайық" онлайн акциясын ұйымдастырды. Акция нәтижесі бойынша жеңіске жеткен қаламыздың құрметті азаматы, ардагер ұстаз Рымкеш Хамитовна Сламбекованы құттықтаймыз! Рымкеш Хамитовна қаламыздағы қазақ мектебінің негізін қалаушы, дарынды балалардың білім алуына зор үлес қосқан азаматша.
Онлайн сауалнама
10-11-2021 11:18
Онлайн сауалнама
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында "Ашық диалог" алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
"Кел, балалар, оқылық..." атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы
03-11-2021 18:03
Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 2-4 сынып оқушылар арасында "Кел, балалар, оқылық..." атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жазушының мазмұны мәнді, тәрбиелік мәні бар өлеңдерін жаттап үлкен дайындықпен келген оқушылардың өнерін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері бағалап жеңімпаздарды анықтады. Барлық қатысушыларға алғыс хат табысталды.
"KazRoboProject - 2021" Республикалық байқауының номинанттары
02-11-2021 20:25
"KazRoboProject - 2021" Республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Жалешова Айым және Жалешова Аяна "SMART-City" қосымша номинациясы бойынша марапатталды. Жоба жетекшісі Атик Бибигуль Васильевна. Құттықтаймыз!
Май ауданының ұстаздарымен практикалық семинар өтті
01-11-2021 19:21
Май ауданының ұстаздарымен практикалық семинар өтті
Гимназияның 2021-2022 оқу жылына арналған өзара әлеуметтік және қолдау жоспары негізінде 25.10 күні "MindMap, Mindom және Mindmeister бағдарламаларының көмегімен ақыл-ой карталарын жасау жолдары" тақырыбы бойынша практикалық семинарын информатика мұғалімі Жеңісхан Нұргүл Zoom платформасы арқылы өткізді. Семинарға 57 мұғалім қатысты. MindMap, Mindom және Mindmeister бағдарламаларында тіркеуден бастап, ақыл-ой карталарын жасау жолдары бойынша практикалық көрсетілімдер жасады. Сондай-ақ бағдарлама
Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай конференция өтті
23-10-2021 19:12
Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай конференция өтті
21 қазан күні гимназияда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және халыққа қызмет етуді міндет емес өзінің парызы санаған Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Ұлтын сүю білімнен емес, мінезден» атты мектепішілік конференция өтті. Конференцияға С.Торайғыров университетінің PhD докторы Е.К.Рахимов, тарих пәні мұғалімі, ардагер ұстаз Б.Ш.Ибраева, мұғалімдер, жоғары сынып оқушылары қатысты.
XІ облыстық Мағжан оқулары конкурсының жүлдегері
22-10-2021 18:10
XІ облыстық Мағжан оқулары конкурсының жүлдегері
2021 жылғы 15 қазанда Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын жете меңгерген оқушылар арасында XІ облыстық Мағжан оқулары конкурсы ZOOM платформасында онлайн режимде өткізілді. Шара қорытындысы бойынша «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында Каиржанова Аида 2-орын, «Толқынмен толқын сырласып...» бағыттарында Казтай Айшат 2-орын, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытында – Асанбай Жадыра 3-орынға ие болды.
"Менің кіші Отаным" IV облыстық конкурсының жүлдегері
20-10-2021 19:19
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында "Менің кіші Отаным" жас тарихшылар IV облыстық конкурсы 11 қазанында онлайн режимінде өткізілді. "Менің туған өлкем" (эссе жазу) номинациясы бойынша Каиржанова Аида ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық "Адал Ұрпақ" клубының жеңімпаздары
16-10-2021 17:48
Облыстық
Облыстық "Адал Ұрпақ" клубының ІV слетінде гимназия оқушылары "Жемқорлықсыз өмір - адал өмір" бейнероликтер бағытында І орын, "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ" үгіт бригадалар бағытында І орын, "Адал Ұрпақ" слетінде Гран-Приға иеленді. Жетекшісі аға тәлімгер Кушова Ақмөлдір Сағынбаевна. Жеңіс құтты болсын!
М.Абдильдин атындағы Республикалық Астротурнирінің жүлдегері
09-10-2021 21:12
 М.Абдильдин атындағы Республикалық Астротурнирінің жүлдегері
Қазақстандық М.Абдильдин атындағы Республикалық Астротурнирінде жиналған командалар астрономиядан білімдерің көрсетіп, сайысқа түсті. Нәтижесінде Павлодарлық Катаев атындағы оқушылар сарайының атынан қатысқан құрама командасы Бас жүлдені жеңіп алды. Гимназиямыздың 9 сынып оқушысы Хасенов Аспандияр сол құрамада олжалы болды. Құттықтаймыз!
Облыстық "Жыл мұғалімі-2021" конкурсының жүлдегері
04-10-2021 18:11
Облыстық
Мұғалімдер күні қарсаңында облыстық "Жыл мұғалімі-2021" конкурсының қорытындысы жарияланды. Конкурс ақпан-сәуір аралығында Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. 4 кезеңнен тұратын конкурсқа Павлодар облысының 28 ұстазы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша гимназиямыздың информатика пәнінің мұғалімі Эльмира Турагуловна І орынға ие болды.