Жеңіс күнін жақындатқан Ақсулықтар
ҰОС ардагері Файзуллин Зияйдин Ескендирович
Файзуллин Зияйдин Ескендирович 1924 жылы 21 мамырда Павлодар облысы Каганович ауданы (қазіргі Ақсу ауданы) Құркөл ауылында дүниеге келген, Ұлы Отан соғысы ардагері. 1942 жылы Туркмен ССР Байра-Алинск әскери-пулёмет училищесіне түседі. Соғысты 1944 жылы 2 Украина майданында 39 Армияның 203- дивизиясы, 610 атқыштар полкінде взвод командирі қызметінде бастаған еді. Соғысты Чехословакия жерінде аяқтайды. 1945 жылғы 9 мамырда Жеңіс күнін Прагада қарсы алады ...
ҰОС ардагері Абдрахманов Смаилхан
Абдрахманов Смаилхан - Ұлы Отан соғысы ардагері, 1922 жылы 7 қаңтарда Май ауданы Кеңтүбек ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Май аудандық военкоматпен әскер қатарына шақырылады. Ұлы Отан соғысы кезінде 3 Украина майданында соғысқан. Мәскеу, Сталинградты қорғауға ерлікпен қатысқан, Киев, Будапешт, Чехословакия, Венгрия, Польшаны жаудан азат еткен. Ал Чехословакияда жаумен шайқас кезінде аяғынан қатты жарақат алып, әскери госпитальда емделген еді. Өмірінің соңғы жылдары Ақсу қаласында тұрды
Ұлы Отан Соғысының батыры Қанаш Қамзаұлы Қамзин
Қанаш Қамзин - 429-шы ату полкінің рота командирі (52-ші ату дивизиясы, 57-әскер, 3-ші Украина майданы), лейтенант. Ол 1919 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 1931-1934 жылдар аралығында Павлодар қаласының қазақ-комунна мектебінде оқыған. Оқуын Алматы қаласында одан әрі жалғастырды. 1938 жылы жұмысшылар факультетін аяқтап, 1941 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітірді. 1941 жылың шілдесінде ...
«Ұрпақтары ұмытпайды ешқашан». ҰОС ардагері Макшаров Курмангали Буранбаевич
Курмангали Макшаров 1924 жылы 15 сәуір Баянауыл ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Әке-шешесі мал шаруашылығымен айналысқан момын адамдар еді. 1931 жылы бүкіл қазақ халқы аштыққа ұшырағанда әке-шешесінен,туыстарынан айырылып қалады. Ол кезде Құрманғали аға 7 жаста болатын. Баянауылдағы балалар үйіне тап болады. Осы балалар үйінде тәрбиеленіп жүріп, 10 сыныпты да аяқтайды. Ұлы Отан соғысы басталған жылы Ақсу (бұрынғы Каганович) ауданындағы Ильич жолы ауылында тұратын әкесінің туған апайын ..
ҰОС ардагері Саламбеков Хамит Саламбекұлы
Саламбеков Хамит Саламбекұлы 1922 жылы 15 желтоқсанда Павлодар қаласында дүниеге келген еді. М.Горький атындағы орта мектепті 1941 жылы аяқтағаннан кейін Қиыр Шығысқа әскери қызметке шақыртылады.Сол жақта В.Котельников атындағы шекара бекетінде командир, политрук орынбасары міндетін атқанған еді.
1943 жылы Тула түбінде шекара әскері құрама снайперлер взводында шайқасты. 5-8 тамыз аралығында жапон шекара пикетін талқандауға қатысып, 13 тамыз бен 26 қыркүйек аралығында 58 шекара отрядының ..
ҰОС ардагері Джамалбаев Сағат Жаналақұлы
Адамзат өмірінде өшпес із қалдырған, жүрегінде басылмас сыз қалдырған Ұлы Отан соғысының бүгінгі бейбіт өмір сүріп жатқан әрбір отбасына қатысы бар деуге болады. Өйткені әрбір жанұяның арғы атасы, атасы не әкесі осы соғысқа қатысқан. Шырт ұйқыда жатқан бейбіт халықтың тыныштығын зеңбірек гүрсілімен, ашулы ұшақ ызыңымен, танкілердің дүрсілімен бұзып, адамзатқа қайғы әкелген бұл соғысқа менің атам, Джамалбаев Сағат Жаналақұлы Отан қорғауға аттанып кетеді.
«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Ақсу өңірінің тумасы, ҰОС ардагері Ілияс Оспанұлы
«Отан үшін күрес- ерге тиген үлес» жалғанның жартысындай жасыл жазира даласын ғасырлар бойында шекарасына қамал қорғандар салмай-ақ жалаңтөс батырлары жанпидалықпен қорғай білген. Қазақтың тарихи көшін әрқилы кезеңде бастаған көреген көсемдерінің, айбатты батырларының ел қорғаудағы аңызға айналған ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге-үлгі. Отансүйгіштік және «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» тенденцияларының түп тамыры этникалық тектіліктің көрсеткіші.