Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
«Ақберен» облыстық байкауының жүлдегерлері
15-01-2018 20:57
«Ақберен» облыстық байкауының жүлдегерлері
11-қаңтар күні оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңіне өтті. Гимназия намысын қорғаған Кунтаева Амина (9ә-сынып) «Шығарма жазу» бағыты бойынша I орынды иеленсе, Хуатбекқызы Айша (11-сынып) «Шешендік өнер» номинациясында жүлделі ІІ орынды, Баянбат Ерасыл (8ә-сынып) «Ақындар мұшәйрасы» бағытында III орынды иеленді. Пән мұғалімдері Нургалиева Д.А., Дюсембеков А.К. және Мақсатхан А.
"Ойна" балаларды дамыту орталығы гимназияда олимпиада өткізді
12-01-2018 11:40
2018 жылдың 10 қаңтар күні гимназиямызда "Ойна" балаларды дамыту орталығының өкілдерінің ұйымдастыруымен түрлі ойындардан олимпиада өткізілді. Аталған ойындар баланың санасын, ойлау қабілетін, креативті ойлауын дамытып, тіпті бала бойындағы жасырын қабілеттерді оятуға мүмкіндік берді. Олимпидада жеңімпаз болған оқушылар ақпан айында өтетін облыстық олимпиадада гимназия намысын қорғайтын болады.
Ақсу қаласының әкімі гимназияды болды
12-01-2018 11:23
Ақсу қаласының әкімі гимназияды болды
2018 жылдың 9 қаңтар күні гимназиямызға қаламыздың жаңа әкімі Дычко Николай Васильевич гимназияның тыныс-тіршілігімен, атқарылған жұмыстарымен танысу мақсатында келді. Қара шаңырақтың материалдық-техникалық базасын көріп, дарынды оқушылардың толықтай білім алуына жағдай жасалғанын айтты.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
10-01-2018 10:03
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
Елбасының әр жылғы жолдауы – маңызды құжат. Қай жолдауы болмасын стратегиялық маңыздылығы мен ел алдындағы бағыт-бағдар мен міндетерді айқындауға негізделгенін көреміз! Кеше де Мемлекетет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына кезекті жолдауы туралы мәлімдеме жасаған болатын. Бұл жолдауды ұлт болашағын тәрбиелеумен айналысатын ұстаздар қауымы да ерекше ықыласпен қабылдады.
Облыстық пән олимпиадасының қорытындысы
09-01-2018 20:58
Облыстық пән олимпиадасының қорытындысы
2018 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 56 облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары 13 жүлделі орынға ие болды. Оқушыларды және оларды дайындаған ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы республикалық олимпиадада сәттілік тілейміз.
Жаңа жыл мерекесі
31-12-2017 09:29
Жаңа жыл мерекесі
2017 жылдың 27-28 қаңтар күндері гимназиямызда дәстүрлі жаңа жыл мерекесі аталып өтті. Биылғы жаңа жылдың тақырыбы ертегілер және комикстер әлемімен астасып жатты. Мерекелік кеште әр сынып қойылымдар қойып, түрлі ойындар ойнады. Қызылды-жасылды ойыншықтармен көмкерілген шыршаның төңірегінде бұл күндері әсем әнде шырқалып, түрлі биде биленді. Барлық оқушылар мерекелік кешке ерекше ықыласпен қатысып, бар өнерін ортаға салды.
«Кітап-алтын сандық» кітап оқу жарысының жеңімпаздары
30-12-2017 23:13
«Кітап-алтын сандық» кітап оқу жарысының жеңімпаздары
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясыда бір ай бұрын жарияланған «Кітап-алтын сандық» кітап оқу жарысының жеңімпаздары да белгілі болды. 1 орын - 9 сынып оқушысы Кунтаева Амина, 2 орын - 11 сынып оқушысы Хуатбек Айша және Баяманова Аида, 3 орын – 9 сынып оқушысы Батай Аружан, 6 сынып оқушылары Кабиденова Томирис және Қазтай Айшат! Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен тиесілі бағалы сыйлықтары табыс етілді. Құттықтаймыз!
Облыстық білім беру басқармасының басшысы жұмыс сапарымен гимназияға келді
30-12-2017 18:59
Облыстық білім беру басқармасының басшысы жұмыс сапарымен гимназияға келді
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсаны күні гимназияға Павлодар облысы Білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жұмыс сапарымен келді. Ең алдымен гимназия директоры Мәрия Әдбіқадырқызымен гимназия тарихы, өткені мен бүгіні туралы сұхбаттасты. Сонымен қатар, Дінислам Болатханұлы мектеп мұражайындағы тілек кітапшасына өз лебізін жазды.
«Қазақстан – саяхат елі» эссе байқауының жүлдегері
22-12-2017 16:18
«Қазақстан – саяхат елі» эссе байқауының жүлдегері
ҚР Тұнғыш Президентінің Қоры «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп 2017 жылғы 30 қазан және 1 қараша аралығында Астана қаласында олимпиада жүлдегерілері мен қатысушыларына «Көшбасшы Жолы» атты саяхатын өткізді. Осы жобаға қатысқан мектеп оқушылары арасында «Қазақстан – саяхат елі» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Гимназиямыздың 10 сынып оқушысы Кабышева Динара ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Футбол турнирінің жеңімпаздары
22-12-2017 15:30
Футбол турнирінің жеңімпаздары
2017 жылдың 4-15 желтоқсан күндері Павлодар қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы облыстық футбол турнирінде Ақсу қаласының құрамасы І орынға ие болып, алтыннан алқа тақты. Ақсу құрамасының үш ойыншысы гимназиямыздың 4 сынып оқушылары: Ерназарұлы Искандер, Жазкен Арман және Кукен Әбілмансур. Жас спортшыларға осы жеңісті жолынан танбасын деп тілейміз!
"NEW STAR KZ" ІІІ Халықаралық xореография байқауының жеңімпаздары
20-12-2017 11:54
17 желтоқсан күні Астана қаласында "NEW STAR KZ" ІІІ Халықаралық вокал және xореография байқауы өтті. Байқауға гимназиямыздың "Айгөлек" үлгілі би ансамблі қатысып, Гран-При иегері атанды. Жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловна. "Айгөлек" би ұжымын бағындырған тағы бір белесімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз таусылмасын!
Спорттық акробатикадан облыстық чемпионаттың жүлдегері
20-12-2017 07:40
Спорттық акробатикадан облыстық чемпионаттың жүлдегері
2017 жылдың 15-18 желтоқсан күндері Павлодар қаласында Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай спорттық акробатикадан облыстық чемпионат ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4 сынып оқушысы Қайырғали Дария 2 орынға қол жеткізіп, күміс медальға ие болыды. Жарайсың Дария! Биіктерді бағындыра бер!