Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Қош келдің әз-Наурыз
21-03-2017 06:30
Қош келдің әз-Наурыз
Мектебімізде Наурыз мерекесіне орай дүбірлі мерекелік шара өткізілді. 5-11 сынып оқушылары Наурыздың тойлану ерекшеліктері туралы, салт-дәстүрлері туралы айтып көрсетті. Әсіресе 10 сынып оқушыларының «Ұйқы ашар, селт еткізер» дәстүрі, 7 сыныптардың қыздар мен ұлдар айтысы, 6-сыныптың ұлттық ойындары көпшілік көңілінен шықты. Ал 1-4 сынып оқушылары «шырақ жағу, үйді аластау, көк отырғызу, ақ бүркеу, көрісу» дәстүрлерін тамаша көрсетті.
Балалардың мерекелік суреттері
18-03-2017 04:22
Балалардың мерекелік суреттері
Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында оқушылар арасында түрлі шаралар өткізілуде. Солардың бірі бастауыш сынып оқушылары арасындағы «Қош келдің Наурыз» атты суреттер байқауы. Байқауға кішкентай бүлдіршіндер өз қиялдарынан туындаған ойларын әсем сурет арқылы көрсете білді. Бір суретте алтыбақан тепкен балалар болса, бірінде дастарқан басында жиналған отбасы, көже пісірген әже, таудан аққан бұлақ бейнеленген.
Әжелер мен немерелер байқауы
16-03-2017 10:16
Әжелер мен немерелер байқауы
Наурыз мерекесі қарсаңында «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» атты байқау өткізілді. Байқауға барлығы 6 әжелер мен немерелер жұбы қатысты. «Шебердің қолы ортақ» кезеңінде әжелер өздерінің қолдарынан шыққан бұйымдарды таныстыра отырып, ою ойып, немерелеріне түйме қадауды үйретті. «Дәм – думан» айдарында әжелеріміз ұлттық тағамдардың дайындалуын таныстырып, көпшілікке ұсынды.
Азаматтық қорғау күніне орай өткізілген шаралар туралы ақпарат
16-03-2017 09:34
Азаматтық қорғау күніне орай өткізілген шаралар туралы ақпарат
Азаматтық қорғау күніне орай мектепішілік бұйрық пен іс-шаралар жоспары бекітілді.Барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді: 1-4 сыныптарда «Мектеп пен ғимараттағы қауіпсіздік ережелері», 5-8 сыныптарда «Тұрмыстық жарақаттық алдын алу», 9-11 сыныптарда» Төтенше жағдайлардағы оқушылардың дұрыс әрекеті, алғашқы медициналық көмек» тақырыптарын қамтыды.
Фотосуретшілер байқауы
02-03-2017 11:38
Фотосуретшілер байқауы
Білім беру басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығы 2017 жылғы 1 мен 28 ақпан аралығында оқушылар арасында облыстық «STOPcadr» дистанционды фотоконкурсын өткізді. Осы конкурсқа гимназияның 7а сынып оқушысы Олжабай Алтынгүл және 4-сынып оқушысы Шаймерден Марғулан қатысқан болатын. Конкурстың қорытындысы бойынша Алтынгүл «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» бағыты бойынша ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Бастауыш сынып ӘБ апталығының қорытындысы
01-03-2017 11:13
Бастауыш сынып  ӘБ  апталығының қорытындысы
20-25 ақпан аралығында бастауыш сынып ӘБ апталығы өтті. Апталық барысында «Гимназия және балабақша арасындағы сабақтастық» тақырыбында өтті. Семинарға қаламыздың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері қатысты. Апта бойы оқушылардың үзіліс кезіндегі уақытын қызықты өткізу мақсатында «Сырлы сурет», «Оригами», «Ойлан, тап» тапсырмалары мен мультфильмдер көрсету, флешмоб ұйымдастырылды.
«Ең үздік сынып жетекші» байқауы сынып жетекші мәртебесін көтерді
27-02-2017 07:51
«Ең үздік сынып жетекші» байқауы сынып жетекші мәртебесін көтерді
Гимназиямызда екі апта бойы «Ең үздік сынып жетекші» байқауы өтті. Байқау мақсаты сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін арттыру болатын. Байқауға қатысушы 5-10 сынып жетекшілері І кезеңінде сыныптан тыс іс-шара өткізсе, ІІ кезеңде сыныптағы тәрбие жұмысының ең басты бағыттарын насихаттайтын «Менің сыныбым» атты жарнамалық буклет пен сыныптан тыс өткізілген шаралардың әзірлемесінен тұратын әдістемелік жинақты қорғады.
«Жас математиктердің зияткерлік жарысы»
20-02-2017 14:47
 «Жас математиктердің зияткерлік жарысы»
2017 жылғы 14-17 ақпан аралығында Павлодар қаласында облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ІV аймақтық жас математиктер турнирі өткізілді. Біздің гимназиямыздың 7-сынып оқушысы Амирова Айкен Павлодар облысының «Жалын» құрама командасының құрамында болып, екінші лигада ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Алькеева Зарукеш Букуровна. Құттықтаймыз!
Туристік белестер
20-02-2017 14:23
Туристік белестер
Ақпан айының 17-19 күндері Павлодар қаласында туристік көпсайыс бойынша облыстық чемпионат өтті. Гимназия оқушылары осы чемпионатқа қатысып, бірінші күні техникалық дистанция бойынша 8 кезеңнен өтіп, екінші күні эстафеталық дистанцияның 4 кезеңінен өтіп, екі күннің нәтижесі бойынша командалық ІІІ орынды иеленді. Команда құрамында Қайраш Ермұхан, Жұматаев Тамерлан, Мукышев Жанболат және Елемесова Таслима. Құттықтаймыз!
«Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі
10-02-2017 10:51
«Жарқын болашақ»  олимпиадасының облыстық кезеңі
9 ақпан күні Павлодар қаласы қазақ-түрік қыздар лицейінде «Жарқын болашақ» IX республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 7-сынып оқушысы Дарганбеков Жомарт («Жас ғалым» бағыты) І орынға және 10-сынып оқушысы Хуатбекқызы Айша («Тілші-әдебиетшілер» бағыты) ІІІ орынды иеленді. Жомарт пен Айшаны және ұстаздары Ақмарал Еркінқызын, Аскербек Құлтайұлын құттықтаймыз!
Спортшыларымыз өз жеңісін Универсиадаға арнайды!
06-02-2017 09:49
Спортшыларымыз өз жеңісін Универсиадаға арнайды!
Ақпан айының 3-5 аралығында Павлодар қаласында XVI облыстық қысқы оқушылар спартакиадасына гимназияның командасы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Гимназия оқушылары Қайрош Ермұхан, Жұматаев Тамерлан, Мұқышев Жансаят, Такаранова Алуа спорттық бағдарлаудан жеке есепте де әрқайсысы ІІ жүлделі орындарды иеленді. Жаттықтырушысы Мухитова Айсұлу Бөкенбайқызы. Оқушыларымызды құттықтаймыз!
Гимназиямызда МИФ апталығы өтті
06-02-2017 08:27
Гимназиямызда МИФ апталығы өтті
2017 жылдың 30 қаңтардан 4 ақпанға дейін гимназиямызда МИФ апталығы өтті. Апта бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене қатысты. 8-11 сыныптар арлығында метепішілік Жаутіков олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер марапатталды. 8 А сыныбынан Куатов А. – 1 орын, Қазбеков М. – 3 орын , 8Ә сыныбынан Қайыр К. – 3 орын; 9 сыныптан Кабулдинова М. – 2 орын алды.