Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
«Үздік педкеңес бағдарламасы» облыстық конкурсы
14-04-2017 06:32
«Үздік педкеңес бағдарламасы» облыстық конкурсы
2017 жылғы 12 сәуірде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында «Үздік педкеңес бағдарламасы» облыстық конкурсы өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназия директорының орынбасары Аккентаева Қырмызы Мұхаметқалиқызы мен психологі Шаймарданова Назигүл Түсіпқызы «Жаңашылдық пен шығармашылық» номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Сәтбаев апталығы аясында
14-04-2017 06:09
Сәтбаев апталығы аясында
Жылдағы дәстүр бойынша 12 сәуір Қ.И.Сәтбаевтың туған күні 1-сынып оқушылары гимназистер қатарына қабылданды. Оқушылар ғалым ағаларына арнап мәнерлеп өлең оқып, көпшілік алдында жақсы оқып, білім ордасының мақтанышы болуға, табиғатты аялап, алдына қойылған мақсатқа жетуге ант берді. 1-сынып оқушыларын «Мұрагер» домбырашылары мен «Айгөлек» би тобы өнерпаздары құттықтады. Сонымен қатар оқушылар Сәтбаев мүсініне гүл шоқтарын қойды.
М.В. Ломоносов атындағы XVIII турнирі
13-04-2017 12:30
М.В. Ломоносов атындағы XVIII турнирі
2017 жылы 9 сәуір күні Омбы қаласында халықаралық М.В. Ломоносов атындағы XVIII турнирі өтті. Қашықтықтан өткізілген І турына қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар Омбы қаласында өткізілген турнирге шақырылды. Олар, география пәнінен 10-сынып оқушылары Боранбай Бихан, Абилов Асет ІІІ орын, орыс тілі пәнінен 8-сынып оқушылары Жуматаева Әсел, Летаева Ляйля, 6-сынып оқушысы Бейсебаева Дана ІІ орын.
«Мәнерлеп оқу» атты қашықтықтан шығармашылық байқауының жүлдегерлері
13-04-2017 12:00
«Мәнерлеп оқу» атты қашықтықтан шығармашылық байқауының жүлдегерлері
IQ-Интеллектті дамыту орталығының ұйымдастыруымен ІІІ Республикалық оқушылар арасындағы қашықтықтан «Мәнерлеп оқу» атты шығармашылық байқау өткізілді. Байқауға 4-сынып оқушылары қатысып, дипломдармен марапатталды. Олар, Шайфуллина Анель 2 орын және Каиржанова Аида 3 орын. Құттықтаймыз!
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиаданың облыстық кезеңі
08-04-2017 09:18
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиаданың облыстық кезеңі
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 2017 жылғы 4 сәуір күні республика бойынша Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гимназияның 10 сынып оқушысы Хуатбекқызы Айша және 9 сынып оқушысы Карибаева Малика ІІ дәрежелі дипломға ие болып, республикалық кезеңіне жолдама алды. Мұғалімдері Дюсембаев А.К. және Нургалиева Д.А.
ӨНЕРІМЕН ТАМСАНТҚАН «АЙГӨЛЕК» БИШІЛЕРІ
31-03-2017 11:16
ӨНЕРІМЕН ТАМСАНТҚАН «АЙГӨЛЕК» БИШІЛЕРІ
Жыл сайын «Айгөлек» би ансамблі «Казхром» ТҰК, «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ бөлімшесі өткізетін «Айналайын» шығармашылық фестиваліне қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. 27-28 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында «Казхром» трансұлттық компаниясы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Айналайын» шығармашылық фестиваліне «Айгөлек» би ансамблі қатысып, І орынға ие болды. Жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловна.
ХІ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
31-03-2017 09:49
ХІ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
Наурыз айының 27-28 жұлдызы аралығында Астана қаласында «Ақ көгершін» қоғамдық балалар қорының ұйымдастыруымен ХІ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Байқауға гимназияның 6-сынып оқушысы Қаршыға Аружан қатысып, вокал бойынша ІІ-ші дәрежелі Дипломант атағына ие болды. Аружанды дайындаған Ақсу қаласының С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының қызметкерлері. Өнерің өрлей берсін, Аружан!
Математика пәнінен КИО нәтижелері
31-03-2017 05:56
Математика пәнінен КИО нәтижелері
2017 жылы 14 наурыз күні математика пәнінен КИО өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 9-сынып оқушысы Кабулдинова Меруерт, 8а-сынып оқушылары Куатов Алихан, Мукушев Жанболат ІІ орынға, 7ә-сынып оқушысы Омурбаева Адель ІІІ орынға ие болды. Мұғалімдері Давлятчина С.В. және Катепбай А.
1-сынып мұғалімдері арасындағы бейнесабақ көріністері Республикалық сайсысы
30-03-2017 07:13
1-сынып мұғалімдері арасындағы бейнесабақ көріністері Республикалық сайсысы
2017 жылдың 15-ақпан мен 1-наурыз аралағында қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша 1-сынып мұғалімдері арасындағы «Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар: ойнай отырып оқимыз» бейнесабақ көріністері Республикалық сайысысы өткізіліді. Осы сайысқа біздің гимназиямыздың ағылшын тілі мұғалімі Нургалиева Салтанат Еркиновна қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, оған бағалы сыйлық ноутбук табыс етілді.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
29-03-2017 07:12
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
28 наурыз күні мектебімізде «Критериалды бағалау - сапалы білім негізі» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг барысында 1-сынып жетекшісі М.А. Жақсыбекова биылғы оқу жылынан бастап енгізілген критериалды бағалау жүйесін қолдану тәжірибесімен таныстырды. Мектеп психологы Н.Т. Шаймарданова «Жетістікке жету» тақырыбы бойынша тренингтер мен өзін-өзі ынталандырудың тиімді әдістері арқылы мұғалімдерге олайлы ахуал тудыра білді.
Мұғалімдердің шығармашылығын шыңдау
29-03-2017 06:50
Мұғалімдердің шығармашылығын шыңдау
Гимназиямызда 2017 жылдың 27 наурызында мұғалімдердің шығармашылық мүмкіншіліктерін дамытуға арналған жылдық жоспарға сай, ақпараттық–коммуникациялық технологиямен жұмыс жасауда кәсіби шеберлігін шыңдауды көздейтін мектепішілік «Үздік интерактивті сабақ» байқауы өтті. Байқауда ұстаздардың ActivInspire, AutoPlay, LearningApps.org, PowerPoint бағдарламарда жасалған сабақ үлгілерін көпшілік назарына ұсынды.
Жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиадасының қорытындысы
27-03-2017 11:47
Жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиадасының қорытындысы
2017 жылғы 13-18 наурыз аралығында Павлодар қаласында оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша география пәнінен гимназиямыздың 10 сынып оқушысы Сейтахмет Еділ қола медаль және ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Еділді және оның мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевнаны құттықтай отырып, әлі де талай шыңдарды бағындыруларына тілектеспіз!