Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері
16-01-2019 16:49
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері
2019 жылғы қаңтар айының 4-і мен 5-і аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында 57 облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша Кабышева Д., Карибаева М. (11-сынып), Кунтаева А. (10-сынып), Сейсембаева А. (9-сынып) ІІ орынға, Куатов А. (10-сынып), Омирзакова А.(11-сынып), Жандарбек А. (9-сынып) және Шакбекова Д. (8-сынып) ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы" қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері
09-01-2019 15:22
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласында 7-9 қаңтар күндері 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен "Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы" қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға гимназиядан 2 оқушы қатысып, жүлделі орынға ие болды. Олар, 6-сынып оқушысы Шайфуллина Анель – 1 орын және 5-сынып оқушысы Нургалиева Медина - ІІ орын. Мұғалімдері Есенгожина А.Е., Ержинбаева Р.Т.
"Розы Казахстана" халықаралық байқауының Гран-при иегерлері
09-01-2019 08:10
5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында өткен "Розы Казахстана" халықаралық байқауында Қазақстан, Ресей және Болгарияның үздік би ансамбльдері бақ сынасты. Қаламыздың намысын қорғауға аттанған "Айгөлек" үлгілі би ансамбіліміз Гран-при және жеке орындау үшін Тастемір Гүлзат жүлделі I орынға ие болды. Құттықтаймыз!
5-6 сынып оқушыларына арналған VІI облыстық кешенді олимпиадасының қорытындысы
24-12-2018 20:30
5-6 сынып оқушыларына арналған VІI облыстық кешенді олимпиадасының қорытындысы
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылғы 20 желтоқсанда 5-6 сынып оқушыларына арналған VІI облыстық кешенді олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары Кабдулла Даниал І орынға, Шайфуллина Анель, Алимова Томирис, Жалешева Айым ІІ орынға және 5ә-сынып оқушысы Мухамматова Ақерке ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Халықаралық "Бала шабыты" конкурсында "Айгөлек" үлгілі ансамбілі Гран-При иегері
22-12-2018 09:58
Халықаралық
Гимназиямыздың "Айгөлек" үлгілі ансамбілі бишілерінің екі тобы Астана қаласында өткен халықаралық "Бала шабыты" конкурсында Гран-При мен I орынға ие болды. Тамаша жетістікке жетелеген топ жетекшісі Динара Нигматуловна мен бишілерді құттықтаймыз!
"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" атты салтанатты жиын
15-12-2018 22:03
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, -деп 14 желтоқсанда "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" атты салтанатты жиын өтті. Шара барысында тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымыз," Ұлы даланың-жеті қыры" туралы бейнебаян көрсетіліп, оқушылар өз өнерін ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға паш етті. Сондай- ақ оқушылары білім додаларында жетістікке жеткен ұстаздарға алғыс жарияланып, марапатталды.
Гимназияда "Тәуелсіздік тұғырым" атты ашық есік күні өтті
15-12-2018 21:52
Гимназияда
Гимназиямызда бүгін 14 желтоқсанда "Тәуелсіздік тұғырым" атты ашық есік күні өтті. Мұнда алтын уақытын бөліп келген ата-аналар ашық сабақтарды, үйірме жұмыстарын, спорттық шараларды көрді. Сондай-ақ гимназия мұражайын, Президент кабинетін, даңқ залын аралап,шара соңында "Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік" атты салтанатты жиында балаларының өнерін тамашалады.
"Болашаққа бағдар" атты бейнероликтер сайысының номинанты
15-12-2018 11:39
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Ақпараттық технолoгиялар орталығының ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдар" атты бейнероликтер сайысы өткізілді. Байқауға өз жұмысын ұсынған 8 сынып оқушысы Берденбекқызы Әмина "Жас режиссер" номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жетекшісі Кушова А.С. Бейнероликті түсіруде қолдау көрсеткен Әминаның ата-анасына алғыс білдіреміз.
"Жас Ұлан" бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты
15-12-2018 11:27
Гимназиямызда Тәуелсіздік күні қарсаңында 42 оқушы "Жас Ұлан" бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Оқушылар ұйымның мақсат, міндеттеріне тоқтай отырып, жиналғандар алдында ант берді. Сондай-ақ қараша айында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен 9а сынып оқушысы Олжабай Алтынгүл Ұлан басы болып сайланды. Жас Ұлан белсенділеріне алдағы еңбектеріне сәттілік пен табыс тілейміз.
Халықаралық Компьютерлік ғылым аптасы
10-12-2018 17:53
Халықаралық Компьютерлік ғылым аптасы
Гимназияда 3-9 желтоқсан аралығында халықаралық Компьютерлік ғылым аптасы шеңберінде Қазақстандағы код сағаты акциясына қосылу мақсатында Кодтау сабақтары өткізілді. Код сағатының міндеті - қатысушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстыру, сондай-ақ нақты ғылымдарға қызығушылық қалыптастыру болды.
«Халықаралық сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес күні»
10-12-2018 17:33
«Халықаралық сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес күні»
5 желтоқсан күні гимназиямызда «Халықаралық сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес күні» тақырыбына орай 9-11 сыныптарында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Шараның негізгі мақсаты қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру болды.
Халықаралық «I’m a Star KZ» хореографиялық байқауының жүлдегерлері
10-12-2018 17:15
Халықаралық «I’m a Star KZ» хореографиялық байқауының жүлдегерлері
Гимназиямыздың «Айгөлек» үлгілі би ансамблі Астана қаласында өткен Халықаралық «I’m a Star KZ» хореографиялық байқауында І орынға ие болды. Жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловна. Конкурсанттардың шеберлігін білікті өнер майталмандары бағалады, қазылар алқасының хореография бойынша төрайымы: Қ.А. Ағымбаева - Астана қ. «НАЗ» Мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Жеңістерімен құттықтаймыз!