Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Ұлы Жеңіске 68 жыл!
08-05-2013 11:52
Ұлы Жеңіске  68 жыл!
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Сіздерді Ұлы Жеңістің 68 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!
«Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс»
08-05-2013 11:42
«Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс»
9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында гимназияның 1-4 сынып оқушылары арасында «Отанға қызмет - құрметті іс» атты суреттер байқауы өтіп, оқушылардың суреттерінен мектеп фойесінде көрме ашылды. 10-сынып оқушыларынан құралған «ЖасҰлан» тобы облыстық «Ту ұстаушылар» байқауына қатысып, сертификатпен марапатталды. 7-мамыр күні ҚР Қарулы Күштері күніне және Жеңіс күніне арналған «Жеңіс біздің жүрегімізде» атты салтанатты шара өткізілді.
Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
06-05-2013 10:57
Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Құрметті гимназияның ер азаматтары! Сіздерді Отан қорғаушылар күні - жалпы халықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілейміз. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін! Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін!
Жас Ұлан ұйымының қатарына қабылдау рәсімі
04-05-2013 08:39
Жас Ұлан ұйымының қатарына қабылдау рәсімі
2 мамырда ынтымақ пен бірлік күні аясында Жас Ұлан ұйымының қатарына қабылдау салтанаты болып өтті. Жас ұлан республикалық ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау рәсімін өткізу ұстаздарға, ал Жас қыран қатарына жоғары сынып оқушыларының жасұландықтарына берілді.
І облыстық кешендік олимпиадасы
29-04-2013 11:57
І облыстық кешендік олимпиадасы
24 сәуір күні 5-6 сынып оқушылары арасында І облыстық кешендік олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Оқушылар жаратылыстану ғылымы мен математикалық бағыт бойынша жаңа форматты тапсырмаларды орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының 6-сынып оқушысы Манарбек Магрифе ІІ орын иеленді.
«Жасыл энергетика» қалалық инновациялық жобалар сайысы. ЕХРО-2017.
24-04-2013 11:51
«Жасыл энергетика» қалалық  инновациялық жобалар сайысы. ЕХРО-2017.
2013 жылы 24 сәуірде Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжінде «ЕХРО-2017» Республикалық байқау аясында «Жасыл энергетика» атты қалалық инновациялық жобалар сайысы өткізілді. Сайыста жүлделі І орынға 8-сынып оқушылары Қабылбекова Айым және Ермеков Әділет, ІІІ орынға 9-сынып оқушысы Хайргельдин Асқар ие болып, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Ұміт Қабиденқызы Мұханова
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мұрасы
24-04-2013 11:22
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы  мұрасы
2013 жылдың 23-сәуір күні Павлодар қаласында «Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты 8-10-сынып оқушылар арасындағы V облыстық интеллектуалдық сайыстың «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» бағытында 8-сынып оқушысы Әйгерім Есімханова Мәшһүр Жүсіптің философиясына байланысты ғылыми зерттеу жобасын қорғап ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еңлік Ғазизқызы.
Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығына орай
24-04-2013 10:56
Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығына орай
Заманында қазақ даласына атағы кең жайылған өр рухты ақын, балуан, батыр Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығына орай 23-сәуір күні Ақсу қаласының С.Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайында «Тәуелсіздік жолындағы күрескер» атты ғылыми жобалар сайысында 10-сынып оқушысы Әлемгүл Сәтпекова жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дария Амантайқызы Нұрғалиева
Қарттарға қамқорлық көрсету - әркімнің парызы
24-04-2013 10:35
Қарттарға қамқорлық көрсету - әркімнің парызы
Перзентінің қамқорынсыз қалғандар – дегендей, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету секілді ата-бабадан келе жатқан салтымыз ұмыт болып бара жатқандай. Осындай адамгершіліқ құндылықтарды бала бойына сіңіріп, оларды ақ шашты қарияны қадір тұту жолында тәрбиелеу мақсатында «Көктемнің мейірімділік апталығы» аясында гимназия оқушылары Ақсу қаласының қарттар үйіне концерттік бағдарламасын қойып, ағаш көшеттерін отырғызды.
"Көктем шуағы" қайрымдылық апталығы. Мейірімділікке бастар жол.
23-04-2013 11:43
«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған» - дегендей дүниеге шыр етіп келіп, Отан ана топырағын басып жүріп, ананың аялы алақанының жылуына бөленбей, бақытты балалық шақ не екенін сезіне алмай жүрген балалардың саны елімізде әлі баршылық. 19 сәуір күні гимназияның бір топ оқушылары қаламыздағы балаларға арналған панажайға барып, осы мекеменің тәрбиеленушілерімен қызықты да тартымды кездесу өткізді.
Жарайсың, Асия!
23-04-2013 11:20
Жарайсың, Асия!
2013 жылғы 19 сәуір күні Инновациялық Еуразиялық университетінде 10-11 сынып оқушыларының арасында VІ облыстық көптілдік олимпиадасы өтті. Гимназияның 11-сынып оқушысы Амангельды Асия үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білімін көрсете біліп, шетел жоғары оқу орындарында еш қиындықсыз оқуларын жалғастыра алатындай бәсекеге қабілетті оқушылар арасында аталып, «Көрерменнің ілтипаты» номинациясына ие болды.
12 жылдық білім беру
23-04-2013 08:28
12 жылдық білім беру
12 сәуір күні Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясында өткен ғылыми кеңеске география пәні мұғалімі, магистр, «Білім беру ұйымдарының үздік педагогы» Алтынбек Аманжолұлы Жакупов қатысып келді. 17 сәуір күні «Елімнің тағдыры-менің тағдырым» атты ІІ Республикалық форумда «Ақсу қаласының әлеуметтік саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Ақсу қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.