Гимназияда мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді
2014 жылы 24 қараша күні гимназияда негізгі пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадалық алау жағу құрметіне оқу үздігі Республикалық пән олимпиадасының екі дүркін жүлдегері 11-сынып оқушысы Қаиржанова Адия және Республикақылық ғылыми жобалар сайысының ІІІ орын иегері 10-сынып оқушысы Турапекова Айым ие болды. Олимпиадаға 8-11 сыныптар аралығында 95 оқушы қатысты.
Жүлдегерлерді спорттағы жетістіктерімен құттықтаймыз!
22-23 қараша күндері Павлодар қаласында "Джиу-Джитсу бойынша ИРИГУМИ-ГО" ашық республикалық турнирі өтті. Осы турнирде 5а сынып оқушылары Рысымбетова Даяна – І орын (35 кг салмақ дәрежесінде) және ІІ орын (50 кг салмақ дәрежесінде); Даулетбеков Даурен – ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Шет тілдер апталығының қорытындысы
2014 жылдың 17-22 қараша аралығында гимназияда шет тілдер бірлестігінің апталығы өтті. Апталықта ағылшын және орыс тілдерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында мектепішілік радиодан «Қазақстан – менің мақтанышым» тақырыбы бойынша ағылшын, орыс, қытай тілдерінде хабарландырулар таратылып отырды.
«Инновациялық-педагогикалық идеялар» облыстық фестивалінің жүлдегерлері
2014 жылғы 21 қарашада АҒТО «Ертіс дарыны» ұйымдастыруымен Павлодар қаласының №29 ЖОБМ-де «Инновациялық-педагогикалық идеялар республикалық фестивалінің облыстық кезеңі» өткізілді. Фестивальдің қорытындысы бойынша гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бекбасова Бахтула Шариповна І орынға және информатика пәнінің мұғалімі Баядилова Асем Канатовна ІІІ орынға ие болды. Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған көңілді сөре
21-ші қараша күні Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе өткізілген ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Өрт сөндіру элементтері бар көңілді сөре» жарысы өткізілді. Жарыс 8-10 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары мадақтамамен және спорттық құрал - жабдықтармен марапатталды.
«Мектептің үздік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсының жүлдегерлері
2014 жылғы 14 қарашада АҒТО «Ертіс дарыны» Павлодар қаласының № 5 жалпы орта білім беру мектебінің негізінде алғаш рет «Мектеп оқушылырының ғылыми қоғамы» облыстық конкурсын өткізді. Конкурс қорытындысы бойынша гимназияның «Ізденіс» ғылыми қоғамы ІІІ орынға ие болды. «Ізденіс» ғылыми қоғамының мүшелерін және жетекшісі Сыздыков Азамат Жанайдарұлын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
ЖҚТБ-ға қарсы НАУҚАН!
Бүкіләлемдік ЖҚТБ-ға қарсы науқанына арналған айлық аясында 15 қараша күні «АҚТҚ жұқтырудың жаңа жағдайын, Кемсітушілікті, Өлімді болдырмайық!» атты ұранмен акция және танымдық сайыстар өткізілді. Шараға 8-10 сыныптан 52 оқушы қатысты. Акция оқушылардың «Біз нашақорлықсыз өмірді таңдаймыз» тақырыбында газеттер қорғаумен басталып, бірнеше бағыттарға бөлінген орталықтарда жалғасын тапты.
Ағылшын тілі пәнінен КИО нәтижелері
2014 жылдың 30.10 күні ағылшын тілі пәнінен КИО өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 8-сынып оқушылары Боранбай Бихан – ІІ орынға, Назымбеков Нұрхат – ІІІ орынға ие болды. Мұгалімі Ризагуль Сериковна. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Денің сау болған керемет» атты денсаулық күні
4-11 қараша күзгі каникулда оқушыларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында 6 қарашада «Денің сау болған керемет» атты денсаулық күні өтті. Осы күнге арнайы жоспар құрылып, 1-11 сыныптың оқушыларын көбірек қамтуға тырыстық. Денсаулық күні сап түзеуден басталды. Сыныптар арасында әр түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
«Зерде» жобалар сайысының облыстық кезеңінің жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2013 жылғы 8 қарашада Павлодар қаласының № 25 мектебінде 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық зерттеу жұмыстары мен «Зерде» жобалар сайысының облыстық кезеңі өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша гимназиядан 6 оқушы жүлделі орынға ие болды: 1 оқушы - І орынға, 5 оқушы - ІІ орынға, 1 оқушы - номинацияға ие болды. Оқушыларды және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!
2014 жылғы 7 қараша күні Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы № 16 лицей-мектебінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының ІІ кезеңін өткізді. Осы конкурста гимназияның информатика пәнінің мұғалімі Абылгазина Э.Т. ІІ және 11-сынып оқушысы Имангалиев Рустам І дәрежелі дипломмен марапатталды. Рустамды және оның жетекшісі Абылгазина Э.Т. жеңістерімен құттықтаймыз!
«Менің елімнің көшбасшысы» тақырыбында сырттай байқау
Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың арасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК Тұңғыш президент күніне арналған «Менің елімнің көшбасшысы» тақырыбында сырттай байқау өткізеді. Байқау 2014 жылғы 27 қазан - 24 қараша аралығында балаларға арналған www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтта сырттай өткізіледі.