Үш тілде оқыту бағытында жүргізіліп жатқан іс- шаралар.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.04.2004ж «7-9 сыныптарға Үш тілде оқыту» экспериментін енгізу жөніндегі № 228 бұйрығы негізінде гимназияға 2005-2006 оқу жылынан бастап «Үш тілде» оқыту эксперименті енгізілді.
Бұл бастама ары қарай да жалғасуда. 2015-2016 оқу жылы физика пәні ағылшын тілінде 7а,7ә,8,9 сыныптарда оқытылады. Оқушылар саны 70
Үш тілде оқыту , эксперимент бойынша атқарылатын іс- шаралар.
2015-2016 оқу жылы
Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияда көптілде оқыту барысында өткізіліп жатқан іс-шаралар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 19.03. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінде Үш тілді оқытуды енгізу бойынша эксперимент жүргізу туралы» №228 бұйрығына сәйкес гимназияда 1 қыркүйек 2005 – 2006 оқу жылынан бастап «Үш тілде оқыту» эксперименті 7 сыныпқа енгізілді.
«Көптілде оқыту-заман талабы» педагогикалық кеңес. Аккентаева К.М.- директордың ғылым жөніндегі орынбасары.
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея.
«Көптілділік білім беру - зияткер ұлтты қалыптастыруға жетелейтін жол» атты облыстық семинар
2014 жылы 9 желтоқсан күні гимназияда «Көптілділік білім беру - зияткер ұлтты қалыптастыруға жетелейтін жол» атты облыстық семинар өтті. Семинарға облыс мектептерінен 20 ұстаз қатысты. Физика пәнінен 7 «А» және 9 «Ә» сыныптарында физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова А.С., жаратылыстану пәнінен 5 «А», биология пәнінен 6 «А» сыныптарында биология пәнінің мұғалімі А.Т.Турғанбекова, ағылшын тілі пәнінен мұғалімі Р.С. Сыздыкбаева кіріктілінген сабақтар өткізді.
«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және функционалды сауаттылықты дамыту шеңберінде ағылшын тілін оқытуды кіріктіру» атты халықаралық конференциясы
2014 жылдың 15 мамыр күні ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қолдауымен «Study INN» Cambridge University Press (CUP) білім беру компаниясы Астана қаласында «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және функционалды сауаттылықты дамыту шеңберінде ағылшын тілін оқытуды кіріктіру» атты халықаралық конференциясын өткізді. Конференцияға физика мұғалімі Кабылбекова Алмагүл Серикбаевна және ағылшын тілі мұғалімі Уажанова Ботагоз Болатовна қатысып келді.
Қазақ-түрік лицейінде тәжірибе алмасу барысында
2013 жылы 12 ақпанда физика пәнін ағылшын тілінде оқитын 8-сынып оқушылары мен пән мұғалімі А.С.Кабылбекова тәжірибе алмасу мақсатында дарынды кыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатына барды. Қазақ-түрік лицейдің физика пәнінің мұғалімі Ауелбаева Камила Бахтыбайқызы сабақ және сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Оқушының физика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып үш тілді меңгерудегі тиімді жағдай. Физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова А.С. Республикалық семинар.
Елдің өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алу ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әулеті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзегі.
Павлодар облысы Ақсу қаласының гимназиясы физика пәнін үш тілде оқыту (қазақша, орысша, ағылшынша) экспериментіне енгізгелі бес жыл өтті.
Көптілділік – білім беру ісінің жаңа сатысы.
Бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әулеті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзекті мәселесі.
Мектептің білім мазмұнын қамтамасыз етудегі мүмкіншілігіне, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, педагог кадрлардың сапалық құрамына және материалдық-техникалық базасына талдау жасай отырып, педагогикалық ұжым өз мақсаты мен эксперимент мақсатының сәйкес келгенін анықтады
2005-2006 оқу жылынан бастап гимназия облыстық деңгейде
Ақсу қаласындағы гимназияда "Үш тілде оқыту" экспериментінің іс-әрекет бағдарламасы
Эксперименттің тақырыбы:Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде үш тілде оқыту. Негізі: Көп тілде оқыту қазіргі тұлғаны қалыптастыру негізі. Бүгінгі күні қалың жұртшылық назарына ұсынылған «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» осындай заман талабынан объективті себептерден туындаған дүние.